Cтатистика - тарихи дерек
Кілтті сөздер
Санақ, демограмия, дерек, миграция, урбанизация,
Талқыланатын сұрақтар
1.Санақ деректерінің ерекшеліктері, оларды талдаудың негізгі жолдары.
2.Өнеркәсіп санағы.
3.Жұмысшы мен зиялылар санағы.
4.Ауыл шаруашылығының санағы.
5.Демографиялық жалпы санақ.
Мақсаты: Санақ деректерінің түрлері мен оларды талдаудың негізгі жолдарына тоқталу
1.Санақ деректерінің ерекшеліктері, оларды талдаудың негізгі жолдары.
Деректердің ерекше түрі ретінде санақ материалдары капитализм дәуірінде қалыптасты. Осы дәуірден санақ мәселесінің сапалы өзгеріс кезеңі басталып, тарихи шындықтың негізгі құбылыстарын экономикалық-географикалық және санақ материаддарын жалпылама сипаттау тұрғысынан баяндаудан сандардың негізінен түсіндіруге ауысты.
Санақ материалдары негізгі екі топтан тұрады. Оның біріншісі — үкімет қажеті үшін, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың міндетті қызметін жүзеге асыру үшін жиналған мәліметтерден тұрады. Екінші тобын санақтық талдау үшін арнайы жиналған мәліметтер құрады. Олар, ең алдымен, бірақ рет жүргізілген тексерулер — санақ материалдарын, сонан соң күнбекүнгі санақ мәліметтерін қамтиды. Бұл материалдардың жиналуы мен өнделуі есеп-санақ ғылымының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады.
Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап халық шаруашылығын жоспарлау мемлекеттік басқару ісінің ажырамас бөлігі ретінде мемлекеттік санақ жүйесі болып құрылды. Өндіріс пен бүкіл шаруашылық салалары жұмысын басқару тек қана бақылау мен есеп жүргізудің негізінде мүмкін болады деген желеумен, ол социалистік принцип деп аталды.
Сөйтіп, бұрынғы санақ жұмыстарынан түпкілікті айырмашылығы бар кеңестік санақ жұмыстарының негізі салынды. Оның мәні бүкіл санақтық жұмыстарды орталықтандыру мен санақ қызметінің бірегей мемлекеттік жүйесін құру, жоспарлау органдарынын арасында тұрақты байланыс орнату болды. Сөйтіп, санақ материалдары арқылы құнды тарихи дерек ретінде қоғамның түрлі даму кезеңдерінің әлеуметтік құрылымына талдау жасау жөне өкіметтің саясатын қорытындылауда ғьлыми мәні зор қажетті мәліметтер алу мақсаты көзделді.
Кеңес заманында ел ішінде санақ жүргізу жұмысы экономиканың көптеген салалары мен негізгі қоғамдық процестерді (халық саны, өнеркөсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, байланыс, сауда, қаржы, мәдениет салалары, денсаулық, еңбек пен еңбекақы т.б.) қамтыды,
Бүл тізімнен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының санағын және демографиялық санақты бөліп алып қарасақ, олардың материалдары кеңес дәуірінің санақтық деректерін талдаудың жалпы тәсілімен танысуға мүмкіндік береді.
Санақтық деректі қысқаша талдаудың мақсаты оның дүрыстық дәрежесін анықтау болады. Санақ мәліметтерінің дұрыстығы бірнеше себептерге: зерттеудің мақсаты мен маңыздылығына, оның түрі мен құрылымына, санақ ғылымының методологиялық деңгейіне, бастапқы материалдардың дайындалу әдістеріне — байланысты.
Санақтық деректі сыни тұрғыдан талдау санақ жұмысының ұйымдастырылуын тексеріп танысудан басталады. Ол объектінің бір типке жататындығын анықтау үшін, территория мен объектіні есепке алу жөне оларды іріктеу тәсілдерін анықтау үшін, алынған мәліметтерді жинау мен тексерудің өндістерін білу үшін керек.
Зерттеулердің ұйымдастырыуы туралы ақпарат архивтік құжаттар мен материалдарға санақтық басылымдарда жарияланды. ("Вестник статистики", "Бюллетень ЦСУ", "Статистическое обозрение" жене т.б.). 20-шы жылдары Орталық санақ басқармасы (ЦСУ) басып шығарған санақтық жинақтардың алғы сөзінде, түсіндірме кестелеріңде зерттеудің әдістемесі мен материалдарын дайындау әдістері сөз етілген.
Санақ мәліметтерін дайындау мен баспадан шығаруда көптеген жағдайларда санақ бланкілерінде берілген маңызды қорытындылар толық көрсетілмеуі мүмкін. Сондықтан алғашқы көрсеткіштерді белгілеу тәртібін және дайындалған кестелердің маңызын айқындау керек. Мұндай жағдай тарихшыға қандай мәліметтердің жинаққа енбей қалғанын анықтау үшін қажет.
Санақ материалдарының дұрыстығына көз жеткізу үшін бұрынғы көрсеткіштерге түзетулер енгізілген соңғы зерттеулер мен басылымдарды ескерген жөн. Санақ материалдарына сыни тұрғыдан қарамаушылық көптеген қателіктерге әкеліп соғатынын да естен шығаруға болмайды.
Санақ материалдарын талдаудың бұлжымас талаптарына сай пайдаланылатын мәліметтерге тұтастық тұрғысынан қарау қажет. Зерттеушілер кейде материалды зерттеу мен оны қорытуда жекелеген көрсеткіштермен ғана шектеледі. Қоғамдық көріністерді жан-жақты зерттеу үшін ол жеткіліксіз болады. Сондықтан қолда бар мәліметтер мен түрлі санақтық деректерді салыстыра отырып, олардан алынған материалдарды қорыту керек. Сонымен қатар материалды дайындауда түрлі әдістерге сәйкес санақтық байқауларды да пайдаланған теріс болмайды. Мұндай тәртіпті сақтамаушылық кешірілмес қателіктер жасауға апарып соғуы мүмкін. Мысалы, шаруалар тұрмысының жекеленген бір көрсеткішіне қана жасалған талдау олардың әлеуметтік дифферендиацияға ұшырау дәрежесін бұрмалап керсетуі мүмкін. Шаруалардың ыдырауын дұрыс ұсынып, оның себептеріне көз жеткізу үшін, аренданың, жердің сатылуының да, машинаның, еңбекақының, жер саудасы өсуінің, жалдамалы еңбектің — барлығынын да мәліметтерін толық алу керек.
Санақ мәліметтерін талдауда көптеген жағдайда салыстыру әдісі пайдаланылады. Соның негізінде құбылыстардың даму бағыты ашылып, оның қарқыны анықталады, зерттелетін құбылыстың әртүрлі буындарын сипаттайтьш пропорциялардың қалыптасуы нақтыланады. Сонымен қатар мұндайда тек салыстыруға келетін деректерді ғана салыстыру керек екенін ойдан шығаруға болмайды.
Кейде санақ мәліметтеріне талдау жасауда территориялық өзгерістердің де еленбей қалатын кездері болады.
Санақ мәліметтерін салыстырмалы талдаудың міндетті шарты-санақтық зерттеудің методологиясын анықтау болады. Санақтық жария материаддарда, кейде есептеудің жаңа өдістемесін енгізуге байланысты, өткен деуірдің кейбір мәліметтері олардың өлшемін анықтау нәтижесіңце немесе басқа ұқсас керсеткіштермен салыстыруда өзгеріп отырады.
Статистика көпшілік процестердің сандық заңдылықтарын көрсету мен зерттеуге ар-налғандықтан, ол санақ материалдары анық көрсетілген көпшілік деректердің қатарына жатады. Кеңестік санақ ғылымы мен оның практикасында математикалық санақпен қоса, санақ мәліметтерін талдаудың түрлі тәсілдері қалыптасты. Олар тарихи зерттеулерден біртіндеп орын алып келеді. Архив қорларының санақ материалдарын игеруде санақтың математикалық әдісінің үлкен болашағы бар. Осы әдіс арқылы тарихшылар деректік мәліметтерді топтастыру мен жіктеуден жөне санақ көрсеткіштерінің өзара қатынастарын талдаудан бастап, күрделі математикалык модельдер (үлгілер) құруға дейінгі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алады,
Алайда, мұндай математикалық санақ әдісі — тарихи зерттеу жұмыстарында негізгі тәсіл емес, ол қосалқы ғана роль атқарады. Негізгі мақсат зерттелетін қоғамдық оқиғалар мен құбылыстардың сапалы, мағыналы талдануында. Математикалық санақ әдістерін қолдану тарихи зерттеулердің сандық өлшемдеріне дәлдік бере отырып, талдау мүмкіңдіктерін көтере түседі.
Санақ материалдарының әрбір түрі жалпы принціптерден басқа сын тұрғысынан да талданып бағаланудың арнайы әдістерін талап етеді. Олар туралы сол санақ материалдарын сипаттағанда сөз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |