Бақылау сұрақтары
1.Санақ деректерінің маңыздылығы?
2.Өнеркәсіп санағы дегеніміз не ?
3.Ауыл шаруашылығы санағы не үшін жүргізіледі?
4.Демографиялық санақтың қандай түрлерін білесің?
Әдебиет
Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.
Мерзімді басылым – тарихи дерек
Кілтті сөздер
Газет, журнал, мақала, репортаж, памплет, сұхбат, очерк, фельетон
Талқыланатын сұрақтар
1.Қазақ баспасөзінің тарихи сипаты.
2.Баспасөз материялдарының деректік мәні, оларды деректанулық талдаудың принціптері.
Мақсаты: Қазақ баспасөзінің тарихи сипатына тоқталып, деректік мәні мен принціптерін қарастыру.
1.Қазақ баспасөзінің тарихи сипаты.
Қазақстанда мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 13 баспасөз басылымдары шықты. Олардың ұзақ уақыт шығып тұрғандары "Түркістан уалаяты" (1870-1882 ), "Дала уалаяты" (1888-1902 ) газеттері мен "Айқап" (1911-1915) журналы болды. Қазақ баспасөзінің тарихы осы екі газеттің шығуынан басталады.
"Түркістан уалаяты" газеті әуел баста "Туркестанские ведомости" газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастады. Алғашқыда ол айына төрт рет, оның екі нөмірі өзбек тілінде және екі нөмірі қазақ тілінде шықса, кейін келе орыс тіліндегі газеттен бөлініп шығып, қазақ жөне өзбек тілдерінде шығарылды. "Түркістан уалаяты" газеті бетінде қазақ елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлүматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл жөне Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол кездегі тіршілігі, тұрмыс салты кеңірек орын алды (ол кезде бүл облыс-тар Түркістан өлкесінің қүрамыңца болған).
Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсу, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің жағдайларын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылған.
Бірақ газеттің бейресми бөлімінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталуына байланысты бұл өлкедегі қазақтың шаруашылығындағы өзгерістер туралы мағлұматтар, қазақтың тарихы мен әдебиетінің материалдары көбірек орын алған. "Түркістан уалаяты" тек Түркістан өлкесіне қарайтын аймаққа ғана емес, ол Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, Омбы, Қарқаралы, Семей уездеріне де таралып тұрған "Дала уалаяты" газеті"Акмолинские областные ведомости" газетіне қосымша ретінде 1888 жылдан
1894 жылдың қаңтарына дейін, онан соң дербес газет болып 1902 жылдың 12-сәуіріне дейін қазақ, орыс тілдерінде Омбы қаласында шығып тұрған. Ол Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын билеген Далагенерал губернаторының органы болды. Газеттің ресми бөлімінде патша өкіметінің және жергілікті ұлықтардың бұйрық-жарлықтары басылды, патшаға табыну уағыздалды. Ал бейресми әлімінде қазақтың әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірінің мәселелері көтерілді. Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқын өнер-білімге, отырықшылыққа шақырған демократиялық идеяларын насихаттады. Сонымен қатар газетте қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, орыстың белгілі ақын-жазушыларының кейбір шығармалары, қазақтың әдет-ғұрпын, тұрмысын, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдарының мақалалары жарияланып тұрды. Қазақ әдебиеті мен тілінің мәселелері сөз етілді.
Қазақ халқьшың әлеуметтік-саяси және мәдени емірінде XX ғасырдың бас кезінде болған елеулі уақиғалардың бірі - "Айқап" журналының баспадан шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси жене әдеби журналы болды. "Айқап" өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың ағартушылық идеялары негізіндее дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырып, ілгері дамытқан журнал болы. Оның редакторы демократ-жазушы Мұхаметжан Сералин (1872-1929) болды. Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Орынбор губерниясының Троицк қаласыңца ай сайын шығып тұрды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде шығып түрған осы мерзімді баспасөз басылымдары түрлі себептермен жабылып қалды.
1917-1920 жылдары шығарылған газеттердің саны 20-дан асты. 1989 жылы Қазақстан бойынша баспадан 450 түрлі газет пен 94 журнал және журнал типіндегі басылымдар шығып тұрды Бұлардың көптеген материалдары құнды тарихи деректер болып саналады.
Мерзімдік басылымдардың негізі — газеттер мен журналдар.
Газет - негізінен күнделікті оқиғалар туралы ха-барлар үйымдастыру мен түрлі ақпараттық материалдар басып шығару мақсатындағы мерзімдік басылым. Ол күн сайын немесе әр аптаның белгілі күндері ғана шығып түрады.
Журнал - түрлі саяси, ғылыми материалдардан кітап түрінде ай сайын (немесе екі айда бір, әлде үш айда бір) шығып түратын мерзімдік басылым.
Мерзімдік басылым органдарының көпшілік қабылдап қолдаған топтастырылуы кездеспейді. Әдетте оларды бір-бірінен төменгіше ажыратады:
-басылып шығу мерзімі бойынша (күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын);
-территориялық белгісі бойынша (астаналық баспасоз, орталық, аймақтық, жергілікті, баспасөз);
-тілі бойынша (қазақ немесе орыс газеттері мен журнаддары, шетелдік газеттер мен журнаддар);
-басып шығарушылары бойынша (ресми бас-пасөз—мемлекеттік, салалық, жеке меншік баспасөз, қоғамдық уйымдардың баспасөзі);
-басылымның мағынасы мен типтері бойынша (әдеби-қоғамдық журнал, газеттер; ресми-ведомстволық, ғылыми және арнайы; салалық; сатиралық, иллюстративтік;.
Мағынасынша немесе мақсатына қарай топтастырылған баспасөз басылымдарының саны өте көп. Олардың топтастырылуы көп жағдайда белгілі практикалық мақсаттарға байланысты болады. Бірақ ол тұтас және бірыңғай ғылыми жүйеге келтіру бола алмайды, тіпті топтастырудың өзі де емес. Мысалы, жоғарыда көрсетілген мерзімдік баспа органдары түрлерінің кейбіреулерін аталған басылымдардың басқаларына да жатқызуға болады. Ғылыми және арнайы басылымдар иллюстративтік басылым да болып келеді. Сол сияқты көптеген салалық басылымдардың органдары да тым тар шеңбердегі арнайы басылым бола алады.
Мағынасы жан-жақты мерзімдік баспасөз басылымдарының көпшілігі олардың бірыңғай нормативтік жүйесін жасау мүмкіндігін бермейді.
Сондықтан баспасөз органына, оның жеке материалдарына көңіл аударуда ең алдымен басылған материалдардың жалпы белгілерін анықтап, соның негізінде оны басылымның бір түріне жатқызып көру керек.
Деректанулық ерекшеліктеріне сәйкес баспасөз басылымдарын зерттеудің негізігі екі жолы бар: біріншісі — баспасөз органын бірыңғай дерек көзі ретінде жан-жақты зерттеу; екіншісі — баспасөз органынан (оргаңцарынан) тақырып бойынша дерек текстерді (олар осы орган туралы тақырыпта болмаса да) тауып алу және зерттеу. Бұл екі жолды бірінен-бірін ажыратуға жене біріне-бірін қарсы қоюға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Деректанушы тарихшы баспасөз басылымын қараудың бірінші жолында осы органның барлық жеке деректерінің топтарын анықтауға тиісті. Екінші кезекте зерттеуші жеке дерек тексті зерттеп, оны пайдалануда сол баспасөз басылымын (оның сипатын, әрбір жеке дерек тексті қамтыған мақалалардың басылуының себептері мен уақытын) тұтасымен назарынан тыс қалдырмауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |