Отчет по педагогической практике студентки группы рялш-42 образовательной программы



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата04.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#178227
түріОтчет
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Зарипова Ж.Г.рялш-42 отчет

Сабақтың түрі:
дәстүрлі емес, концерттік бағдарлама бойынша құрылған. 
Сабақта әдіс-тәсілдері:
баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу. 
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың тақырыбы безендірілген плакатқа жазылып, тақтаға 
ілінеді; үнтаспа; 8 наурыз мерекесіне арналып жасалған қабырға газеті; Оқушылардың 
шығармашылық жұмысынан көрме ұйымдастыру; түрлі-түсті шарлар; 
Сабақтың барысы:
1-жүргізші: 
Қымбатты ұстаздар, қонақтар, аналар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша, 
шуақты мейрамдардың бірі – 8 наурызды, Халықаралық әйелдер күнін тойлап, атап өтуге 
жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар! 
2-жүргізуші:
Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – ана. Бала дүниеге келген күннен 
бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере 
білген аналар үшін елемізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі. 
8 наурыз... адамдар да, тіпті, табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша аналарымызды 
даңққа бөлеп тұрғандай!Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген қалаларының 
көшелерінде, кең байтақ даламызда әлі де қар жатады.Бірақ көңілімізді көктемнің 
алғашқы мерекесі жылындырады. 
1-жүргізуші:
8 наурыз – халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекенің жылдың басқа 
мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді әйел-аналар да адамзатқа 
өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе? 
2-жүргізуші:
Неге дәл осы күн 8 наурыз - әйелдердің халықаралық мерекесі болып 
белгіленді? 
1908 жылдың 8 наурызында өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың 
еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты. Осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы 
Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халықаралық конференциясы 8 наурыз - Әйелдер күні 
деп белгіледі. 
1-жүргізуші:
Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Ананың 
балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ тілегі. 
2-жүргізуші:
Тіршілікке нәр берген – ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі, 
адамдың қасиет, ақ тілек, мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатады. Ана 
махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, рухтандырады. 
1-жүргізуші:
Қош, келіпсіздер қонақтар, ақ жаулықты аналар! Бүгін балаларыңыз сіздерге 
арнап өз өнерлерін көрсетпек. 
1 оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, 
Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттын. 
Өміріме нәрін берді ақ сүтің, 
Кең құшағың аясындай, гүл бақтың. 
2 оқушы: Аналарды сүйеміз, 
Сөзін ойға түйеміз. 
Әжені де ардақтап, 
Әдеппен бас иеміз. 


3 оқушы: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін, 
Махаббатың жүрегімде жүр менің. 
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің, 
Қандай жақсы ортамызда жүргенің. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет