Күні:24.02.2023 Тақырыбы: «Алғыс – жүректің естелігі» Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,
сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу.
Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат
жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Түрі: Тренинг Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Қажетті құралдар: жүрекше, карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам.
Тренинг жоспары: 1. Сәлемдесу. 2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 3. «Өз ойыңды білдір» 4. «Жаныңда жүр жақсы адам.......» 5. «Жалғасын тап» 6. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу. 7. Сергіту сәті. 8. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы. Ұйымдастыру: Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине,
жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды
ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар
арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы
эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар
арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін
жылытудың бірден - бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет
айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп
үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын.. Ендеше «Алғыс – жүректің естелігі» атты
тренингімізді бастаймыз. Айтпақшы, РАХМЕТ!!!
1.Сәлемдесу. Оқушылар шеңбер жасай тұрады.
Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс
амандасу түрлерін жасаймыз.
- Ал қане, шаттық шеңберін құрайық. Үстел үстіндегі қағаздарды ала қойыңыздар. Енді
екі - екіден бір - бірімізге қараймыз. Егер қағазда күлімдеу (смайлик) белгісі тұрса, бір -
біріне күлімдеп ишаратпен амандасып жылы сөздерді айтамыз, егер екі смайликтің суреті
тұрса, қолдасып амандасып жылы сөздерді айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып
амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір - бірімізге жылы қарап
амандасып, тілек айту керек.