Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Орыс әдебиеті» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Орыс әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты - шығарманың әлеуметтік-тарихи және рухани-эстетикалық аспектілерін ескере отырып, идеялық-көркемдік мазмұнды талдауға қабілетті, сыни ойлаушы, құзыретті оқырмандарды тәрбиелеу арқылы өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге дайын адамның рухани құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беру.
3. «Орыс әдебиеті» оқу пәнін оқытудың міндеттері:
1) қазақ және әлем әдебиетімен өзара байланысын ескере отырып, орыс әдебиетінің негізінде табысты әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
2) көркемдік әдебиет құралдарымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде патриотизмді, азаматтылықты, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
3) қазіргі әлемнің жаһандану жағдайында рухани мұра ретінде әдебиет құндылығын түсінуді қалыптастыру;
4) сыни талдау, салыстыру, жалпылау дағдыларын жетілдіру, ұқсастықтарды және себеп-салдарлық байланыстарды орнату білігі, құбылыстарды жіктеу, логикалық және сыни пікірлерді құру, шығарманы талдау негізінде ой қорыту және қорытынды жасау;
5) оқудың рухани және интеллектуалды қажеттілігін қалыптастыру, әр білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы мәтінді сыни оқу және интерпретациялау дағдыларын жетілдіру;
6) әртүрлі жанрдағы шығармалардың идеялық-көркемдік, әлеуметтік-тарихи және рухани-эстетикалық аспектілерін талдау, терең түсіну негізінде қарым-қатынастық дағдыларды дамыту;
7) зерттеу мәдениеті саласындағы құзыреттілікті көрсету арқылы шығарман, ауызша немесе жазбаша формадағы әдеби-сыни мақалаларды бағалау дағдыларын жетілдіру;
8) әдеби құбылыстарды мәнмәтіндік қарастыру қабілеттілігін, әдеби фактілерді салғастыру білігін жетілдіру, ұқсастықтарды жүргізу, әдеби параллельдерді құру.
Достарыңызбен бөлісу: |