Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж


 Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық



Pdf көрінісі
бет40/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

4.2. Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық  
технологиялары 
Мектептердің негізгі мақсаты  –  зерделі, дарынды балаларды 
шығармашылық  жұмыстармен  айналысуына  мүмкіндік  туғызу 
және дамыту. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы - оқытудың 
тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру. Сондықтан да 
оқытудың жаңа технологиясын зерттеу, оны өз ісіне пайдаланып, 
жоғары нәтижеге жету мұғалімнің міндеті. 
«Технология»  ұғымы  соңғы  кездері  педагогикалық  әдебиет-
тегі  ең  кең  қолданылатын  ұғымдардың  біріне  айналды. 


 
75 
Технология  ұғымының  дидактикалық  ұғымдармен  байланысы 
саналуан:  оқытудың  технологиясы,  педагогикалық  технология, 
білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым - қатынас 
технологиясы,  даму  технологиясы,  қалыптасу  технологиясы, 
модульдік  технология,  топтық  оқыту  технологиясы  т.б.  Бұл 
технологиялардың  қай  түрі  болмасын  анықтаманы  қажет  етеді. 
Сондықтан  да  әрбір  автор  «технология  дегеніміз  не?»  -  деген 
сұраққа  немесе  технологиямен  байланысты  жеке  ұғымға  өз 
анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім 
беру  жүйесінде  жүріп  жатырған  процестердің  технологиясын 
түсіндіретін жалпы аныктама жоқ. 
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және 
деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және 
дамуын  қамтамасыз  ететін  қаржы  қорлары  мен  материалдық 
объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым 
болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез - 
келген  саласында  (басқару,  білім  беру,  қаржыландыру,  монито-
ринг  т.б.) қолданылуы  мүмкін. Сондықтан,  «білім  беру техноло-
гиясы»  деген  сөз  тіркесін  бірыңғай  түсіндіру  мүмкін  емес. 
Көптеген  авторлар  бұл  жағдайды  интуиция  деңгейінде  түсінеді 
де,  бұл  ұғымды  тек  кана  оқытушы  мен  оқушы  арасындағы 
арнайы  ұйымдастырылған  процестерге  ғана  қатысты  қолданады. 
Егер  бұл  процесті  оқыту  процесі  деп  атайтын  болсақ,  онда  оған 
технологияның  осы  салаға  арналған  жиынтығы  жатады.  Біздің 
қарастыратынымыз да технологияның осы түрі. 
Технология-«техно»-өнер,  шебер,  қол  өнер,  «логия»-ғылым 
деген  мағынаны  білдіреді.  Сондықтан,  «технология»  терминінің 
қазақ  тіліне  «өнер  туралы  ғылым»  немесе  «шеберлік  туралы 
ғылым»  деп  аударуға  болады.  Бұған  пәндік  саланы  сипаттайтын 
терминді  қосамыз  да  кез-келген  нақты  технологияның  мәнін 
айқындаймыз. 
Технологияның  анықтамалары  түсіндірме  сөздікте  былай 
берілген: 
1.  Өндірістің  белгілі  бір  саласындағы  өндірістік  операция-
лардың,  әдістер  мен  үдерісінің  жиынтығы,  сондай-ақ  белгілі  бір 
істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер. 
2.  Белгілі  бір  өндірістік  процесті  іске  асырудың  әдістері, 
материалдар  мен  бұйымдарды  өңдеудің  әдіс-тәсілдері  туралы 
білімдер жиынтығы. 


 
76 
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің сана-
сында  технология  термині  өндіріспен  тығыз  байланыста 
қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет