Лактостаз–емізулі әйелдің сүт безіндегі түтікшеде сүттің тұрып қалуы.Лактостаз түтікшенің қысылып қалуымен, гиперлактациямен, емізуде қиналғанда, емізуді бірден тоқтатқанда, тар іш киім киюмен байланысты пайда болады. Бездердің ауырсынуы, олардың қызарып, нығыз болуы, емізгенде және сауғанда ауырсыну байқалады.
Симптомдары: лактостаз сүт бездерінің қатаюымен, сүт бездерін пальпациялағанда ауырсынумен, терінің қызаруымен, дене температурасының 38С дейін жоғарылауымен және сүт секрециясының төмендеуімен сипатталады. Көкіректердің ассиметриялы ұлғаюы,Сүт бездерінің нығыздалуы
Диагностика: Ең алдымен, дәрігер сүт бездерін тексереді, пальпация жүргізеді. Сондай-ақ ультрадыбыстық және маммография жасауға болады.
Емдеу және профилактика
Түтікшелерден сүтті еркін ағызуға қыздыру, массаж көмектеседі
Дем алу, тынығу, стрессті болдырмау
Көкіректі қысатын тар іш киім кимеу
Ет бетімен, арқамен жатпау керек, жанымен жатқан дүрыс
Баланы жиі емізу керек. Алдымен ауырып тұрған емшекпен емізіп, сосын екінші емшекпен емізу керек
Баланы қолайлы емізу керек
Қалған сүтті сауып тастап отыру қажет
Аяқтың облитерациялық тамыр аурулары. Амбулаторлық жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарды жүргізу.
Аяқ тамырларының облитерациялық атеросклерозы — аяқтардағы эластикалық және
бұлшықетті эластикалық типті тамырларды зақымдаумен көрінетін созылмалы ауру. Тамырлар қабырғасында дәнекер тіннің өсіп кетуі туындайды. Соның нәтижесінде қанайналым бұзылады. Облитерациялық эндартериит (тромбангиит) – аяқ артерияларының қабынуымен көрінетін, олардың көлденең кесіндісінің тарылуымен және қанайналым бұзылуымен көрінетін ауру.
АЯҚТАҒЫ ВЕНОЗДЫ ЖЕТІСПЕУШІЛІК
Аяқтағы веналар жүйесі үш негізгі құрылымнан тұрады:
Беткейлік – үлкен және кіші теріастылық веналар және олардың тармағы;
Терең (магистральді) – Аяқтағы бұлшықет қабаттарының ортасында орналасады;
Перфоранты (коммуниканты) – беткей және терең жүйені байланыстыратын қысқа веналар. Қанның кері кетуіне кедергі болатын клапандары бар.