"Қазақстан ұстазы" республикалық қашықтық олимпиадасы
1 орын
3
Қасымова З.С.
Бастауыш сынып
"Қазақстан ұстазы" республикалық қашықтық олимпиадасы
1 орын
4
Байғабылова А. К. Жантемірова А. А.
Қазақ тілі
" 21 ғасыр мұғалімі"
1 орын
5
Сачанова Ш. Т.
Өзін-өзі тану
"21 ғасыр мұғалімі"
1 орын
6
Гурина Ю. В.
Бастауыш сынып
Мұғалімдердің республикалық қашықтық олимпиадасы
2 орын
7
Гурина Ю. В.
Бастауыш сынып
"ОСО жағдайындағы педагогикалық ғылым" (КИО)
2 орын
8
Ушакова Е.А.
Бастауыш сынып
Мұғалімдердің республикалық қашықтық олимпиадасы
2 орын
9
Резник А.В.
Орыс тілі
Мұғалімдердің республикалық қашықтық олимпиадасы
1 орын
ӘК жұмыс тиімділігінің нәтижесі – мектеп оқушыларының тұрақты білім сапасы: 2015-2016 – 44,9%, 2016-2017 – 51,4%, 2017-2018 – 51,2%.
Әдістемелік қызметіндегі оң бағыттар: мұғалімдердің пән оқытуда жаңа технологияларды меңгеру, жоспарлау, оқушыларды бағалау талпынысы; әдістемелік қызмет деңгейінде мұғалімдердің кәсіби қолдаудың жаңа формаларын меңгеру (коучингтер, Lesson study) және жаңа тұрғыдан оқу- тәрбие үдерісінде Кембридж бағдарламасының 7модулін насихаттайтын тәжірибені енгізуі; мұғалімдердің шығармашылық белсенділігінің артуы (қалалық деңгейіндегі кәсіби шеберлік байқауына қатысуы).
Басымдық мәселелер:
Мектепте білім беру үдерісін ұйымдастыруда дәстүрлі түрлеріне басымдық беру
5-11 сынып оқушыларының пән олимпиадаларға, ғылыми сайыстарға қатысу нәтижелігі төмен
Шешу жолдары:
әдістемелік өзара қарым-қатынастың жаңа түрлерін енгізу: «Сабақты зерттеу», «Жұмысын зерттеу»;
әдістемелік жұмысындағы барлық субъектілер жұмысын үйлестіру: сертификатталған мұғалімдер, тренерлік курстардан өткен мұғалімдер, жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдер;
сыни бағалау туралы локальді актілерді әзірлеу.
Жаңа оқу жылында әдістемелік жұмысының басымдық міндеттері:
1.мұғалімдердің заманауи білім беру технологияларын қолдану, оқушыларды оқытуда жаңа тұрғыдан енгізу үшін жағдай жасау (оқушыларды сыни бағалау);
2.әдістемелік өзара қарым–қатынастағы барлық субъектілердің жұмысын үйлестіру;
3.дарынды балалармен жұмыс жасау жүйесін жетілдіру.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ 2017–2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының мақсаты: Ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеттер:
жаңа демократиялық қоғамда өмір сүре алатын патриоттық азаматты қалыптастыруға мүмкіндік беру; тұлғаның саясаттық, құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру; құқығын түсінетін балалар мен жастарды тәрбиелеу, олардың балалар мен жастар арасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұра білуі
қазақстан қоғамының өмірлік дәстүрлері мен нормаларына сәйкес тұлғаның рухани-адамгершілігін, оның моральді сапасын қалыптастыру
ұлттық құндылықтарға, ана тілін және қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этнос және этностық топтарына құрмет көрсетуге үйрету
4) баланың тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін, балалар тәрбиелеуде олардың жауапкершілігін арттыру
5) тұлғаның еңбек ету дағдыларын, экономикалық ойлау және өздігінен анықтайтын білікті тұлғаны қалыптастыру
6)салауатты өмір салтының дағдыларын тиімді қалыптастыру үшін кеңістік құру, психологиялық денсаулығын сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау іскерлігі
Жоғары айтылған міндеттердің шешімі мектептің тәрбие жүйесін дамытуына бағытталған. Балалар мен мұғалімдербірлесіпбағыттар бойынша шығармашылықжұмыстар жүргізді: азаматтық – патриоттық, рухани–адамгершілік сауықтыру және экологиялық тәрбие беру. Тәрбие жұмысының аталған бағыттары мектептің дәстүрлі іс-шаралары, «Жас Ұлан» б/ұ, пәндер бойынша сыныптан тыс және сабақтан тыс, қосымша білім беру ұйымдарымен қарым – қатынас жасау арқылы жүзеге асырылды.
Мектеп оқушыларын тұлға ретінде қалыптастыруда және дамытуда азаматтық – патриоттық тәрбие беру үлкен рөл атқарады. Өскелең ұрпақтардың әлеуметтік маңызды болып қалыптасуына мүмкіндік береді. Өз елін сүюге, оның тарихы мен дәстүрін құрметтеуге тәрбиелейді.2017-2018 оқу жылында пед. ұжым «Рухани жаңғыру» Президенттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру бойынша өз жұмыстарын жалғастырды. Жыл бойы аталған бағдарламаның мазмұнын түсіндіру бойынша бірнеше сынып сағаттар, ата-аналар жиналысы өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұғалімдерге арнап теориялық семинарлар және семинар-практикум ұйымдастырылды. Облыс және қаланың табысты адамдарының шағын отан алдындағыжасаған еңбектерін, жұмыс түрлерін және мамандықтарын насихаттау мақсатындаоқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Олар: фотографтар, тілшілер, корреспондент, өлкетанушы және т.б. (Чернышев В.А.., Смаилов Ж.А., Маденова Ш.Ш., Вервекин А.А, Каримова М. Р.).
«Мектебіме тағзым» жобасы аясында мектеп табысты түлектермен байланыс орнатты. Олар бастауыш мектеп кабинеттерін жөндеді (пластикалық терезе, линолеум төсеу)
Патриоттық тәрбие беруді қалыптастыру бойынша маңызды жұмыстарының бірі мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану. Дәстүр бойынша мемлекеттік мерекелерді, жаңа оқу жылын бастау және аяқтау барысында мектеп оқушылары ҚР гимнін орындайды. Жыл бойы «ҚР рәміздері» тақырыбы бойынша сынып сағаттар өткізілді. ҚР мемлекеттік рәміздері туралы меңгерген негізгі білімдерін тексеру мақсатында қараша айында5-8сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей оқушылардың 95% мемлекеттік рәміздерді атаса, 84% мемлекеттік рәміздерін қабылдау жылын көрсетті. 86% мемлекеттік елтаңбасының авторын атаса, 88% мемлекеттік гимннің авторын атады.Осыған байланысты барлық сынып жетекшілер мемлекеттік рәміздерді білу деңгейін арттыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізсін.
Жыл сайын 9 сәуірден бастап 9 мамырға дейін мектепте «Патриот» айлығы өтеді. Мектепте айлықты өткізу жоспары құрылған. Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтарға патриоттық тәрбие беру, өз елін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
АӘД пәнінің мұғалімі В.В.Вайгант «Қазіргі заманның батыры» атты ерлік сабағын жүргізді. 10 – 11 сынып оқушылары ауған- әскерімен кездесті. Сабақ барысында қазақ елінің даласы, ҰОС, ауған соғысы жайлы бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ қазіргі заман батырларының ерлігі туралы материалдар ұсынылды.
Жоғары сынып оқушылары қызығушылық танытып қонақтардың шайқасы, наградалар және «Ауған» клубында қалыптасқан дәстүрлер туралы әңгімелерін тыңдады. Оқушылардың «Жас қыран» және «Жас Ұлан» қатарына кіру, «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» сияқты ұлттық ойындар жасөспірімдердің қазақстандық патриоттылығын көрсетеді.
Жас ұрпақтардың белсенді өмірлік көзқарастарын, патриоттық сезімдерін және өз еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруына бағытталған Астананың 20 жылдығына және Павлодар облысының 80 жылдығына арнап іс-шаралар ұйымдастырылды: «Бір шаңырақ астында» сынып сағаты, Достық фестивалі, оқушылар жұмысының көрмесі, жас суретшілер мен фотографтың жеке көрмесі, шығарма байқауы, оқулар сайысы т.б.
Отбасылармен өзара қарым – қатынас, оқу – тәрбие үдерісі, ақпараттық – ағартушылық жұмысы, қосымша білім беру мекемелерімен бірлесіп іске асырылған мектептің тәрбиелік іс – шаралар жүйесі арқылы оқушыларға рухани – адамгершілік тәрбие беру үшін қажетті жағдайлар жасалды.
Бірнеше жылдар бойы мектебіміз қаланың мәдени мекемелерімен белсенді қарым-қатынас жасауда: Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драмма театры, ҚББДО, мұражайлар, кітапхана, МС. Мектептің педагогикалықұжымы оқушылардың демалысын түрлендіріп экскурсиялық, зерттеушілік жұмыстарға және еріктілер қозғалысына тартады. Рухани құндылықтарды қалыптастыруда мектептің дәстүрі үлкен рөл атқарады. ҚР Тәуелсіздік күнін, Наурыз мейрамын атап өту барысында барлық параллель сыныптарда ҚР халықтарының Достық фестивалі өткізілді.Бұл шараға мектеп оқушылары, қонақтар, мұғалімдер және ата-аналар қатысты. 1-11 сынып оқушылары Қазақстан халықтары туралы шығармашылық презентация көрсетіп, ұлттық тағамдар дайындап, ұлттық киімдер киіп көрсетті. Фестиваль қатысушылары Қазақстан аумағында тұрып жатқан түрлі ұлттардың сәлем беру сөздерін жаттап, ән айтты. Дәстүр бойынша қазан айында өткізілетін Күзгі кешті асыға күтуде. Оқушылар онда өз интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Көп жылдар бойы жоғары және орта буындарда жаңа жылдық мерекелер мәжіліс залында театрланған көрініс түрінде өтеді. Сынып жетекшілері А.В.Резник пен А.Н.Хованова даярлаған «Аладдиннің хикаялары» жаңа жылдық көрінісі жоғары көркем деңгейде өтті. «Балалар – балаларға», «Барлық балалар сүйікті, барлық балалар тең»сияқты қайырымдылық жәрмеңкелер дәстүрге айналған. Одан түскен қаражатқа үйде білім алып жатқан балалар мен мүгедек балаларға арнап оқу – құралдар және мектептің шағын ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне сыйлықтар сатып алынды.
Баланың рухани – адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін ұжымдық – шығармашылық іс-шаралар өткізілді (Отбасы күні, Алғыс айту күні т.с.с.) 2018 жылғы 1 наурыз күні бірнеше іс-шаралар өткізілді. Өткізу мақсаты: жаңа мейраммен танысу, президенттік бейбітшілік пен келісім саясатын ашу, «Алғыс айту күні» мағынасын ашу, оқушылардың жалпы мәдени және саяси дүниетанымын кеңейту.
Қазаннан бастап мектепте «Жасыл старт» акциясы бастау алды.Планета ресурстарын қоқыстардан тазарту үшін балалар макулатура жинап оны қайта өңдеуге жіберді. Қоқыстарды жеке – жеке жинау үшін 3 контейнер орнатылды. «ЭКО БОЛАШАҚ - ЭКО БУДУЩЕЕ» республикалық әлеуметтік – экологиялық жобасына қатысқан үшін мектебіміз алғыс хатқа және грамотаға ие болды (24 дана).