Оқушылардың кәсіби бағдарлау қызметі оқу –тәрбие үдерісіндегі жақсы жүргізілетін оң жұмыстарының бірі. Жыл бойы мектеп жұмысының бірлескен жоспары бойынша орта-арнаулы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатты. 2 жартыжылдықтан бастап бейсенбі күндері 9 сынып оқушылары үшін қала колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Тоқсанда бір рет колледж өкілдерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Жоспар бойынша Ашық есік күні сынып жетекшілерімен бірге мектеп оқушылары, ата-аналар оқу орындарда өткізілетін экскурсияға шақырылды. Сонымен қатар «Туған жер» жобасы аясында мектепте қала және облыстың табысты тұлғалармен, түрлі мамандық иелерімен кездесу ұйымдастырылды (биолог, фотограф, суретші, әртіс, спортшы, тілші, дәрігер, географ-өлкетанушы, бард).
Кешендік бағдарлама міндеттерін орындау мақсатында құқықтық тәрбие беру, оқушылар арасында құқықбұзушылықты алдын алу бойынша жұмыстарға көңіл бөлінді. Оқу жылының басында мұғалімдер өндірістік мәжілісінде, оқушылар сынып сағаттарында, ата-аналар жиналысында ата-аналар ҚР «Кәмілет жасқа толмаған балалар арасында құқықбұзушылықтыжәне балалар бақылаусыздығын алдын алу туралы» заңына енгізілген өзгертулермен таныс болды. Орта және жоғары буынның әр параллель сыныптарында құқықтық сағаттар өткізілді. Резник А.В., Сачанова Ш.Т., Хованова А.Н., Жантемірова А.А., Ряжко Т.М. мұғалімдерінің ұйымдастырылған іс – шаралары қызықты, әрі мазмұнды болды.
Оқу жылында тарих пәнінің мұғалімі А.С.Шахметова құқықтық жалпыоқыту жұмысын жүргізсе, оқушылар «Адал ұрпақ» құқықтық клубына жетекшілік етті.Оқу жылының басында «Адал ұрпақ» клубы «Біз білім берудегі жемқорлыққа қарсымыз» атты облыстық слетке қатысып, жоғары сынып оқушыларының жасаған бейнеролигі жоғары бағаға ие болды. Адамгершілік – құқықтық тәрбие беру іс-шаралары барысында алдын алу кеңесі, инспектор сағаты, тренингтер, ата-аналармен жеке сөйлесу жұмысы жүргізілді. Мектепішілік есебінде тұрған балалармен алдын алу жұмысы жиі жүргізіледі. 2017-2018 оқу жылында МІБ есебінде 3 оқушы тұрған. Оқу жылының соңында бұл сан өзгермеді. Тұрмысы нашар отбасы саны – 3. Онда 4 оқушы бар. Оның ішінде 2 оқушы №26 ЖОББМ оқиды. Жыл басында «тәуекел» тобында 5 оқушы тұрса, оқу жылының соңында 2 оқушы қалды. Мектепте тәуекел тобында тұрған оқушылар тізімі және олардың бос уақытын қамту картасы бар.Ай сайын оқушылардың күнделіктері тексеріледі. Күн сайын мектептің шағын ауданында мектеп мұғалімдері, КЖТБ инспекторы және әлеуметтік педагог қызметкерлерімен бірлесіп патруль жұмысы жүргізіледі.Тәуекел тобында тұрған балалардың соңынан мектеп мұғалімдері есебінен қоғамдық тәрбиешілер бекітілген.Аталған бағыты бойынша жасалған жұмыстар нәтижесінде мектеп оқушылары арасында құқық- бұзушылық пен қылмыс жоқ.