Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет130/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Тест сұрақтары
1. Оттексіз тіршілік ете алатын тіршілік иелері
а) Анаэробты ағзалар
ә) Аэробты ағзалар
б) Консументтер
в) Гетеротрофты ағзалар
г) Автотрофты ағзалар
2.  Жануарларға  қарағанда  өсімдіктердің  оттексіз  ұзағырақ  тіршілік 
етуінің себебі 
а) Аз энергия жұмсауына байланысты
ә) Көп энергия жинақтауына байланысты
б) Денесінде хлоропласт болғандықтан
в) Вакуоль болуына байланысты
г) Минералды қоректенуіне байланысты
3. Балықтардың тыныс алу мүшесі 
а) Плакоидты қабыршақ
ә) Өкпе қапшығы
б) Демтүтіктер
в) Желбезектер
г) Жұлдызша жасушалар
4. Балықтарда газалмасу жүреді
а) Желбезек қақпағында
ә

Желбезек жапырақшаларында
б) Желбезек доғасында
в) Желбезек талшықтарында
г) Желбезек қатпарларында
5. Алғаш рет өкпе пайда болды 
а) Қосмекенділерде
ә) Жорғалаушыларда
б) Сүтқоректілерде
в) Буылтық құрттарда
г) Қарапайымдыларда


118
6. Қосарды тыныс алатын ағзалар 
а) Құстар
ә) Балықтар
б) Бунақденелілер
в) Қосмекенділер
г) Жорғалаушылар
7. Ауа өтетін жолдарға жатпайды 
а) Мұрын
ә) Көмей
б) Трахея
в) Өкпе
г) Бронхы
8. Адамда көмей жалғасады 
а) Кеңірдекпен
ә) Оң жақ өкпемен
б) Сол жақ өкпемен
в) Ауыз қуысымен
г) Тілдің түбімен
9. Тыныс алу орталығы орналасқан ми бөлімі
а) Сопақша ми
ә) Үлкен ми сыңарлары
б) Жұлын
в) Аралық ми
г) Мишық
10. Тыныс алу мүшелерінің ауруы 
а) Туберкулез
ә) Гипертония
б) Гипотония
в) Дальтонизм
г) Қантышқақ


119
9-бөлім.
 БӨЛІП ШЫҒАРУ
§29. Бөліп шығарудың маңызы 
Ағза үшін бөліп шығарудың маңызы.
 4-бөлімнен кез келген өсімдік 
және  жануар  жасушасы  цитоплазмасында  зиянды  заттар  түзілетінін 
білесіңдер. Бұл – тіршілік әрекетінің қалдықтары, жасушалар бұл зат-
тарды мембрана арқылы бөліп шығарады. Өсімдік ағзасында қалдықтар 
күзгі  жапырақ  хромопластында  не  вакуолінде  жинақталады,  одан 
жапырақ түсіру кезінде тазарады.
7-бөлімнен  жоғары  құрылымды  көпжасушалы  ағзаларда  барлық 
зиянды заттар жасушадан қанға шығарылатынын білдіңдер. 
Қанның зиянды заттардан тазаруына жауапты басты бөлу мүшесі – 
бүйрек. Тері қосымша қызмет атқарады. Зиянды заттардың бір бөлігі 
бүйрек арқылы шығарылу алдында бауырда өзгеріске ұшырауы керек. 
8-бөлімнен тыныс алу үдерісінде түзілген зиянды газ – көмірқышқыл 
газының қаннан өкпе арқылы шығарылатынын білдіңдер. 
Бөліп шығару мүшелері.
 Өсімдіктерде арнайы бөлу мүшелері жоқ. 
Бұл қызметті жапырақтар мен қылқандар атқарады, кейін олар түсіп 
қалады. 
Жануарларда газалмасу – тыныс алу өнімдері ағзадан өкпе арқылы 
шығарылады.  Ал  зат  алмасудың  сұйық  өнімдері  бүйрек  және  тері 
арқылы шығады. Ағзада зиянды заттарды залалсыздандыруда бауыр 
маңызды рөл атқарады. 
Өсімдіктер мен жануарларда зиянды заттар – қалдықтар не шлактар 
түзіледі. Барлық шлак ағза үшін зиян. Егер олар жасушада, ұлпада 
немесе мүшелерде жиналатын болса, 
ағзаның өздігінен улану 
үдерісі 
жүреді. Сондықтан ағза олардан тезірек 
тазаруға  ұмтылады.  Оған  жануарлар-
да тыныс алу және бөлу мүшелері, ал 
өсімдіктерде  ескірген  мүшелері  мен 
бөліктері жауапты. 
Жануарлардағы  зат  алмасудың 
соңғы өнімдері.
 Жануарлар тыныс алу 
барысында оттектің әсерінен нәруыздар, 
майлар  мен  көмірсулардың  ыдырау 
үдерісінде  қоректен  энергия  алады. 
Майлар мен көмірсулар үш элементтен: 
көміртек,  оттек  пен  сутектен  тұрады. 
75-сурет. 
 Ағаштар өзіне сіңірген 
зиянды заттардан арылу үшін 
жапырақтарын түсіреді


120
Сондықтан олар ыдыраған кезде (оттекпен қосылғанда) көмірқышқыл 
газы  мен  су  түзіледі.  Ол  сол  үш  элементтен  (сутек,  оттек,  көміртек) 
тұрады.
Ал нәруыз құрамына міндетті түрде азот кіреді. Нәруыздар толық 
ыдыраған  кезде  құрамында  азот  бар  соңғы  (зиянды)  заттар  түзіледі. 
Бұлар құрамында азот бар заттардың негізгі үш тобы: 
аммиак, несепнәр 
(мочеâина)
  және 
зәр  қышқылы
.  Әртүрлі  жануарлар  ағзасында  бұл 
заттар түрлі арақатынаста немесе олардың біреуі түзіледі. Адам және 
басқа сүтқоректілер үшін азот бар негізгі шлак – несепнәр (мочевина) 
болып табылады. 
Көмірқышқыл  газы  жануарлар  ағзасынан  тыныс  алу  мүшелері 
арқылы  шығарылады  Ал  өсімдіктерде  жапырақ  саңылауы  арқылы 
шығарылады.  Су  мен  құрамында  азот  бар  зиянды  заттар,  сондай-ақ 
артық тұз мөлшерін бөлу мүшелері (бүйрек) арқылы зәрмен және тері 
арқылы термен шығарылады. Бауыр құрамында азот бар шлакты ша-
малы  улылығын  азайтып,  бүйрек  арқылы  шығаруға  қолжетімді  ету 
үшін химиялық реакцияларға қатысады. 
Çиянды  заттар,  бөлу  мүшелер³,  метаболизм,  анаболизм,  ката-
болизм, несепнәр.
Білу және түсіну:: 
1.  Ағза үшін зәр шығарудың маңызы қандай?
2.  Ағзада шлактар қайдан пайда болады?
Қолдану::
1.  Тыныс алу, зәр шығару және энергия алу үдерістері қалай байланысты 
екенін түсіндіріңдер. 
2.  Шлак шығару үдерісіне қатысатын жануарлардың әртүрлі мүшелерінің 
маңызы туралы айтып беріңдер. 
Талдау::
1.  Өсімдіктер мен жануарлардың зәр шығару үдерістерін талдаңдар. Олар-
дың айырмашылығы мен ұқсастығын анықтаңдар. 
Синтез:
1.  Тірі  ағзаны  сопақ  немесе  дөңгелек,  ал  табиғатты  кеңістік  ретінде 
белгілеп, заттардың түсу, түрлену және бөліну сызбасын құрастырыңдар. 
Фигура ішіне қандай үдерістер жүретінін көрсетіңдер. 
2.  Ағза  және  қоршаған  орта  арасындағы  зат  алмасу  үдерістерінің  мәнін 
түсіндіріңдер.  Катаболизм  мен  анаболизмнің  қарама-қарсы  үдерістер 
екенін айтыңдар.  


121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет