Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


§3. Экологиялық сукцессия. Экожүйелердің алмасуы



Pdf көрінісі
бет17/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

§3. Экологиялық сукцессия. Экожүйелердің алмасуы
Биосфера,  экожүйелер  және  олардың  жер  бетінде  алмасуы

Экологияның негізгі түсініктерінің бірі – экожүйе. Экожүйе – ұзақ уақыт 
бойы қатар тіршілік етіп, бір-біріне өзара әсер ететін алуан түрлі тірі 
ағзалардың және жансыз табиғат факторларының тұрақты жиынтығы. 
Экологтар экожүйе арасында айқын шекара жоқ деп есептейді. Ең үлкен 
экожүйе 
биосфера
 деп аталады. Біздің ғаламшарымыз бен онда тіршілік 
ететін барлық тірі ағзалар осы экожүйеге  жатады. Өз кезегінде ол ма-
териктер (құрлық) мен мұхиттар экожүйелері болып бөлінеді. Мұхит 
экожүйесі өзінде болатын арал, топарал (архипелаг), маржан рифтері, 
мұхит тереңдігі және т.б. экожүйелері болып бөлінеді (6-сурет). 
6-сурет. 
Маржан рифтері


16
Материк экожүйесі тау, жазық, шөл, көл экожүйелері және жеке 
тау  шыңдары,  шатқал,  орман,  шалғын,  тоғандар  немесе  және  бұлақ 
т.б. едәуір ұсақ экожүйелерге бөлінеді (7-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет