А.И. Жан деркин, Б.М. Мусин , Ю.Н.
Барминцев, Д.Н. Пак, Н. З. Га лиакберов, т.б.
болды.
Тіршілік дүниесінің жалпы сипаттамасы. Ең
ірі көпшілік мойындаған жүйелеу категорияға
патшалық жатады. Сендер осы оқу жылында
тіршіліктің негізгі 5 патшалығы:
прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және
жануарлармен танысасыңдар.
Прокариоттарға барлық бактериялар
жатады. Олардың басты ерекшелігі – жасуша-
ларында ядро жоқ. Сондықтан латынша
pro
– алдыңғы, бұрынғы және
kargon – ядро деген
атаудан алынған. Сөзбе-сөз мағынасы – про-
кариоттар ядроға дейінгі ағзалар. Олар біздің
ғаламшарымызда ең бірінші пайда болды.
Шамамен эволюция барысында олардан едәуір
жетілген ядролық ағзалар –
эукариоттар :
саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлар
түзілген.
Барлық бактериялар – прокариоттар бір
жасушадан тұрады. Олар
колония – жасушалар
топтары түрінде болуы мүмкін.
Бірақ олардың денелері көптеген жасуша-
лардан тұрмайды. Яғни прокариоттар еш қашан
көпжасушалы болмайды. Жануарлар, өсімдіктер
мен саңырауқұлақтардың денелері бір жасуша-
дан да, көптеген жасушалардан да тұрады. Бір
жасушадан түзілген ағзалар
біржасушалы деп