42
Сендерге белгілі ағзалардың жіктелуін келтірейік:
Өсiмдiктерде
Жануарларда
Өсiмдiктер
ДҮНИЕСI
Жануарлар
ДҮНИЕСI
Ашық
тұқымдылар
БӨЛIМI
Желілілер
ТИПI
Бүрлi
өсiмдiктер
КЛАСЫ
Сүтқоректілер
КЛАСЫ
Қылқанжапырақтылар
ҚАТАРЫ
Жұптұяқтылар
ОТРЯДЫ
Қылқанжапырақтылар
ТҰҚЫМДАСЫ
Қуысмүйіздер
ТҰҚЫМДАСЫ
Қарағайлар
ТУЫСЫ
Таулық
жабайы қойлар
ТУЫСЫ
Кәдiмгi
қарағай
ТҮРI
Арқар
ТҮРI
Сызбадан көрініп тұрғандай өсімдіктер мен жануарларда айырма-
шылық жасайтын негізгі екі жүйелеу категориялар бар. Бұл
бөлім
– тип
, сондай-ақ қатар – отряд. Жіктелімнің бұл ерекшелігін есте
сақтау керек.
Т³рек-сөздер:
прокариоттар, протистер, гликоген, õитин, õлорофилл.
Білу және түсіну::
1. Тірі ағзалар патшалығын сипаттаңдар.
2. Жүйелеу маңызы туралы айтыңдар, оның мақсаты мен міндетін нақты-
лаңдар.
Қолдану::
1. Алған білімдеріңді пайдаланып, сендерге белгілі ағзалар (ит, үйеңкі,
туберкулез таяқшасы) тірі ағзалардың белгілі бір патшалығына жата-
тынын дәлелдеңдер.
2. Жүйелеудің қалыптасуы мен дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдар
туралы хабарлама жасаңдар.
Талдау::
1. «Патшалық – ірі жүйелік санат» дегенге келісесіңдер ме? Оқулықты
пайдаланып, «иә» және қосымша ақпарат көздерін қолданып, «жоқ»
дегенге дәйек келтіріңдер.
2. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік санаттарын сызба түрінде
бейнелеңдер.
Синтез:
1. Мынадай түрлерді жүйелеңдер: кәдімгі қайың, кәдімгі амеба, тұщы
гидра.
2. Өсімдіктер мен жануарлардың әртүрлі жүйелік санаттарын еске түсірің-
дер. Осы айырмашылықтарды енгізу керек пе?
Пікірталас:
Биологияның келешекте дамуындағы жүйелеудің рөлін бағалаңдар.