Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет55/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

бекіту (қабылдау)
 – 
теза және
 
теріске шығару (терістеу)
 – 
антитеза
). Теза мен  антитезада осы сатыға 
едәуір тән белгілер келтіріледі. Мысалы, 
теза
 
– «жай жапырақтар», 
ал 
антитеза
 – «күрделі жапырақтар». Антитезада, тезада келтірілген 
белгілерге қарсы белгілер беріледі. Содан кейін егер «жай жапырақтар» 
болса,  онда  олардың  пішіні  таңдалады.  Мысалы, 
теза
  –  «дөңгелек 
жапырақ», ал 
антитеза
 – «ұзын жапырақ» және т.б. Егер «күрделі 
жапырақ» болса, онда күрделі жапырақ типі таңдалады. Мысалы, 
теза
 
– «саусақ тәрізді күрделі жапырақ», ал 
антитеза
 – «қауырсын тәрізді 
күрделі жапырақ» және т.б. 
Әдетте, анықтамаларда кілттер былай беріледі: алдымен анықтама 
едәуір ірі жүйелеу категорияға (класс, отряд, қатар, тұқымдас) беріледі. 
Дихотомиялық кілттер өсімдіктер мен жануарларды анықтау үшін жеке 
болады. Мысалы, зерттеуші қандай патшалық: өсімдік немесе жануар 
өкілін қарастырып жатқанын бірден айта алады. Сондықтан бірінші 
теза  «зерттелетін  нысан  өсімдік»,  ал  антитеза  «анықталатын  нысан 
жануар» деген пікір болмайды. Едәуір ірі категория ішіне жылжыған 
сайын едәуір ұсақ категория (туыс, түр) нысанын анықтауға болатын 
арнайы кілттер болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет