Ақпаратты өңдеу форматтары
Ақпарат (Информация) - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, түрлi объектiлер, құбылыстар мен процестер т.б. жөнiндегi мағлұматтар Ақпарат делiнедi. Мысалы, айналадағы кеңiстiктен жер жағдайы, өсiмдiктер жөнiнде көп Ақпарат аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы-күннiң бұлтты екенiн және жауын жаууы мүмкiндiгiн т.б.
Оқып үйренуге керекті информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол суреттерді оған қажетті түсіндіру мәтіндерін, тексеру сұрақтарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді. ДК-нiң техникалық мүмкiндiктерiн пайдаланып, Ақпаратты жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткiзiп беру тәсiлдерiн Ақпараттық не компьютерлiк технология деп те атайды (texne (техно)- шеберлiк, logos (логия)-iлiм).
Жалпы, Ақпаратты ДК-де өңдеп, нәтижесiн талдауды ұйымдастыру үшiн орындалатын әрекеттер мынадай:
• Ақпаратты алып, өңдеуге мүмкiндiк туғызатын үлгiсiн дайындау;
• оны өңдеу үшiн жинақты түрде нұсқаулар тiзбегiн алгоритмiн құру;
• мәшине «түсiне алатын командаларды (командалар жүйесiн) пайдаланатын бiр программалау тiлiнде алгоритмдi программаға айналдыру;
• программаны ЭЕМ-де орындап,нәтиже алу;
• нәтиженi зерттеу.
Егер құрылған үлгiде‚алгоритмде не программада қате кеткен болса,оны дұрыстау;
• керек кезiнде пайдалану үшiн берiлгендер мен дұрысталған программаны тасымалдаушыға тиеп, сақтау.
Бұл әрекеттердiң көпшiлiгi, мысалы,үлгi дайындау, программа құру оңай жұмыс емес. Олар кiтаптың келесi тарауларында қарастырылады.
Күрделi Ақпаратты әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкiндiк бар. Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер Ақпаратты өңдеу тәсiлдерiн зерттеу мен компьютерде түрлi есептердi шешу ғана емес. Ақпаратты өңдеу, сақтау және осы сияқты кең түрде пайдаланылады.
Ақпарат көзі, ақпаратты қабылдаушы және жіберу каналы
Ақпаратты жіберуге байланысты, ақпараттың көзі және қабылдаушысы деген қос ұғымдар туындайды.
Ақпарат көзі -ақпаратты туындатып және оны мәліметтер түрінде көрсетіп беретін субъект немесе объект.
Ақпаратты қабылдаушы – мәліметті қабылдап және оны
дұрыс пайымдау (интерпретациялау) мүмкіндігі бар субъект немесе
объект.
Ақпаратты тасушы – мәліметтерді ақпарат көзінен
қабылдаушыға жіберуге бір арнайы заттандырылған (материалданған)
субстанция. Мәліметтер, тасушының көмегімен сигнал арқылы
беріледі.
Сигнал – хабарды беруді қамтамасыз ететін қандай да бір
физикалық шаманың уақыт барысында өзгеруі.
Ақпараттың түрлері мен қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |