Ақпарат (информация) – қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері және қалып-күйлері жөніндегі мәліметтер жиыны. Олар біздерді қоршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мәлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады.
Информацияның қазіргі ғылыми мағынасын дәлірек анықтаған кибернетика "атасы" – Норберт Винер болып саналады: Информация — сыртқы ортадан сезімдеріміз бен оған бейімделуіміз арқасында алынған түсініктерді белгілеу.
Сонымен, ақпарат (информация) – белгілі бір объект (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар жиыны.
Достарыңызбен бөлісу: |