Ақпараттың қасиеттері:
анықтылық (достоверность);
толықтық;
дәлдік (точность);
бағалылық;
өзектілік (своевременность);
түсініктілік;
қол жеткізуге, қолдануға болатындық (доступность);
қысқалық;
Информацияның әр түрлі салалардағы мағыналары:
тұрмыста информация деп қажет болған кез келген мәлімет немесе хабар;
техникада информация деп таңбалар немесе сигналдар түрінде берілетін кез келген хабарлар;
кибернетикада информация деп басқару үшін пайдаланылатын, яғни белгілі бір жүйені сақтау, дамыту, жетілдіру мақсатында қолданылатын білім бөлігін айтады.
Ақпарат және оның қасиеттері
"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымдарды білдіретін іnformatіo сөзінен шыққан. Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады.
Информация (материалистік философия бойынша) – нақты дүние бейнесінің мәліметтер, хабарлар арқылы айтылуы. Хабарлар – информацияның тіл, мәтін, цифрлық мәліметтер, график, кесте түрінде бейнелену түрі.
Америка ғалымы – Клод Шеннон информацияны белгілі бір нәрсе туралы біздің біліміміздің айқындылығын арттыру деп санайды.
Информацияның қазіргі ғылыми мағынасын дәлірек анықтаған кибернетика "атасы" – Норберт Винер болып саналады:
Информация — сыртқы ортадан сезімдеріміз бен оған бейімделуіміз арқасында алынған түсініктерді белгілеу.
Информация – қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері және қалып-күйлері жөніндегі мәліметтер жиыны. Олар біздерді қоршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мәлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады.
Сонымен, информация – белгілі бір объект (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар жиыны.
Информацияның қасиеттері
анықтылық (достоверность);
толықтық;
дәлдік (точность);
бағалылық;
өзектілік (своевременность);
түсініктілік;
қол жеткізуге, қолдануға болатындық (доступность);
қысқалық;
Ақпараттық жүйе ұғымы
Жүйе — өз ара әрекеттесіп, біртұтас құрылғы ретінде жұмыс атқаратын элементтер жиыны.
Ақпараттық жүйелердің жіктелуі
масштабы бойынша;
қолдану аумағы бойынша;
ұйымдастырылу тәсілі бойынша;
Жеке ақпараттық жүйелер - желіге қосылмаған жеке дербес компьютерде жұмыс жасайды. Жүйе өзара ортақ ақпараттық қормен байланысқан бірнеше қарапайым қосымшалардан тұрады. Жеке ақпараттық жүйемен бір немесе бірнеше тұтынушы кезектесіп жұмыс жасай алады. Мұндай жүйелер жергілікті мәліметтерді басқару жүйелерінің негізінде құрастырылады. Кеінен тараған жергілікті мәліметтерді басқару жүйелері: Clarion, Clipper, FoxPro, Paradox, dBase және Microsoft Access.
Топтық ақпараттық жүйелер – жергілікті есептеу желісінің негізінде құрастырылады. Жүйедегі ақпаратты бүкіл коллектив немесе жұмыс тобының кез келген мүшесі қолдана алады. Топтық ақпараттық жүйелерді құрастырғанда жұмыс топтары үшін мәліметтер базасының сервері қолданылады. Қазіргі кезде SQL-серверлердің түрлері өте көп, мысалы; Oracle, DB2, Microsoft SQL Server, InterBase, Sybase, Informix.
Корпоративті ақпараттық жүйелер - топтық ақпараттық жүйелердің дамыған түрі болып саналады. Олар үлкен компанияларға арналып жасалады және қашық территорияларда орналасқан желілерді біріктіреді. Мұндай жүйелердің құрылымы иерархиялы, бірнеше сатыдан тұрады. Корпаративті ақпараттық желілерді құрастырғанда мәліметтер базасының серверлері: Oracle, DB2 және Microsoft SQL Server қолданылады.
Жеке ақпараттық жүйелерге қарағанда топтық және корпаративтік ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар: мәліметтер тасмалдау жылдамдығы мен қауіпсіздігі, сенімділігі жоғары болуы керек.
Қолдану аумағы бойынша ақпараттық жүйелер төрт топқа бөлінеді:
транзакцияларды өңдеу жүйелері;
шешім қабылдау жүйелері;
ақпаратты-анықтама жүйелері.
Ақпараттық жүйелер ұғымы
Ақпараттық жүйелер (ағылш. Information systems; қысқаша: IS) - деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды оқу. Қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде — мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор.
Ақпараттық жүйелер компьютерлерден, сақтаулы ақпараттар, адамдар мен процедуралардан тұрады.
Ақпараттық жүйелер бес бөліктен құралады:
-Management Information System (MIS) - Менеджмент Ақпараттық Жүйесі
-Decision Support System (DSS) - Шешім Қабылдау Жүйесі
-Executive Information System (EIS) - Атқарушы Ақпараттық Жүйесі
-Transaction Processing System (TPS) - Транзакция Процесстеу Жүйесі
-Negotiation Support System (NSS) - Талқылау Ақпараттық Жүйесі
Ақпаратты кодтау, декодтау
Достарыңызбен бөлісу: |