Ақпаратты кодтау – ақпараттың нақтылы ұсынымын
қалыптастыру үрдісі.
Код – (1) бір алфавитің белгілерін немесе олардың тіркестерін
басқа алфавитің белгілеріне немесе оладың тіркестеріне сәйкестіруді
сипаттайтын ережелер.
(2) бірінші алфавиттің белгілерін немесе оладың тіркестерін
ұсыну үшін қолданылатын екінші алфавиттің белгілері.
Кодтау – алғашқы алфавит арқылы ұсынылған ақпаратты
кодттар тізбегіне ауыстыру үрдісі.
Кодпен ашу (кері кодтау – декодирование) – кодтауға кері
амал, яғни алынған кодтар тізбегі бойынша ақпаратты бірінші алфавит
түрінде қалпына келтіру.
Тілдер қазақ, орыс, ағылшын, қытай т.б.
Формалды тілдер
Табиғи тілдер
Информатика тілі
Басқа тілдер екілік кодтау тілі; программалау тілі;
ОЖ-ң командалық тілі, т.б. математика тілі; әуез тілі; жол
белгілер тілі; химия тілі, т.б.
Мәтінді кодтаудың негізгі үш тәсілі бар:
1) графикалық – арнайы суреттердің немесе белгілердің
көмегімен;
2) сандық
Ақпараттың өлшем бірліктері
Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек. Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б. өлшеу қабылданған. Ал салмақты – граммен және килограммен, т.б. өлшейміз.
Компьютер – электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.
«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.
Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб
1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб
1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб
Байт (ағылшынша byte) — ЭЕМ-дегі символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік сан тізбегінен тұратын, адрестелетін мәліметтерді өлшеуге арналған ең кіші бірлік. Компьютер жадының бір ұясында бір Байт мәлімет сақталады. Бір Байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан 8 биттен, яғни екілік сан таңбаларынан тұрады. Мысалы, компьютерде “Е” әрпі 10000101, кіші “е” әрпі 10100101, “/” таңбасы 00101111, “8” саны 00111000 түрінде өңделеді. Бір Байт тек бір символды бейнелейтін ақпарат өлшеу бірлігі болғандықтан, оның көмегімен 256 символды (28=256) өрнектеуге болады. Компьютер жадының көлемі осы Байт бірлігімен өлшенеді.Бит (ағылш. binary digit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылш. bit — аздап) - БИТ (ағылш. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік; Есептеу техникасында, екілік цифр — екілік кодтағы екілік цифрдың позициясы; екілік разряд деуге де болады. Таратылатын не сақталатын ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. Есептеуіш машинаның (дербес компьютердің) жадындағы ақпарат өлшемін анықтайтын Бит саны, яғни жадтың Бит саны осы жадқа сиятын екілік цифрлардың ең көп мөлшерін, ал мәліметтердің Бит саны осы мәліметтерді жазу үшін қажет болатын екілік разрядтың санын білдіреді.
Ақпараттық модель
Достарыңызбен бөлісу: |