Омыртқасыздардың белгілері. Ламарк омыртқасыздарға орталық
бөлігі омыртқа жотасы болып табылатын ішкі қаңқасы жоқ барлық
жануарларды жатқызды. Омыртқасыздарда не шеміршекті, не сүйекті
бассүйегі болмайды.
Барлық жануарды омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөлу за-
манауи жүйелеуге сәйкес келмейді. Яғни «омыртқасыздар» деген
түсініктің өзі қандай да бір жүйелеу категория болып табылмайды.
Бірақ былай бөлу биологияда шамамен 200 жылдан бері бар және ол
қолайлы болғандықтан қазіргі кезге дейін қолданылады. Сондықтан
біз жануарлардың омыртқасыздар және омыртқалылар деген екі тобын
қарастырамыз.