73
Екінші – ішкі қабаты тікелей күн сәулесі түспейтін жапырақтың
төменгі жағында орналасқан. Ол
кеуекті
немесе
кеуекті
паренõима
деп
аталады. Оның жасушалары едәуір дөңгелек, кеуек (бос)
орналасқан.
Олардың арасында ауаға толы көп бос кеңістік бар. Бұл қабат бос
қуыстары көп кеуекті губкаға ұқсайтындықтан осындай атау алған.
Осы қабатқа байланысты бағаналы жасушаларға газдар жеткізіледі.
Себебі кеуекті қабат жасушалары да жасыл түсті болғандықтан оларда
да фотосинтез үдерісі жүреді. Бірақ оның қарқындылығы бағаналы
жасушаларға қарағанда төмен, себебі жасушалардың төменгі қабатына
күн сәулесі аз түседі.
Егер барлық жапырақ көлеңкеде болса, олардың екі жағынан
кеуекті
паренõима
түзіледі. Ал жапырақ кейбір өсімдіктердегі сияқты
(хлорофитум)
тік орналасса, екі жағынан да кеуекті ұлпалар болады.
Жапырақтың мөлдір қабықшамен қапталғанын шырынды қалың
(мясистый) жапырақтардан (фиалка, алоэ) байқауға болады. Осы мөлдір
қабықшаны сылып алуға, лупамен немесе микроскоппен, жарыққа
қаратып көруге болады. Жапырақтың қабықшасы қорғаныш қызметін
атқаратын
жабын ұлпасы
болып табылады. Оның жасушалары жарық
жақсы өту үшін мөлдір болады.
Жапырақтың төменгі жағында маңызды құрылым –
лептесік
(устьица) болады.
Лептесік арқылы заттар өсімдік ішіне түседі және сыртқа бөлінеді.
Фотосинтез үшін қажет көмірқышқыл газы мен тыныс алуға керек от-
тек түседі. Сыртқа су (буланады) және оттек шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: