§17. Фотосинтезге қажетті жағдайлар Фотосинтез – өсімдік ағзасындағы маңызды үдеріс. Өсімдіктерден
басқа барлық эукариотты ағзалар қоректік заттардан (нәруыздар,
майлар мен көмірсулар) энергия алады. Ал барлық жасыл өсімдіктер
энергияны жарықтан алады. Өсімдіктердің Күн энергиясын пайдала-
нуы – фотосинтез.
Фотосинтез – хлорофилл арқылы жарық энергия-
сын көмірқышқыл газы мен судан өсімдік жасушасында түзілетін
нәруыздар, майлар мен көмірсулар энергиясына айналдыру; бұл кезде
артық оттек бөлінеді. Фотосинтездің жалпы сызбасын мынадай түрде
көрсетуге болады: