102
Айталық, бастапқыда экономика А нүктесінен басталады.
Дағдарысты күту қарсаңында тұрғындар көбірек жинақтауға ұм-
тылады: жинақтың сызығы S-тан S
*
-ға дейін жылжиды, ал инвес-
тициялар бұрынғы І деңгейінде өзгеріссіз қалады. Нəтижесін-
де тұтыну шығындары қысқарады, ол мультипликативтік əсер
арқылы ұлттық табысты Y
0
-ден Y
1
-ге дейін төмендетеді. Сөйтіп,
жинақ пен табыс қысқарып, экономика В нүктесіне орнығады.
Егер бір уақытта жинақтың өсуімен бірге (S-тан S
*
-ға) жос-
парланған инвестициялар (І-дан I
*
-ға) қатар өссе, онда тепе-
теңдік ұлттық табыс бұрынғы Y
0
жағдайында қалып өндірістің
құлдырауы орын алмайды.
Ресурстар экономикада толық қамтылуға жақын жағдайда
жинақтардың өсуі экономикаға антиинфляциялық түрде əсер ете-
ді: мультипликативтік əсермен тұтынудың, одан кейін жиынтық
шығындардың, жұмысбастылық пен өндіріс көлемінің қысқаруы
сұраныс инфляциясын айтарлықтай басып тастайды, жиынтық
сұраныс AD-дан AD
1
-ге дейін төмендейді, ол өндіріс көлемінің
Y
1
-ден Y
2
-ге дейін қысқаруымен жəне бағалар деңгейінің P
1
-ден
P
2
-ге дейін төмендеуімен жалғасады (4.11-сурет).
Қорытындылай келе, Кейнс кресі үлгісі икемсіз бағалармен
экономиканы қысқа мерзім аралығында зерттейтіндіктен, бағалар
деңгейінің өзгеру үдерісіне жауап бере алмайды деген тұжырымға
келуге болады. Кейнс кресі үлгісі қатаң бағалар арқылы қысқа
мерзімдік макроэкономикалық талдау мақсаттары үшін тек AD-
AS үлгісін толықтырады жəне ары қарай нақтылайды, сонымен
қатар, ол инфляция деңгейінің ауытқуымен байланысты ұзақ
Достарыңызбен бөлісу: