99
Рецессиялық үзіліс
– бұл тепе-теңдік
ЖІӨ-ді толық жұмыс-
бастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін
жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) өсуіне қажетті
көлем.
4.8-сурет.
Рецессиялық үзіліс
Осы суретке сəйкес, егер өндірістің нақты тепе-теңдік Y
0
көлемі
потенциалды Y
*
көлемінен төмен болса, онда жиынтық
сұраныс
тиімсіз болып, жиынтық шығындар ресурстардың то-
лық қамтылуы үшін жеткіліксіз болып табылады. Жиынтық сұ-
ра ныстың жеткіліксіздігі экономикаға
депрессиялық жағдайды
туғызады.
Рецессиялық үзілістен құтылу үшін жəне ресурстарды толық
қамту үшін тепе-теңдікті А нүктесінен В нүктесіне қарай жыл-
жытып, жиынтық сұранысты ынталандыру қажет.
Бұл жерде
жиынтық тепе-теңдік табыстың ΔY-ке артуы былай сипатталады:
ΔY = рецессиялық үзілістің көлемі × автономды шығындар
мультипликаторының көлемі
Инфляциялық үзіліс
– бұл тепе-теңдік ЖІӨ-ді толық жұ-
мысбастылықтың инфляциялық емес
деңгейіне дейін қысқарту
үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) кемуіне
қажетті көлем.
4.9-суретке сəйкес, егер өндірістің нақты тепе-теңдік Y
0
көлемі
потенциалды Y
*
көлемінен
көп болса, онда жиынтық шығындар
артық болады. Жиынтық сұраныстың артықшылығы экономикаға
инфляциялық дүмпуді алып келеді.
Мұндай жағдайда экономи-
када барлық ресурстар толығымен қамтылғандықтан, фирма-
100
лар өсіп жатқан жиынтық сұранысқа
өндірісті кеңейту арқы-
лы жауап бере алмайды, тек бағалар деңгейін көтерумен ғана
шектеледі.
Инфляциялық үзілістен құтылу үшін жəне «дүрліккен» сұ-
ра нысты басу үшін тепе-теңдікті А нүктесінен В нүктесіне
(ресурстардың толық қамтылуы деңгейіне)
қарай жылжытып,
жиынтық сұранысты шектеу қажет. Бұл жерде жиынтық тепе-
теңдік табыстың ΔY-ке қысқаруы былай сипатталады:
Достарыңызбен бөлісу: