Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет89/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

«ығыстыру 
əсері»
деген ерекше құбылыс пайда болады: жеке сектордың 
ақшаларын алудың салдарынан сол қаржылардың инвестиция 
ретіндегі пайдаланылу мүмкіндіктері азайып, жеке секторды эко-


127
номикадан ығыстыру əсері орын алады. Соңғы нəтижесінде бұл 
əдіс инфляциялық үрдістердің дамуын болдырып, экономикадағы 
инвестицияларды қысқартады, тауарлардың өндірісі шектеледі.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз 
арасында тығыз байланыс бар. Мемлекеттік қарыздың пайда 
болу себептері, ең алдымен, экономика үшін қиын кезеңдермен 
байланысты: соғыс қимылдары, терең жəне ұзақ мерзімдік эко-
номикалық дағдарыстар, осы уақытқа дейін жинақталған бюд-
жет тапшылықтарының көлемі. Мемлекеттік қарыздың ұлға-
юының негізгі жағымсыз салдарлары – ол мемлекеттің қарыз 
бойынша төлемдерінің өсуі, ел ішіндегі тұтыну мен жинақтардың 
қысқаруы. 
Мемлекеттік қарыз
– бұл мемлекеттің алдында тұрған фи-
зикалық жəне заңды тұлғаларға, шетел мемлекеттеріне, ха-
лықаралық ұйымдар мен субъектілерге деген қарыздық міндет-
темелері. Мемлекеттің ішкі жəне сыртқы қарыздары болады.
Ішкі қарыз
– бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу 
үшін ел ішіндегі резиденттерден алған қарыз сомалары.
Сыртқы қарыз
– бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын 
жабу үшін шетелдердегі резидент емес тұлғалардан (үкіметтен, 
ұйымдардан, азаматтардан) алған қарыз сомалары.
Ішкі қарыздан гөрі сыртқы қарыз əрқашан да экономика 
үшін аса қауіпті болады. Мемлекеттік бюджеттің қаражаттары 
жетіс пеген жағдайда мемлекет ішкі жəне сыртқы инвесторлары 
алдында өзінің қарыздық міндеттемелерін жабудан жəне солар 
бойынша пайыздарды төлеуден бас тартуы мүмкін, яғни мемле-
кет 
тəуелсіздік дефолтын
жариялайды. 
Дефолт
– бұл мемлекет-
тің банкроттыққа ұшырауы. 
Мемлекеттік қарызды бағалау келесідей көрсеткіштердің кө-
мегімен жүзеге асырылады: 
1. Мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің ЖІӨ көлеміне қа-
ты насы. 
Қарыз / ЖІӨ.
Қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 80%-дан аспауы тиіс.
2. Қарызға нақты қызмет көрсету коэффициенті
– қарызды 
жабуға бағытталған қаржы көлемінің (қарызды жəне сол бо-


128
йынша пайыздарды біртіндеп жабу) бюджет шығындарына 
қатынасы. Егер бұл көрсеткіштің мəні 20%-дан асса, онда қарыз-
дың ауырт пашылығы өте жоғары жəне тым ауыр деп саналады. 
3. Сыртқы қарызға қызмет көрсету коэффициенті
– сырт-
қы қарызды жабу бойынша шығындардың экспорт көлеміне қа-
тынасы. 
Мемлекеттік қарызды төмендетудің келесідей механизмдері 
бар: 
• қарызды қайта құрылымдау; 
• қарызды конверсиялау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет