Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


2) циклдік бюджет тапшылығы



Pdf көрінісі
бет88/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

126
2) циклдік бюджет тапшылығы
– нақты бюджет тапшы- 
лығы мен құрылымдық бюджет тапшылығы арасында айырма-
шылық ретіндегі бюджет тапшылығының бір түрі. Циклдік тап-
шылық экономикалық белсенділіктің ауытқу себептерімен түсін-
діріледі.
Мемлекеттің алдында бюджет тапшылығын жабу мəселесі 
тұрады. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың бірнеше əдіс-
тері бар. Солардың ішінде ең негізгілері мыналар: 
• ақша эмиссиясы; 
• Орталық банктен қарыз алу; 
• жеке сектордан жəне сыртқы көздерден қарыз алу. 
Бюджет тапшылықтарының ел экономикасына əсер етуі кө-
бінесе, сол елдің тапшылықты жоюда таңдап алған əдісімен 
анықталады.
Ақша басып шығару – бюджет тапшылығы мəселесін шешудің 
ең қарапайым жəне жылдам жүргізілетін əдісі. Көптеген елдер 
соғыс уақытында жəне ұзаққа созылған дағдарыстар кезеңдерін-
де осындай əдісті кеңінен қолданды. Алайда бұл саясаттың арты 
экономика үшін жағымсыз салдарлармен ұласатын болды: ба-
қылауға көнбейтін инфляцияның қаупі туындайды жəне соған 
байланысты ұзақ мерзімдік инвестициялар үшін ынта бірден жо-
ғалады, халықтың жəне кəсіпорындардың ақшалай жинақтары 
құнсызданады, ұлттық валютаның бағамы төмендейді. 
Орталық банктен қарыз алу əдісі де ақша массасының ин-
фляциялық ісінуін туындататын шара болып табылады. Қазіргі 
уақытта, көптеген елдердің эмиссиялық банкі атқарушы жəне 
заң шығарушы билік органдарынан конституциялық жағынан 
бекітілген тəуелсіздікке ие, нəтижесінде үкіметке баспа құралын 
қолдану арқылы өз мəселелерін шешуіне мүмкіндік бермейді. 
Жеке сектордан жəне сыртқы көздерден қарыз алу құралдары 
– бюджет тапшылығын жоюдың үшінші əдісі ретінде аса сенім-
ді əдіс. Олар мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, бюджеттен 
тыс қорлардан қарыз алу жəне банктерден несие алу түрінде 
жүзеге асырылады. Мұндай əдісті қолдану кезінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет