215
қабылдауды талап етеді. Себебі шешім қабылдауда жіберілетін əрбір
қателіктің бағасы адамның өмірімен жəне денсаулығымен есептеледі.
Дəрігерлер мен медицина бикелері өз жұмыстарын атқару ба-
рысында тығыз кəсіби байланыста болады. Сонымен қатар, ауру-
лармен, олардың туысқандарымен, медицина саласына жатпайтын
секторлардың мамандарымен (полиция, құтқару қызметі, көлік,
коммуналдық қызмет жəне басқа салалар) тығыз қатынаста жұмыс
атқарады. Оның барысында:
Медицина қызметкері, əсіресе басшы, кəсіби тұлғалық ара-
қатынаста адамдардың тəрбиелік, интеллектуалды жəне мəдени
айырмашылықтарын, жастық, жыныстық, этникалық, діни ерекше-
ліктерін есепке ала отырып, дұрыс психологиялық байланыс орната
алуы қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы күрделілену жəне технологизация,
ақпараттық қысым, медикаменттердің үнемі өзгеруі басшының меди-
цина жəне басқарушылық саласындағы біліктілігін үнемі арттырып
отыруын талап етеді.
Генетика, трансплантология саласындағы жетістіктер, вирустық
аурулардың қауіпті дамуы медицина қызметкерлерінің алдына көптеген
жаңа жəне күрделі моральдық-этикалық, əлеуметтік-психологиялық
мəселелер қояды, басқарушылық шешімдерді қабылдауға əсерін
тигізеді.
Қоғамдағы əлеуметтік келеңсіздіктер емдеу-профилактика
мекемелеріндегі жалпы ахуалға өзіндік əсерін тигізеді. Ұжымдағы
ауыр психологиялық жағдайға алып келетін себептердің қатарына
еңбекақының медицина қызметкерлері атқаратын жұмыс қауырт-
тылығына, кəсіби қауіпсіздіктің дəрежесіне сай келмеуі, қызметтің
қадірінің төмен болуы, əлеуметтік қорғалудың нашарлығы, эконо-
микалық, ұйымдастырушылық, басқару жəне əлеуметтік-психология-
лық элементтер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: