228
сыз, ал жергілікті билік орындарының бұл қорға мүгедектер, балалар
мен жасөспірімдер жəне қаратайған азаматтарды əлеуметтік қорғауға
бөлуге тиісті қаржысы жеткіліксіз болғандықтан сақтандыру қоры
жабылып қалды. Сондықтан тұрғындарға көрсетілетін медициналық
көмекті 1999 жылы құрылған «Медициналық көмекті төлеу орталығы»
қаржыландыра бастады. Осы салада жеке меншікті қалыптастыру
жұмысы 1991 жылдан бастап жүзеге асырылды. Фармацевтер мен
стоматологтар жеке меншіктегі жұмысқа тез бейімделсе, дəрігерлік
көмек саласы жеке меншікке баяу өтті. Тек 1997 жылы ғана жарты-
лай автономды отбасылық дəрігерлік топтар пайда бола бастады. Осы
бағыттың жұмыс тиімділігін арттыру үшін 1998 жылы «Отбасылық
медицина туралы» заң қабылданды.
Экономикалық ахуалдың түзелуі денсаулық сақтау саласын
жақсартуға арналған шараларды кеңінен жүзеге асыруға жағдай
туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: