226
лық-гигиеналық жəне эпидемиологиялық келеңсіздіктерден инфек-
циялық аурулардың өршуіне қарсы шараларды тиімді ұйымдастыру
жолдары көрсетілген жəне жауапты тұлғалар анықталған.
9. «ЖИТС ауруының профилактикасы туралы» 1996 жылы жарық
көрген Президент жарлығында, елімізде үдеп кеткен жүре пайда болған
иммундық тапшылық синдромының профилактикасын күшейту шара-
лары қарастырылған.
10. «Қазақстан 2030» (1997 жыл) атты Президенттің жолдауын-
да денсаулық сақтау саласын жетілдіру жəне медициналық көмектің
сапасын арттыруға қарай 8 қадам ұсынылды. Оның ішінде салауат-
ты өмір салтын қалыптастыру аса маңызды əлеуметтік-медициналық
бағыт ретінде көрсетілген.
11. Президенттің 1997 жылғы «Міндетті медициналық сақтандыру
қорын қайта ұйымдастыру туралы» № 1387 жарлығы бұл қордың орнына
медицина көмекті төлеу орталықтарын ашу жолдары қарастырылған.
12. «Отбасылық медициналық қызмет туралы» заң (1998 жыл)
бұл қызметті ұйымдастыру жəне мамандарын даярлау жолдарын
көрсетеді.
13. Президенттің 1998 жылғы «Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірінші
кезектегі шаралар туралы» жарлығы денсаулық сақтау саласында
жедел қолға алуды қажет ететін шаралар көрсетілген. Бұл жарлықта
балалар мен аналардың өлімін азайту, əлеуметтік маңызы үлкен
аурулардың профилактикасын күшейту мəселелері басым бағыттар
ретінде көрсетілген.
14. Президенттің 1999 жылғы «Кепілдендірілген қызмет тізбесі»
туралы № 70 жарлығы тегін кепілдендірілген медициналық көмекті
көрсету ауқымын реттеуге бағытталған.
15. «Халық денсаулығы жəне денсаулығы денсаулық сақтау жүйесі
туралы» Кодекс денсаулық сақтау саласын жəне медициналық көмек
қызметін одан ары жақсартуға арналған Заңнамаларды жетілдіруге
арналған.
16. Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау ісін реформа-
лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға жəне 2010-2015 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламалары денсаулық сақтау жүйесіндегі
реформаларды сапалы да тиімді ұйымдастыру шараларына арналған.
Осының барлығы елімізде денсаулық сақтаудың Бірыңғай Ұлттық
жүйесін ендіруге жəне тұрғындардың сапалы медициналық көмекке
сұранысын барынша толыққанды қамтамасыз етуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: