70
қабілеттілігін артыруға,
жұмыстың деңгейін арттыруға, қоюшымен
тығыз қарым-қатынас жасауға, түнгі ауысымды
реттеуге бейімделуі
қажет. Бұл жерде сапа саясаты жалпы саясаттан шығады. Шығарылып
жатқан өнімнің бәсекеге қабілеттілігінен барлық жұмыстың бағыты
өнімнің сапасына аууы керек. Былайша айтқанда, сапа саясаты – сапа
аумағындағы кәсіпорынның белгілі іс-әрекетке жіберген мақсаты.
Ол кәсіпорын басшысының қысқаша өтінішімен рәсімделеді,
және
ереже ретінде, «Сапа жөніндегі басшылыққа» қосылуы керек.
Ол келісімшартқа отырар алдында тапсырыс берушіге сапа жүйесін
басқару ретінде керек болады.
Сапа саласындағы саясатқа әсер ететін негізгі факторлар: нарықтағы
жағдай, ғылыми-техникалық және бәсекелестіктің жетістіктері,
кәсіпорын ішіндегі жағдай, сонымен
қатар экономиканың негізгі
жағдайы және кәсіпорынның дамуына инвестицияның әсері.
Экономиканың тұрақты дамуы үшін сапа саясатының негізгі бағыты
келесідей болуы тиіс. Олар: сынақты дұрыс жүргізу, перспективалық
жобаларды ұйымдастыру, нарықта бәсекелестікті дамыту үшін жаңа
техниканы енгізу.
Дағдарыс кезінде, инвестиция аз кезде сапа саясатында белгілі уақыт
аралығында өнімнің қажеттілігін қанағаттандырып отыратын сапа
деңгейі болуы керек. Сол үшін дағдарыс кезіндегі сапа саясатының басты
бағыты осындай жағдайларда өнімнің сапасын түсірмей шығындарды
азайтатын шешімдерді дұрыс және тез табу керек.
Осыған қосымша
ретінде тағы да, тапсырыс берушімен тығыз қарым-қатынас жасау және
жеткізушілерден туындаған мәселелерді шешу болып табылады.
Сонымен қатар бұндай жағдайда тағы да елдің экономикасын
дағдарыстан алып шығатын шешімдерге көңіл бөлу керек.
Сапа саласындағы кәсіпорынның саясаты сол кәсіпорынның стра-
тегиясы мен саясатынымен тығыз байланыста болуы керек. Сапа
саласындағы саясатты жасауда жоғары басшылар келесілерді ескеруі
қажет:
Достарыңызбен бөлісу: