136
Келтірілген шектік шамалардың ауытқуынан аспауына, гео-
дезиялық бұрыштық жəне сызықтық өлшемдерге жұмыстарға
сай аспаптарды қолданғанда ғана жетуге болады. Бетон құю
жұмыстарында қалыптар жобалық орнына барлық жағдайда,
арнаулы «скобалар» немесе желілер арасында созылған сым-
темірлерден бастап өлшеніп орналастырылады. Сым-темірге
ілінген тіктеуішті пайдаланып, алдымен қалыптың төменгі жағын
бекітіп алады да, сонан кейін келесі қалыптың блогін орнатады.
Қалыптардың жоғары жақ жиегін, олардың бір-бірінен төмен
немесе жоғары жобалық биіктігінен ығысып кетпей тура болғанын
қадағалай отырып орнатады. Ол үшін, нивелирлеу арқылы жұмыс
істеу реперінің биіктігі қалыптың ішкі жағына беріледі.
Мысал
. Құрылыс фундаментінің жоғары жақ биіктігі
Н
пр
=
159,50 м шамасын қалыпқа беру керек. Нивелир аспабын биіктігі
460,030 м
А
реперімен жəне орналастырылмақшы қалып арасына
орнатады (71-сурет). Репер үстіне қойылған рейкадан
a
= 1350 мм
есебін алады.
Қалып үстіне қойылған рейкадан алынатын
b
есебінің шамасы
(
М
нүктесінде), яғни рейканың нөлдік табаны жобалық 159,500 м
биіктікке тең болу үшін қаншаға тең болатындығын табамыз.
b
есебінің шамасы формуламен есептеліп табылады
b = H
A
+ a
-
Н
пр
=
1880 мм.
Қалып үстіне қойылған рейканы керек есепке жеткенше
жоғары, төмен қозғай отырып қалыпты орнатады.
Қалып үстіне мұндай биіктіктің бірнешеуін тауып, шегемен
бекітеді де, олардың арасына қалыптың жобалық биіктігін
көрсететін шнур тартып қояды. Гидротехникалық құрылыстарды
бетондау кезінде, қалыптың үстіне сантиметрлік бөліктері бар
рейканы қағып бекітеді де, сол бөліктер арқылы бір ауысымда
қанша көтерілгенін анықтап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: