Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет27/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Байланысты:
Акмеология


268
269
Тұлғаның  инновациялық  əлеуеті  кəсіби  жоғары  оқу  орнының 
ғылыми-білім  беру  ортасында,  психологиялық-педагогикалық  іс-
əрекеттің субъектісі жəне қатысушысы ретінде, инновациялық білім 
беру  өнімдерін  құру,  меңгеру  жəне  тарату  бойынша  іс-əрекеттің 
жаңа формаларын басшылыққа алуға психологиялық дайындықты, 
сонымен  бірге  өнімді  педагогикалық  іс-əрекеттің  стратегиялық 
факторы  ретінде  өзіндік  дамыту  мен  тұлғалық  өсуді  қамтамасыз 
ететін, тұлғалық қасиеттер, сапалар мен қабілеттердің жиынтығында 
тұлғаның интегративті сипаттамасын білдіреді. 
Кəсіби  жоғары  оқу  орнының  ғылыми-білім  беру  ортасында, 
тұлғаның  инновациялық  əлеуетінің  құрылымын  төмендегі  компо-
ненттер арқылы анықтауға болады: 
–  инновациялық  бағыттылық,  ол  педагогикалық  жəне  ғылыми-
педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық акмеологиялық сипатын 
анықтайтын,  кəсіби  шеберліктің  шыңдарына  жетуге  ұмтылысты, 
инновациялық  тəжірибені  байытуды,  педагогтің  өзіндік  дамуын 
тұлғалық  қажеттілік  ретінде,  білімгерлердің  тұлғасын  дамытуға 
психологиялық бағдарлануды көрсететін, білім беру тəжірибесіндегі 
инновациялық  үдерістердің  мəнін  ұғынуды  анықтайтын  мотивтер 
мен  құндылықтардың  жиынтығын  интеграциялайды;  ол  жетістік 
мотивациясы,  өзін-өзі  жүзеге  асыру  қажеттілігі,  өмірлік  əлемді 
құндылықты-мағыналық  ұйымдастырудың  ерекшеліктері,  өмірге 
тұрақтылық, сенімділік, еңбекқорлық, жұмылдырушы əлеует, өзін-
өзі реттеу деңгейі арқылы көрінеді;
–  инновациялық  құзыреттілік,  ол  инновациялық  іс-əрекет 
тəжірибесін, инновациялық білім, біліктер жəне құзырлылықтардың 
қалыптасудың  жүйелі  деңгейін,  құрастырылған  инновациялық 
өнімдерді  тəжірибеде  құру,  жасау  жəне  пайдалану  қабілетін,  білім 
беру  үдерісіне  жаңа  технологиялар  мен  əдістері  енгізуді  білдіреді; 
ол  кəсіби  іс-əрекеттің  мақсаттарына  тиімді  жету  үшін  өзінің 
инновациялық  əлеуетін  қолдануға  дайындық  шамасы  ретінде,  со-
нымен  бірге  кəсіби,  коммуникативті,  ақпараттық  жəне  жобалаушы 
құзыреттілік түрінде болады; 
–  инновациялық  креативтілік,  ол  білім  беру  тəжірибесінде 
қолдануға  дайын,  белгілі  нəтижені,  жаңа  идеяларды  алуға, 
оларды  басшылыққа  алуды  қамтитын,  нақты  практикалық  іс-
əрекетті  орындауға  бағытталған  педагогикалық  шығармашылық 
инновациялар,  болжау  қабілеті  ретінде  болады;  ұсынылатын 
тұлғалық  сапалардың  жиынтығы  ретінде  көрініс  табады  (белгісіз-
дікке  толеранттылық,  белгілі  тəуекел  ету  қабілеті,  жауапкершілік, 
рефлексивтілік жəне т.б.). 
Педагог  тұлғасының  инновациялық  типі  бірегей  жəне  күрделі 
бола тұрып, қоршаған ортамен динамикалық өзара əрекетте, үздіксіз 
өзіндік  дамытуда  болып,  оның  инновациялық  өзгешелігін  анық-
тайды,  ол  креативті,  танымдық,  шығармашылық  бағыттылықпен; 
құзыреттілікпен; дара-психологиялық қасиеттермен; қабілеттермен; 
ойлау  ерекшеліктерімен  (икемділік,  ұтқырлық,  сыни,  жалпылама-
лық,  жүйелілік,  дамыған  интуиция,  бай  қиял,  ассоциациялар 
еркіндігі, прогностикалық); мінез белгісі ретінде инновациялықпен 
–  өзгерістерге  қажеттілікпен,  жаңаны  іздеу  қажеттілігімен, 
дəстүрлер  билігінен  кетуге  ұмтылыспен,  өзгерістерге  жедел  жауап 
қайтарумен; кедергілерді жеңуге даярлықпен; ізденістік іс-əрекеттің 
эмоционалды толыққандылығымен; шығармашылық қабілеттермен 
(идеяларды  генерациялау,  стандартты  элементтерден  стандартты 
емес  шешімдерді  құру,  дəстүрлі  жəне  инновациялықты  біріктіру, 
таныс  нəрседе  таныс  еместі  көру,  жасырын  түпкі  ойды  анықтау; 
белгісіздік  жағдайында  бағдарлану  қабілеті;  ұзақ  уақыт  бойында 
шығармашылық қысымды ұстау қабілеті) анықталады. 
Инновациялық  əлеуеттің  функцияларының  арасында  моти-
вациялық,  мақсатты  функцияны,  инновациялық  тəжірибені 
қалыптастыру функциясын, прогностикалық, алмастырушы,  креа-
тивті,  сонымен  бірге  дамыту  функциясын  жəне  практикалық-
бағдарланған функцияны айқындау қажет. 
Инновациялық  əлеуеттің  компоненттерінің  жəне  функ-
цияларының аталған жиынтығы, тұлғалық сапаларды, қабілеттерді, 
психологиялық  күйлерді,  инновациялық  педагогикалық  іс-əрекет 
үдерісінде дамудың жоғары деңгейлеріне қажет білімді, біліктер мен 
дағдыларды көрсетеді. 
Инновациялық əлеует білім беру субъектілерінің инновациялық 
іс-əрекетке  дайындығын,  мүмкіндіктерін  алдын  ала  анықтайды, 
сондықтан  бұл  тұлғаның  əлеуетін  инновациялық  белсенділікті, 
танымдық 
дербестікті, 
кəсіби 
креативтілікті 
дамытудың 
мүмкіндіктерін  көрсететін  интегративті  сапа  ретінде  қарастыруға 
болады.  Педагогтің  инновациялық  əлеуетінің  акмеологиялық 
сипаты оның өзгеше ерекшелігін білдіреді, ол тұлғалық жəне орта 
инновациялық əлеуеттерінің тиімді өзара əрекетіне негізделеді. 

270
271
Білім  беру  субъектісінің  инновациялық  əлеуетін  инновациялық 
құзырлылықта  дамыту,  жаңа  идеяларды,  шешімдерді  құруды 
жүзеге  асыру  үшін  инновациялық  білім  беру  өнімдерін  білім  беру 
тəжірибесінде  жобалауды  практикалық  қолдануға  бағытталған 
ғылыми-білім  беру  ортасын  құру  арқылы  ұсынуға  болады.  Мұнда 
ойлау  жаңа  өнімді  құруға  бағыттылықпен,  танымдық  іс-əрекетте 
жаңа құрылымдардың пайда болуымен сипатталады. 
Инновациялық  білім  беру  іс-əрекетін  жүзеге  асыру  үшін 
студенттер  мен  оқытушылардың  тұлғалық  ұғымдарын,  интеллект 
қабілеттерін жəне креативтілігін өзектілеу қажет. 
Инновациялық дамудың жүйе құраушы факторы ретінде адамның 
іс-əрекеттің жоғары формаларындағы мəнін жүзеге асыру ретіндегі 
өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі маңызды ету үдерісі алынады: кəсіби 
өсуге  дайындық,  ұйымдастырушылық,  зерттеуші  қабілеттер, 
бастамашылдық,  мақсатқа  ұмтылушылық,  креативтілік,  мақсатқа 
жетудегі  табандылық,  көшбасшылық,  тұлғаның  инновациялық 
белсенділігін анықтайтын жиынтықтар. 
Тұлғаның  инновациялық  əлеуетін  дамытудың  мотиві  ретінде 
инновациялық  іс-əрекетті  жүзеге  асыруға  қажеттілік,  оны  кəсіби 
іс-əрекеттің  алуан  түрлі  жағдаятында  қолданудың,  меңгерудің 
қажеттілігін  ұғыну  алынады.  Нəтиже  ретінде  субъектінің 
инновациялық əлеуетін дамытудың əрекеттік-инновациялық деңгейі 
алынады,  оның  көрсеткіштері  ретінде,  мотивтер,  инновациялық 
құзыреттілік, «Мен-таратушы»  инновациялық  əлеуетті  ұстануы 
алынады. 
Акмеологиялық  аспектілерге  маңызды  орын  беріледі,  себебі 
олардың зерттелетін құбылыстарды ғылыми болжау, диагностикалау 
жəне кері байланыс функцияларын орындап, инновациялық əлеуетті 
дамыту  үдерісінің  жалпы  стратегиясының  жүктемесін  алады. 
Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялығының жəне өнімділігінің 
өзара  негізделуінде  көрінетін,  жоғары  оқу  орнының  ғылыми-білім 
беру ортасында, тұлғаның инновациялық əлеуетінің акмеологиялық 
принципін айқындау қажет. 
Психологиялық 
детерминизм 
жəне 
даму 
принциптері 
(К.А.Абульханова-Славская,  Л.И.  Анциферова,  А.В.  Брушлинский, 
А.А. Деркач,  С.Л. Рубинштейн) өзіндік дамытуға ынталандыратын 
ішкі  жағдайларды  анықтайды,  оның  детерминанттарын  көрсетеді. 
Детерминизм принципінің спецификасы, тұлғаның сыртқы жəне ішкі 
əлеуетін  ашумен,  өзін-өзі  жетілдіру  үдерісі,  тұлғалық  дамытудың 
қозғаушы  күштерінің  қарастырылуымен    анықталады.  Тұлғаның 
əлеуметтік детерминациясы жекеленген деңгейге өтіп келеді. Даму 
принципі бір бағытта – тек прогресте, өзін-өзі жетілдіруде, жоғары 
деңгейге қозғалыста жүзеге асырылады. Мұнда дамудың субъектілі 
сипаты,  оның  қарама-қайшылықтар  арқылы  жүзеге  асырылуы, 
субъектінің шығармашылық əлеуетті жүзеге асыруымен танылады. 
Құзыреттілік  тұғыр  қазіргі  білім  берудің  теориясы  мен 
тəжірибесіндегі инновациялық үдерістерді көрсетеді, оқу сабақтарын 
қалыптастыру үдерісімен, жоғары оқу орнында оқу-тəрбие үдерісін 
ұйымдастырудың  маңызды  компоненті  ретінде  интеллектуалды 
біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру  үдерісімен  арақатынаста 
болады. 
Инновациялық  іс-əрекеттің  құзырлылықтарын,  қалыптастыру 
мақсаттарын  кəсіби  білім  беру  жүйесіне  алмастыру  оның  дуальды 
сипатын  білдіреді:  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  жоғары  оқу 
орнындағы  білім  беру  үдерісінің  қатысушылары  мен  субъектілері 
ретінде  инновациялық  іс-əрекет  құзырлылығын  меңгеру  үшін 
жағдай  құруы  керек.  Педагогикалық  білім  бойынша  білім  беру 
бағдарламасын меңгерген түлектер, мектептегі білім беру үдерісінің 
субъектісі  ретінде,  педагог  ретіндегі  жаңа  рөлде,  білімгерлердің 
инновациялық  іс-əрекетінің  құзырлылығын  қалыптастыруы  керек. 
Дəл  осы  дуальдылық  педагогикалық  білімді  кез  келген  білімнен 
айрықшалайды,  педагогикалық,  ғылыми-педагогикалық  кадрларды 
даярлаудың  инновациялық  бағыттылығын  жеделдететін,  білім 
беру  стандарттарын  жүзеге  асырудағы  жаңа  тұғырларды  іздеуге 
міндеттейді. 
Инновациялық іс-əрекет білім беру саласының нарығында белгілі 
бір  мекеменің  бəсекеге  қабілеттілігі  үшін  негіз  құрап  қоймайды, 
сонымен  бірге,  педагогтің  кəсіби  өсуінің,  оның  шығармашылық 
ізденісінің  бағыттарын  анықтайды,  білімгерлердің  тұлғасының 
өсуіне ықпал етеді. 
Білім  беру  кеңістігінің  инновациялық  бағыттылығын  қа-
лыптастыру  бірнеше  жолдар  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін: 
түлектердің  инновациялық  іс-əрекетке  дайындығына  қойылатын 
біліктілік  талаптардың  тізіміне  енгізу;  инновациялық  білім  беру 
технологияларын  жүзеге  асыру;  инноватиканың  алуан  түрлі 
саласындағы жаңа оқу пəндерін қазіргі білім беру бағдарламаларына 

272
273
енгізу;  педагогикалық  білім  беру  бойынша  магистратураның  білім 
беру бағдарламаларының жаңа профильдерін құрастыру. 
Акмеология  іс-əрекетте  кəсібиліктің  шыңдарына  жетуге  ықпал 
ететін, кедергі келтіретін факторлар туралы ғылым ретінде, кəсібилік 
пен  шығармашылықтың,  креативтілік  пен  инновациялықтың 
арақатынасы 
мəселесін 
қарастырады. 
Болашақ 
мұғалімді 
педагогикалық іс-əрекетке даярлаудың маңызды мəселелерінің бірі 
ретінде,  шығармашылық  іс-əрекетке  дайындықты  дамыту,  білім 
беру өнімдерін құру, оларды білім беру үдерісіне енгізу алынады. 
«Креативтілік»  жəне  «инновациялық»  ұғымдары  тығыз 
байланысты.  Креативтілік  шығармашылық  үдерісімен,  жаңа 
идеяларды  іздестірумен  байланысты,  оларды  таратуға  болады, 
алайда  инновациялықтың  сипатына  олар  практикалық  іс-əрекетте 
қолданылған жағдайда ие болады. 
Философия  жəне  əлеуметтану  тұрғысында,  шығармашылық 
«нəтижесі  жаңа  материалды  жəне  рухани  құндылықтарды  құру 
болып  саналатын  іс-əрекет»  ретінде, «сапалық  жаңа  материалды, 
рухани  құндылықтарды  құратын  адамзат  іс-əрекетінің  үдерісі» 
ретінде  қарастырылады.  Психология  ғылымында  шығармашылық 
өзара  байланысқан  екі  аспектіде:  əлеуметтік  жəне  жеке  мəні  бар, 
материалды жəне рухани, жаңа құндылықты құрудың психологиялық 
үдерісі  ретінде;  оны  осы  үдеріске  енгізуді  қамтамасыз  ететін 
тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. 
Ф.Н.  Гоноболин  шығармашылық  іс-əрекетке  келесі  анықтама 
береді: «үлкен  қоғамдық  құндылығы  бар,  еңбектің  бірегей, 
жаңа  өнімдерін  беретін  іс-əрекет».  Бұл  іс-əрекет  жаңаны  іздеуді, 
шабыттануды,  шығармашылық  қиялды,  яғни  бейнелер  мен 
ұғымдарды  дербес  құруды  қамтиды,  оларда  тəжірибеде  тікелей 
болмаған бейне көрініс табады, алайда шынайының элементтерінен 
əрдайым  құрастырылған,  бірақ  ол  болмысты  білдіреді  (шынайы 
жəне  фантастикалық)».  Н.Ф.  Вишнякова  шығармашылық  іс-əрекет 
деп «адамның ішкі əлемін, креативтілігін танудың жолы ғана емес, 
сонымен бірге осы ішкі əлемді түсінудің жəне көрсетудің нəтижесі» 
ретінде түсіндіреді. 
Сондықтан мамандарды шығармашылық іс-əрекетке даярлаудың 
жетекші  компоненті  ретінде,  оның  инновациялық  креативтілігін 
дамыту  алынады,  ол  субъектінің  инновациялық  іс-əрекетке 
мотивация  дəрежесімен,  шығармашылық  қабілеттердің  даму 
деңгейімен,  таңдау  еркіндігімен,  интеллектуалды  күштерді  жəне 
ерікті күш-қуатты жұмылдырумен сипатталады. 
Білім  берудің  қазіргі  заманғы  жүйесі  оқытушыларға  нəтижелі 
педагогикалық  іс-əрекеттің  заңдарын  білмей,  инновациялық 
креативтіліксіз жүзеге асырылмайтын талаптарды ұсынды. Креатив-
ті  білім  беру  шығармашылық  арқылы  оқытуды  қамтиды,  сондық-
тан  ол  шығармашылық  іс-əрекетті  белсендіруге,  білімгерлердің 
шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  бағдарланады.  Алайда 
креативті  білім  беру  шығармашылыққа  оқытуды  да  қамтиды, 
атап  айтсақ,  жаңа  идеяларды  генерациялау  əдістерін,  стандартты 
емес  мəселелерді  шешу  əдістерін  оқытуды  қамтиды.  Осылайша, 
қазіргі  заманғы  психологиялық-акмеологиялық,  педагогикалық 
əдебиеттерде  кəсіби  шығармашылықтың  мəнін  анықтауға  қатысты 
алуан  түрлі  тұғырлар  қарастырылды,  алайда  оның  өзгермейтін 
өлшемі  ретінде,  іс-əрекеттің  жаңашылдығы  мен  нəтижелілігі 
алынды. 
Білім  беру  нəтижесі  білім  беру  бағдарламасын  орындау 
нəтижесінде жүзеге асырылады. Бағдарламаның мəні, материалды, 
əрекеттік  құралдарды,  осы  құралдардың  қызмет  ету  тəсілдерін 
ұйымдастырудың 
мақсаттары 
мен 
міндеттерін 
сипаттауда 
көрінеді.  Сондықтан  С.В.  Матюшенконың  пікіріне  сəйкес,  білім 
беру  нəтижесіне  білім  беру  технологияларын,  əдістемелерін, 
оқулықтарды  (оқу  құралдарын),  оқу  бағдарламаларын,  дəрістер 
жəне  іс-шаралар  конспектісін,  өзіндік  жəне  меңгерген  əдістемелік 
тəсілдерді жатқызуға болады. 
Инновациялық  үдеріс  тапсырылған  өнімді  алу  үшін,  тікелей 
білім  беру  үдерісіне  идеяларды  генерациялаудан  оны  ендіруге 
дейінгі əрекеттер тізбегін жасау қажет, ал өнімді іс-əрекетке ендіру, 
инновациялық  іс-əрекетті  шығармашылықтан  айрықшалайтын 
ерекше  белгі  болып  саналады.  Осылайша,  білім  беру  нəтижесін 
оқу-білім беру үдерісіне ендірумен қамтамасыз етілетін, педагогтің 
шығармашылық  іс-əрекетін  инновациялық  іс-əрекет  ретінде 
қарастыруға болады. 
Сонымен,  қойылған  міндетті  шығармашылықпен  саналы 
ұғынуды  көрсететін  креативтілік,  инновацияның  базисі  болып 
саналады.  Инновациялық  өнімді  құру  үшін  креативті  ойлауды, 
стандартты  емес  тəсілді  қолдану  қажет,  аталған  өнімдегі  жаңа 
сапаны табу керек. Нəтижесінде, креативтілік белгілі əсерді алуды 

274
275
қамтитын,  нақты  ғылыми-практикалық  мақсатты  орындауға 
бағытталған, шығармашылық қабілет болып табылады, ал тұлғаның 
шығармашылық  əлеуеті  қазіргі  заманғы  талаптарды  ескеріп, 
дамытуға  қажет  тұлғаның  құндылығы,  инновациялық  əлеуетті 
қалыптастырудың негізі болады. 
Сондықтан, инновациялық шығармашылық іс-əрекетке қабілетті, 
өзіне жəне қоршаған адамдарға шығармашылық қатынас білдіретін, 
өзіндік  дамытуға,  тұлғалық  өсуге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру 
маңызды болып табылады. 
Кəсіби білім берудің қазіргі жүйесіндегі акмеологиялық тұғыр, 
шығармашылық əлеуетті ынталандырудан, педагогтардың кəсіби іс-
əрекетте  жетістікке  жету  үшін  тұлғалық  ресурстарды  анықтаудан, 
нəтижелі қолданудан құралады. 
Б.Г.  Ананьев  жəне  Н.В.  Кузьмина  адамды  кəсіби  іс-əрекеттің 
белсенді субъектісі ретінде қарастырады, ол кəсібиліктің шыңдарына 
туындайтын проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы жете алады. 
Бұл  тұрғыда  акмеологиялық  тұғыр  педагогтардың  инновациялық 
іс-əрекетіне  дайындықты  біртұтас  даму  контексінде  қарастырудың 
қажеттілігін  қамтиды,  мұнда  олардың  дара  жəне  субъективті-
əрекеттік  сипаттамалары  бірлікте  қарастырылады.  Акмеологиялық 
тұғыр педагогтардың ішкі мүмкіндіктерін табуға мүмкіндік береді. 
Педагогтардың инновациялық іс-əрекетке дайындығы инноватика 
саласында педагогтардың кəсіби білім беруімен байланысты болады. 
Инновациялық  іс-əрекетке  дайындық  категориясына  толық 
тоқталамыз.  Педагогикалық  іс-əрекетке  дайындық,  біртұтас 
дара  даму  контексінде,  іс-əрекетте  көрініс  беретін,  дамитын, 
тұлғаның  интегралды  сапасы  ретінде  қарастырылады.  Педагогтің 
инновациялық  іс-əрекетке  дайындығы,  инноватика  саласында 
білім  беру  міндеттерін  тиімді  шешуге  ықпал  ететін,  тұлғалық-
кəсіби  сапалардың  жиынтығы  ретінде  түсіндіріледі.  Педагогтің 
инновациялық  іс-əрекетке  дайындық  ұғымының  мазмұнын 
құрастыруда,  іс-əрекеттің  психологиялық  жүйесін  қалыптастыру 
үдерісінің  (іс-əрекеттің  жүйелі  генезі)  сатылы  сипаты  болатыны 
есепке  алынады  (Шадриков  В.Д.),  сондықтан  инновациялық 
педагогикалық  іс-əрекетке  дайындықтың  деңгейлері,  оның 
компоненттерінің даму дəрежесімен анықталады. 
Əртүрлі  əдебиет  көздеріне  аналитикалық  шолу  негізінде, 
педагогтардың  инновациялық  іс-əрекетке  дайындығының  негізгі 
компоненттерінің мазмұнын анықтауға болады: 
• Мотивациялық компонент – инноватика мəселесінде білім беру 
деңгейін  арттыру  арқылы  тұлғалық  өсуге,  инновациялық  іс-əрекет 
саласында кəсіби өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік жəне ұмтылыс. 
Педагогтардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды 
ендірудің  қажеттілігі  мəселесіне  қатынасымен,  теориялық 
мəселелерге  тұрақты  қызығушылығымен,  инновация  саласында 
ғылыми  зерттеулерге,  практикалық  іс-əрекетке  қызығушылықпен 
сипатталады. 
•  Когнитивті  компонент – инноватика  мəселесі  бойынша  ақпа-
раттандырудың  дəрежесі,  базалық  деңгейі  жəне  білім  сапасы. 
Педагогтің  теориялық,  практикалық  əдістемелік  білім  деңгейімен, 
олардың  инновациялық  іс-əрекет  саласындағы  негізгі  ұғымдарды, 
категорияларды  жəне  заңдылықтарды  əрекет  етуді  меңгеру 
дəрежесімен, шеберлігімен сипатталады. 
• Тұлғалық компонент инновациялық іс-əрекет саласында білім 
беру үдерісінің субъектісі, кəсіпқой, тұлға ретінде адекватты бағалау 
қабілетін, шығармашылық қабілеттерді қамтиды. 
•  Əрекеттік  компонент  инновациялық  іс-əрекет  саласындағы 
біліктер  мен  дағдыларды  меңгеру  дəрежесін  қамтиды.  Аталған 
компонент  білімді  практикалық  қолдану  саласына  алмастыру 
шеберлігімен  сипатталады.  Айқындалған  компоненттердің  даму 
дəрежесі,  нəтижесінде  педагогтің  инновациялық  іс-əрекетке 
дайындық деңгейін анықтайды. 
Педагогтардың  инновациялық  іс-əрекетке  дайындығын  жетіл-
діру – педагогтің инновациялық іс-əрекетке дайындығын жетілдіру-
ге ықпал ететін, жетекші детерминанттары акмеологиялық фактор-
лар болып саналатын, күрделі ұйымдастырылған үдеріс. 
Инновациялық тұлғаны инновациялық іс-əрекетке деген дамыған 
мотивация,  өзін-өзі  жүзеге  асырудың  жоғары  əлеуеті,  қалыптасқан 
мінез-құлықтық  стереотиптерді  өзгертуге  дайындық,  белгісіздікке 
толеранттылық,  сонымен  бірге  тұлғаның  инновациялық  əлеуетіне 
енетін басқа сапалар айрықшалайды. Инновациялық əлеует ұғымы, 
«инновациялық  іс-əрекет  феноменінің  тұжырымдамалы  көрінісі» 
болды. 
Инновациялық  əлеуеттің  шығармашылықпен,  креативті  ойлау-
мен  байланысы,  оның  тұлғалық  əлеуеттің  негізгі  элементтерін 
қамтитын күрделі құрылымын білдіреді. 
Білім  берудің  инновациялық-бағдарланған  жүйесіне  мамандар-

276
277
ды даярлаудың ерекше мəні болады, себебі кəсіби іс-əрекет қазіргі 
кезде  өзін-өзі  жүзеге  асыру  тəсілдері  мен  оңтайлы  білім  беру  ор-
тасын  анықтаудағы  дербес  белсенділікке  негізделеді.  Кəсіби-
педагогикалық  білім  берудегі  инновациялардың  мəнін  түсіндіру 
қажет,  бұлай  түсіндіру  жобалаушы,  инновациялық  іс-əрекетте 
антропологиялық  негіздемелер  контексінде  қарастыруға  мүмкіндік 
береді. Қазіргі кезде, тұлғаның инновациялық əлеуеті өзектіленетін 
білім беру ортасын жобалау туралы мəселенің маңызды мəні болады. 
Жоғары  оқу  орнында  инновациялық  білім  беру  ортасын  құру, 
акмеологиялық тұғырда жүзеге асыруға ықпал етеді, ол мамандар-
ды білім беру ортасындағы аса толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруға, 
аса  жоғары  жетістіктерге  бағдарын  қалыптастыруға  бағытталған, 
оңтайлы,  қалыптасқан  білім  беру  ортасының  деңгейін  қайта  құру 
стратегиясын анықтайды. 
Акмеологиялық  тұғыр  білім  беру  ортасын  төмендегідей  негіз-
дейді: 
– болашақ маманның құрамы мен шекарасында тұлғалық-кəсіби 
дамыту үдерісін оңтайландырудың потенциалды мүмкіндігі;
–  жаһандық  білім  беру  ортасына  интеграциялау  үшін  əлеуеті 
бар  мамандарды  кəсіби  жəне  тұлғалық  дамытудың  акмеологиялық 
жағдайлары мен факторларының үйлесімі;
–  мамандарды  даярлау  жүйесінде  сатылы  түрде  толықтырыла-
тын қалыптастырудың акмеологиялық механизмдерінің жиынтығы. 
Кəсіби  іс-əрекетте    тұлғаның  өзін-өзі  жүзеге  асырудың  пси-
хикалық  мүмкіндіктерінің  (интеллектуалды,  эмоционалды,  энер-
гетикалық  жəне  ерікті)  интегралды  сипаттамасы  ретінде  акме-
инновациялық  əлеует  туралы  болжам  жасауға  болады.  Өзінің 
табиғаты  бойынша,  тұлғаның  акме-инновациялық  əлеуеті,  оны 
қалыптастыруға,  дамытуға,  байытуға  арнайы  бағытталған  іс-
əрекеттің,  өмір  сүру  əрекетінің  (еңбек,  таным  жəне  қарым-
қатынас) нəтижесі болып табылады. Ол адам үшін ерекше маңызды 
жағдайлардың,  оны  қоршаған  əлеуметтік  жағдайлардың  əсерімен, 
оның  бүкіл  өмірлік  жолының  бойында  қалыптасады.  Кəсіби  білім 
беру  жүйесі  үшін  тұлғаның  мотивтерімен,  қызығушылықтарымен, 
бағдарларымен  оңтайлы  арақатынаста  болатын,  дара  білім  беру 
ортасын  жобалаудың  əлеуметтік  функциясын  өзіне  қабылдауды 
саналы ұғыну маңызды болып табылады. 
Инновациялық  орта  кəсіби  салада  инновациялық  іс-əрекетке 
даярлықтың  негізгі  критерийі  ретінде,  тұлғаның  инновациялық 
белсенділігін дамыту, білімнің алуан түрлі саласындағы іргелі жəне 
қолданбалы зерттеулерді дамыту, жаңа өнімдерді, технологияларды 
құру,  жаңа  идеяларды  генерациялау  үшін  қажет  инновациялық 
əлеуетті оңтайландырудың механизмі болады. 
Жоғары  оқу  орнындағы  инновациялық  білім  беру  ортасы,  
болашақ  мұғалімді  инновациялық  педагогикалық  іс-əрекетке 
даярлаудың  мазмұнын  жүзеге  асырудың  басты  шарты  болып 
табылады. Инновациялық ортаның мақсаты ретінде, инновациялық 
іс-əрекеттің  құзырлылығын  қалыптастыру  жағдайларын  қамтама-
сыз  ету,  білім  беру  субъектілерінің  инновациялық  əлеуетін  жүзеге 
асыру,  тұлғаны  қалыптастыру,  инновацияларды  құрастыруға, 
таратуға, ендіруге қатысудың жеке тəжірибесін меңгеру; өзіндік білім 
алудың, кəсіби өсудің мүмкіндіктерін кеңейту, инновация саласында 
ғылыми  жəне  іскерлік  белсенділікті  интеграциялау;  перспективті 
инновациялық жобаларды практикалық жүзеге асыру алынады. 
Акмеологиялық  орта  құрылымдық-функционалды  құрылым 
ретіндегі дамытушы ортаның барлық белгілеріне ие болады. Орта-
ның қалыптасу деңгейінің, субъектінің тұлғалық-кəсіби дамуының 
өзара  тəуелділігінің  акмеологиялық  заңдылығы  дəлелденген. 
М.И.  Плугинаның  пікірі  бойынша,  акмеологиялық  орта  əрбір 
құрылымдық компоненттің қызмет ету үдерісінде туындайтын жəне 
құрылатын  жағдайлардың  жиынтығымен  беріледі:  мега-,  макро- 
жəне  микрофакторлардың  əсерімен  болатын  кəсіби,  білім  беру, 
акмеологиялық  қамтамасыз  ету  тұлғаның  кəсіби  қалыптасуының 
əрбір сатысын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өзін кəсіпте 
жүзеге асыруды, кəсібиліктің шыңдарына жетуді қамтамасыз етеді. 
Инновациялық  белсенділікті  қалыптастырудың  мотиві  ретінде 
инновациялық  іс-əрекетті  жүзеге  асырудағы  қажеттілік,  кəсіби  іс-
əрекет  үдерісінде,  құрылатын  оқыту  жағдайында  оларды  меңгеру 
мен  қолданудың  қажеттілігін  саналы  ұғыну  алынады.  Инновация-
лық  іс-əрекетке  даярлықты  қалыптастыру  бойынша  əрекеттер 
білімгерлердің кəсіби идентификациясына, олардың қазіргі заманғы 
кəсіби  даярлау  контексінде,  кəсіби  жəне  тұлғалық  сапаларға 
бағдарлануына  бағытталған.  Қалыптастырудың  нəтижесі  ретінде, 
инновациялық  іс-əрекетті  жүзеге  асыруға  даярлық  алынады,  оның 
көрсеткіші  ретінде  мотивтер,  білімдер,  шығармашылық  мəдениет, 
«инновациялық Мен-таратушы əлеуетін» ұстану алынады. 
Қазіргі кезде адамның жеке қатысу мүмкіндігін, өзінің біліміне 
əсерді  негіздейтін  психологиялық-білім  беруші  бағдарламалар  мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет