7.1. - кесте
Аз метражды (А) және толық метражды (В) пәтерлер ауданының жоғарғы шегі
Бөлмелер саны
|
Пәтерлердің ауданы
|
А
|
Б
|
Қала
|
Ауыл
|
Қала
|
Ауыл
|
1
|
28
|
38
|
36
|
44
|
2
|
44
|
50
|
53
|
60
|
3
|
56
|
66
|
65
|
76
|
4
|
70
|
77
|
77
|
89
|
Пәтердегі ең жақсы бөлмелерді ұйықтайтын бөлмелерге беру керек, өйткені олар демалуға, ұйықтауға, көңіл аударып жұмыс атқаруға (жұмыс кабинеті болмаған жағдайда), науқастанған жағдайда болуына және т.б. арналады. Ұйықтайтын бөлменің ең аз ауданы 8 м2 кем болмау керек. Гигиенистердің пікірі бойынша, ата–аналардың ұйықтайтын бөлмелерінің ауданы 12-15 м2 болу керек. Бір бөлмеде ұйықтайтын адамдар саны 2-ден (ерлі зайыптылар, бір жыныстағы адамдар) артық болмауы керек. 12-14 жастан асқан әр жыныстағы балалардың жеке ұйықтайтын бөлмелері болуы керек. Ұйықтайтын бөлмелер өтпелі болмауы тиіс.
Күндіз болуға арналған бөлмелердің (қонақ бөлме, ас үй) ауданы 16 м2 кем болмауы керек. Оны кез-келген бағытқа еркін бағыттауға болады, бірақ, оңтүстікке бағытталғаны дұрыс, сондай-ақ, бұл бөлме өтпелі болуы мүмкін. Адамдар тұратын бөлмелердің биіктігі 2,5 м-ден кем болмауы керек, бірақ қолайлырағы одан да жоғары шамалар - 2,75-2,9 м болып табылады. Бөлменің ауданын ұлғайту есебінен биіктігін төмендетуге болмайды, себебі, бөлме төбесінің астында жиналған қызған, ластанған ауаны шығару үшін, оны мен адамның басы деңгейіндегі ауа қабатының арасында 0,3-0,5 м кем емес ауа қабаты болуы керек.
Қосалқы бөлмелердің ішіндегі ең маңыздысы - асүйі болып табылады, онда ас пісіріледі және тұрғындар, көбінесе тамақтанады да. Асүйі ас дайындау кезінде үнемі ластанып отыратындығын және онда әр түрлі тұрмыстық электр құрал-жабдықтары (мұздатқыш, ыдыс жуатын машина, қысқа толқынды пеш және т.б.) орналасатынын ескеріп, асүйнің ең аз ауданы 8 м2 кем болмауы керек. Тек бір бөлмелі және ауданы шағын екі бөлмелі пәтерлерде ас үйінің ауданын 5 м2 етіп жоспарлауға рұқсат етіледі.
Асүйін су құбырымен және канализациямен қамтамасыз ету үшін, санитарлық жүйені оның жанында орналастырады. Ванна бөлмесінің ең аз ауданы 3,5 м2, ал әжетхананың - 0,96 м2 кем болмауы тиіс. Бір бөлмелі пәтерлерде біріктірілген санитарлық жүйені орнатуға рұқсат етіледі.
Қолайлы бағытталған (оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс) балкондар, лоджиялар мен верандалар сауықтыратын, сондай-ақ, емдік маңызы бар.
Оңтүстік ендікте галерея түріндегі үйлерді де салады, үйлердің бұл түрінде барлық пәтерлердің есіктері галереяға шығады, соның арқасында барлық бөлмелер қолайлы бағытталады, ал галерея таза ауаның қосымша резервуары болып табылады.
Қонақ үйі немесе дәліздік түрдегі үйлерде пәтерлер бір дәліздің екі жағында орналасады. Бұлай етіп көбінесе жатақханалар мен қонақ үйлерін салады. Бұндай жоспарлау кезінде бөлмелердің өтпелі желдетілуі қиындайды, аурулардың қоздырғыштары таралуына қолайлы жағдай туады, коммуналдық шу деңгейі жоғары болады, қосымша бөлмелердің саны азаяды.
Жатақханалардың адам тұратын бөлмелері, ауданы әрбір тұратын адамға ауданы 6,0 м2 кем болмаған кезде, 3 адам ғана тұруына есептеледі. Бөлмелер өтпелі болмауы қажет. Оларды әдетте, қосымша бөлмелермен бірге (ас үй, санитарлық жүйе, кіреберіс), сиымдылығы, жеке бастылар үшін 12 адамнан артық емес және отбасылы адамдар үшін 3 адамнан көп емес адамдар тұратын ұяшықтарға топтастырады
Қазіргі кездегі тұрғын үйлер пәтерлерінің жайлырақ өлшемімен ерекшеленеді. Мысалы, қонақ бөлмелердің ауданы 24-30 м2, ұйықтайтын бөлменің - 15-18 м2, асүйдің - 12-14 м2 -ге дейін жетеді. Кіреберістер, ванна бөлмелері мен әжетханалардың да аудандары үлкейді. Пәтерлердің, адамдар тұратын бөлмелердің де, қосымша бөлмелердің де аудандарының ұлғаюы, сөзсіз, ауа алмасудың жақсаруына, ластану деңгейінің төмендеуіне, психологиялық және физиологиялық комфорт болуына жағдайлар туғызады.
Ауыл тұрғындарының жеке тұрғын үйлері, ауылдық жерлердегі кейбір өзіне тән тіршілік жағдайларын ескеріп, жоғарыда аталған барлық гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Мысалы, ауылдық адамдар тұратын үйлерде, тұрғын бөлмелерден, асүй, әжетхана, ванна бөлмесі, кіреберістен басқа, әйнектелген верандалар салынуы, жұмыс киімдері мен қысқы киімдер, сыртқы киім сақтайтын орындарды қарастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |