Жеке адамдық компьютерлердің (ЖАК) электромагниттік өрісі адам ағзасына қолайсыз әсер етуі мүмкін. Бұл сәулеленулер ағзадағы сұйықтықтардың құрамын өзгертіп және ағзаға бірқатар минералды заттардың қажеттілігін өзгертіп, адам ағзасындағы биологиялық үрдістерге әсер ететінің, зерттеулер көрсетіп отыр. Бұл кезде бір шұғыл ағзадан шығуы жоғарласа заттардың жоғарласа (Ca, Ba, Al), басқаларының шығуы шұғыл азаяды (Fe, P), яғни минералдардың алмасуында белгілі бір бұзылыстар жүреді. Бұл жеке адамдық компьютерледің ЭМӨ-нің жасуша мембраналарының иондық өзекшелеріне тікелей әсер етуімен, немесе гормондары минералды заттардың алмасуына бүрек үсті безінің белсенділігі артуымен түсіндіріледі.
Айнымалы электромагниттік өріс елеулі физиологиялық реакция тудыратыны және ағзаның иммунды, жүйке және жүрек-қантамыр жүйелерінде және көру анализаторларында бұзылулар пайда болуына әкеп соғатыны белгілі. Компьютермен ұзақ жұмыс істегенде астениялық, астено-невроздық синдромдар, вегетотамырлық дисфункция дамиды. Бас ауруы, ашушаңдық, тез қажығыштық, ұйқысының бұзылуы негативті эмоционалдық жағдайлар (жиі депрессия) байқалады. Еңбекке қабілеттілігі, ақпараттарды қабылдау және өндеу жылдамдығының, есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалады. Жүрек тұсының ауруы, брадикардия, ангиоспастикалық реакциялармен ауысып отыратын артериалды қан қысымның төмендеуі жиі кездеседі. Эндокриндік жүйеде, зат алмасуында бұзылулар болуы, атап айтқанда қалқанша безінің белсенділігінің төмендеуі мүмкін.
Электростатикалық өрістің биологиялық әсері негізінен астено-невроздық синдром мен вегетотамырлық дистония түріндегі қайтымды функционалдық өзгерістерімен білінеді. Мұнан басқа, электросатикалық өріс микробөлшектерді, шаң бөлшектерін «зарядтайтын» және олардың қонуына кедергі келтіретін қабілеті бар, соған байланысты мұндай шаң «коктейлімен» тыныс алу теріде, көзде, жоғарғы тыныс жолдарында және басқаларда аллергиялық аурулар дамуына алып келеді. Мысалы, дисплейлермен күніне 2-6 сағат және одан да артық уақыт жұмыс істегенде, экземамен ауру қаупі жоғарлайтыны туралы мәліметтер бар.
Дисплейлермен жұмыс істеу кезінде тіркелетін рентген сәулеленуінің қарқындылығы өте аз болады. Бірақ оған қарамастан тіпті мұндай дозаларда да ағзаға қолайсыз әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды. Бірқатар бақылаулар негізінде, кәсібіне байланысты компьютермен жұмыс істейтін әйел адамдарда жүктілік ағымының бұзылуы, түсік тастаулар, балалардың туа біткен ақаулармен дүниеге келуі жиі байқалатыны көрсетілген. Бейне дисплейлік терминалдардан шығатын электромагниттік өрістердің кең спектрлі жиілігінің биологиялық белсенділігі монохроматикалық сәулеленудің белсенділігінен жоғары болуы мүмкін. Рентген сәулесі де ауаның иондануына мүмкіндік туғызады және жұмыс бөлмесінде бейне дисплейлік терминалдардың саны көп болған кезде ауада ағзаға теріс әсер ететін, оң зарядталған иондардың жиналуына әкеп соғады.
Сұйық кристалды мониторлардан сәулеленетін барлық сәулелену түрлерінің деңгейі, электронды сәулелі түтікті мониторларға қарағанда, көп төмен болады, себебі сәулеленудің негізгі көзі – электронды сәулелі түтік, ол сұйық кристалды мониторларда болмайды. Сонымен қатар, ноутбуктардың кейбір түрлеріндегі электр энергиясына қосылатын жүйесінің импульсті түрленгіштері тудыратын айнымалы электромагнитті өрісі, электронды сәулелі түтікті мониторлардың ескірген түрлері шығаратын электромагниттік сәулеленулерден ешқандай да төмен емес.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарамастан, бейнедисплейлі терминалдармен жұмыс істеген кездегі электромагниттік өрістердің адам ағзасына тигізетін әсері туралы бір жақты жауап жоқ, себебі адамзат компьютердің алдында оншалықты көп «отырған» жоқ – небәрі 20-25 жыл.
Дисплеймен жұмыс істеу көру мүшесіне үлкен жүктеме түсіреді, зер салуды және бір нысаннан басқа нысанға тез ауысып қарауын, сонымен қатар, көру анализаторының күштенуін қажет етеді.
Көру қызметінің зорлануы (күштенуі) әр түрлі себептерге байланысты. Біріншіден, кітаппен жұмыс істегенде, көзге шағылысқан жарық түседі, ал БДТ-мен жұмыс істегенде – көз өзі жарық шығаратын нысандарды қабылдайды. (шамға қарағанмен бірдей), сондай-ақ, фон мен БДТ экрандағы символ арасында әдеттегіден өзгеше контраст түзіледі. Екіншіден, көзді төменге қарай бағыттап қарауға қарағанда, экранға көлдененң қарауда көздің фокусталуы қиын болады, қарауы - экраннан клавиатураға және керісінше - жиі ауысып отырады. Үшіншіден, көздің қажуы бейнелердің дискреттілігі салдарынан, олардың дірілдеуін немесе жылтылдауын саналы түрде ұғып немесе санасымен түсінбей де қабылдау есебінен дамиды. Электронды сәуле экран бетімен сол жақ жоғарғы бұрышынан оң жақ төменгі бұрышына қарай, жолдармен «жүгіріп өтеді». Уақыт бірлігіндегі өту саны монитордың кадр жиілігі деп аталады. Жиілігі 70 Гц төмен кезде экранның жылтылдауы байқалады. Мұндай режимде күніне 1 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Экранды жол ара сканирлейтін мониторлар кездеседі, бұл кезде кадр жиілігі 87 Гц құрайды. Жол ара жазатын кадр жиілігі көзге аса зиян. Экран өлшемінің кішілігі және үлкен жарықтығы, ақпараттар алмасуының жоғары жылдамдығы, экранда ақ дақтар, әр түрлі шағылысулар пайда болуы көзге теріс әсер етеді.
Монитор түрінің де үлкен маңызы бар. СК-мониторлардың экранында пайда болатын бейнелердің қалыптасу қағидасы көзге қолайлы: СК-мониторда әрбір нүкте «үздіксіз және үнемі жарқырап» тұрады, ал электронды сәулелі түтікті мониторлардың экранның бетімен кадр жиілігінің сәулелері өткенде, экранындағы нүктелер «жарқ ете түседі». Электронды сәулелі түтікті мониторлардың кадр жиілігі төмен болғанда экранда жылтылдау пайда болатыны осыдан. СК-мониторлардың экрандары жарықты әлсіз шағылыстырады, сондықтан да олардың экранында ақ дақтар болмайды.
БДТ-мен жұмыс істеушілердің көзіне әсер етуі «компьютерлік көру синдромы» (астенопатия) түрінде байқалады, ол кезде көздің алдында жамылғыға ұқсас құбылыс (пелена) пайда болады, заттың бейнесі айқын емес, «көздің шаршауы», дискомфорт, ауыру сезімдері, олардың қызуының көтерілуі, жарықтан қорқу, жасаурау, көзде қысым сезімі мен көздің ашуы, қабақ пен көз алмасының қызаруы, тітіркенуі, құрғақтық, қышуы, күйген сияқты сезімдер, көзге құм түскендей сезім пайда болады. Астенопатия жиілігі әр түрлі уақытта 40-тан 92 %-ға дейін құрайды. Компьютерлерде жұмыс істейтіндердің 30%-ынан артығында «құрғақ көз» белгілерін анықтайды. Операторлардың көбі жылтылдаушы бейненің қажу тудыратын әсеріне шағымданады. Бұл әсерге, әсіресе, балалар сезімтал келеді, дисплейден шығатын ырғақты сигналдар оларда тез өтетін, кейде секундтың бөлігінде болатын, ұстамаларды, естен тануларды, немесе қысқа мерзімдік жүрек айну, тұншығуды және т.с.с. өршітеді. Бұл бұзылыстардың негізінде бала ағзасының тырысуларға жоғары дайындығы жатыр. Баланың жасы кіші болған сайын, оның көру анализаторындағы қолайсыз реакциялары соншалықты көп болады. БДҰ сарапшыларының пікірінше төмен сапалы дисплейді қолдану жылына 1 дптр жылдамдықта миопияның дамуына себепші болуы мүмкін. Кейбір эпидемиологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша, БДТ қолданушыларда катаракта жиірек кездеседі. Қазіргі уақыттағы жеке адамдық компьютерлер шығаратын электромагниттік сәулеленулер денгейі катаракта тудыратын табалдырығынан бірнеше рет төмен болған мен де, компьютерлермен жұмыс істеу кезінде катаракта дамуы тұрғысынан электромагниттік сәулеленулер потенциалды қауіпті болып табылады.
Көру анализаторларына тигізетін әсерінен басқа, көзге көрінетін факторлар электромагниттік өріспен бірге орталық жүйке жүйесіне және жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етеді. БДТ жұмыс істейтін операторлардағы үрейлену, ашуланғыштық, көңіл-күйі түсіңкі болуы сияқты психоневрологиялық бұзылыстар 25-70% дейін ауытқиды, ұйқысының бұзылуы 15-45% жағдайда кездеседі. Зейін қоюы мен ұғуы төмендейді, ақпараттарды қайта өңдеу нашарлайды, басы ауыруы, тез қажығыштық мазалайды. Балалар үшін, әсіресе жасы кіші 6-10 жастағылар үшін, тез жауап беруге компьютерлік ойындар ең қажытқыш және зиянды болып табылады. Мұндай ойындардың есірткілік, өзіне тартатын әсері, олардың әсерінен баланың мінезі агрессивті және мейірімсіз болу мүмкіндігі дәлелденген.
Дисплейлермен жұмыс істеу кезіндегі көңіл аударуды қажет ететін асқынуларға қатысты айтсақ, ол міндетті түрде кездесетін өзгерістен гөрі, тезірек бірлі-жарым жағдай болып табылды. Мысалы, бас сүйегі жүйкелерінің – есту, көру және бет жүйкелерінің зақымдауымен жүретін орталық жүйке жүйесінің блогы түріндегі, әдеттегіден өзгеше сирек кездесетін, асқынулар жазылған. Оларды дер кезінде анықтаса, аурудың аяқталуы сәтті, кеш анықталса – алдын алу айту қиын.
БДТ жұмыс істеу гиподинамиямен, дененің мәжбүр қалыпта болуымен, клавиатурамен жұмыс істегенде қолдың көп қимыл жасаумен (олар 60-80 мыңға дейін жетуі мүмкін) сипатталады, ол қажу, зорығу, қол – басы , білезік сіңірлерінің, иық сіңірлерінің қынаптарының қабынуы (тендовагиниті), жарақаттанудан болатын эпикондилит, қолдың медиалды нервінің қысылып қалуы, омыртқа жотасының мойын және бел бөліктерінде невралгиялар сияқты кәсіби аурулардың дамуына әкеп соғады. Кіші жамбас қуысы тамырлары мен аяқ тамырларында қанның іркілуі себебінен аяқтарының, кіші жамбас қуысы, тамырларының варикозды кеңеюі, геморрой, простатит және т.б. дамиды. АҚШ-ң еңбек Министрлігінің мәліметтері бойынша, жеке адамдық компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі қайталанбалы жарақаттаушы әсері Америкаға 100 млрд доллар шығын келтіреді. Қызметкерлерге төленетін өтемақы астрономиялық өлшемге жетеді, ал кейбір зардап шеккендер қатты ауыру сезімдерімен және ұзақ уақыт еңбекке қабілеттілігі шектелуімен жаза тартуына тура келеді.
Компьютерлердің адам ағзасына қолайсыз әсер етуінің алдын алу көбінесе ҚР «Персоналды компьютерлерді, видиотерминалдарды пайдалануға және олармен жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (18.09.2004 ж.) СанЕмН келтірілген санитарлық-гигиеналық талаптарды орындаумен іске асырылады. Оның ішінде БДТ мен жеке адамдық электронды есептеу машиналарына (ЖАЭЕМ) қойылатын гигиеналық талаптарға маңызды орындардың бірі беріледі.
БДТ мен ЖАЭЕМ-ге қойылатын стандарттар алғаш рет шет елде дайындалды. 1990 жылы Шведцияның ұлттық стандарттар департаменті ЕЭО бекіткен MPR-II стандарты шығарылды. Бұл стандартқа оқтын-оқтын, компьютер техникасына қойылатын талаптарды барған сайын қатаңдата түсетін түзетілулер енгізіліп тұрады (Швед кәсіподағы федерациясының стандарттары: ТСО-92, ТСО-95, ТСО-99, ТСО-03). Қазақстанның стандарттары ТСО-ны және басқа да шет елдік стандартарды, соның ішінде Ресей стандарттарын ескеріп жасалған.
БДТ мен ЖАЭЕМ келесі параметрлері нормаланады:
иондаушы емес электромагниттік сәулелену параметрлерінің рұқсат етілген мәндері;
рентген сәулесінің экспозициялық дозасының қуаты;
көзге көрінетін параметрлері
монитор мен клавиатураны құрастыратын бөліктерінің параметрлері.
БДТ-ның электромагниттік сәулеленулерімен жұмыс істейтін жұмысшылар индукция зонасында болатындықтан, электромагниттік сәулеленудің кернеу деңгейі электрлік және магниттік құрамдастары бойынша жеке-жеке нормаланады және ол жиілік диапазонына байланысты болады. Жиілігі қаншалықты жоғары болса, ШРЕД соншалықты төмен болады. Иондаушы емес электромагниттік сәулеленулер мен рентген сәулеленулерінің рұқсат етілген деңгейлері 11.3 кестеде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |