Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындағы еңбек гигиенасы



бет262/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)

Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Жеке сақталып қалғанмен де шаруашылықтарда мал шаруашылығының дәстүрлі түрі сақталып қазіргі заманғы мал шаруашылығы (сүн өндірісі, ірі қара малды бордақылау өндірісі, жылқы шаруашылығы, шошқа, қой шаруашылықтары) және құс шаруашылығы өнеркәсіптік негізге ауыстырылған. Малдарды ірі өнеркәсіптік мал шаруашылығы кешендерінде ұстайды, оларда автоматтандыратын және механикаландыратын әр түрлі құралдары кеңінен қолданылады.
Ірі қара мал кешендерінде малдарға тікелей күтім жасайтындар сауыншылар, бұзау бағушылар, малшылар, жем дайындайтын цехтарының жұмысшылары. Олар жұмыстарын орындау кезінде өндірістік орта мен жұмыс үрдісінің әр түрлі факторларының әсеріне, атап айтқанда, ауаның және ортаның басқа да нысандарының химиялық және биологиялық ластануының, қолайсыз микроклиматың деңгейі, жоғары шудың, дене жұмысының және жүйкелік-эмоционалдық жүктемелердің әсеріне ұшырауы мүмкін. Дегенмен де, сиырларды сауу, жем әзірлеу, қора жайларды тазалау сияқты үрдістерді механикаландыру малшылардың еңбегін көп қолайлы еткенін айта кету керек. Мысалы, кезінде малды қолмен сауу ең қиын үрдіс болатын, қол басының жүйке-бұлшықет аппаратының қарқынды динамикалық жұмысын ғана емес, сондай-ақ олармен бірге білек пен иықтың үлкен бұлшықет топтарының статикалық зорлануын қажет ететін және оларда тендовагиниттер, нейромиалгиялар, шынтақ және орталық жүйкелердің невриттері, саусақтардың бүгілмелі контрактуралары және т.б. дамуының жиі себебі болған. Қазіргі уақытта негізінен машинамен сауу қолданылады, ол сауыншыларға түсетін дене жұмысының жүктемесін төмендететін.
Сонымен бірге, сауатын қондырғылармен сауу кезінде бір оператор 80-100 бас сиырды сауады жұмысты түрегеп тұрып орындайды, сиырдың желінін жуумен, уқалаумен, сауатын аппаратының стақандарын кигізумен, шешумен байланысты жиі қайталанатын біркелкі, қимылдар жасауды қажет етеді, соның салдарынан едәуір динамикалық және жүйкелік эмоционалдық зорланумен жүреді. Бұдан басқа, операторлар жүргізілетін сауу аппаратураны тазалау, жануарларды тазалау, қора-жайларды тазалау, бұзаулату және бұзауларды өсіру ауыр қол еңбегінің үлесін елеулі дәрежеде арттырады.
Мал шаруашылығы кешендеріндегі микроклиматтық жағдайлар зоогигиеналық талаптарға сәйкес ұйымдастырылады, олар әрқашан да санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келе бермейді. Мысалы, сиыр қораларда жылдың суық мезгілінде ауа температурасы 8-10ºС деңгейінде және одан да төмен болады, ал ауаның салыстырмалы ылғалдығы әдетте 45-85% шамасында ауытқып тұрады, әсіресе, мобильді жем тарату кезінде, жемді транспортпен әкелген кезде қақпалардың жиі ашылып –жабылуы салдарынан өтпе желдер байқалады. Жазда, ылғалдылығы жоғары жағдайда ауаның температурасы 35ºС және одан да жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ағзаның қарсылық күшінің төмендеуіне және жылдың сауық мезгілінде жұмысшылардың суық тиіп жиі ауыруына, миозиттерге, ал жылы мезгілінде ыстық өтуіне және т.б. мүмкіндік туғызады.
Мал шаруашылығы қора-жайларының ауасы жиі жануарлардың тіршілік өнімдерімен - аммиакпен, күкіртсутекпен, көмірқышқыл газымен, ұшқыш май қышқылдарымен ластанады, ал тиісті желдету жүйесі болмаған жағдайда олардың концентрациялары орнатылған нормативтерден бірнеше жоғары болуы мүмкін. Бұл қосылыстар киімге, адамның шашына, терісіне жеңіл сіңетін және ұзақ сақталатын болғандықтан, олар адамда жағымсыз иістер пайда болуына себепші болады. Зиянды газ тәрізді заттардың концентрациясының өсуі жоғары тыныс жолдарының, көздің, шырышты қабығының тітіркенуіне, бронхоспазм құбылысына, сілекей көп шығуына алып келеді, жүрек айнуына жәнебасы ауыруын қоздырады.
Ауа мен қоршаған нысандар шаңмен және әр түрлі шартты патогенді және патогенді бактериялармен, вирустармен, микроскопиялық саңырауқұлақтармен ластанады. Олармен ластайтын көздері сұйық тезек, ағынды сулар, жем, төсеніш, су, санитарлық киім, ыдыстар және т.б. Шаның құрамында 0,5-тен 8%-ға дейін бос күйіндегі кремнийдің қос тотығы бар топырақ элементтері, мал азықтық антибиотиктер мен малдың әр түрлі ауруларын емдеу және алдын алу үшін қолданылатын антибиотиктер, мал азықтық шөптердің егісін өңдеуге қолданылған улы химикаттар мен гербицидтер, микробиологиялық синтез өнімі болып табылатын малы азығының құрамдастары (ашытқылар, дәрумендік заттар, антиоксиданттар және т.б.) болуы мүмкін. Малшылар зооантропоноздарды: туберкулезді, сарыпты, сальмонеллезді, сібір жарасын, листериозды, лептоспирозды, аспергилезді, актиномикозды, кандидозды, токсоплазмозды, кокцидиозды, эхинококкозды, трансмиссивті инфекцияларды және басқаларын жұқтыру жөнінде қауіп-қатер тобына жатады.
Мал сауатын қондырғыларының мал азығын дайындауға және мөлшерлеуге арналған агрегаттардың, тракторларға жалғанған жылжымалы жем таратып беретін жабдықтардың жұмысы тұрақсыз сипаттағы рұқсат етілген деңгейлерден едәуір артық, жоғары жиілікті, шу шығарады. Жұмыс ауысымында 1 сағатқа дейінгі ұзаққа созылмайтын шу, жануарлардың айқайынан шығады, бірақ ол өзінің психо-эмоционалдық әсері бойынша өте жағымсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   297




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет