Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет269/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)

Минималды мәнді меншікті белсенділік (МММБ) – сәулеленудің көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органдарының рұқсатын қажет етпейтін, бөлмедегі немесе жұмыс орнындағы иондаушы сәулеленудің ашық көзінің белгілінген меншікті белсенділігі. МММБ-ден артық болған кезде және осы жағдайда минималды мәнді белсенділігі де артық болса, сәулеленудің бұл көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органдарынан рұқсат алуды қажет етеді.
Меншікті (көлемдік) белсенділік – заттағы радионуклид белсенділігінің (А) заттың массасына m (көлеміне V) қатынасы:
Am= A/m;
АV= A/V
Меншікті белсенділіктің өлшем бірлігі – Бк/кг
Көлемдік белсенділіктің өлшем бірлігі – Бк/м3
Эквивалентті тепе-теңдік күйдегі көлемдік белсенділік (ЭТКБ) – жасырын энергиясының мәні, шынайы кездесетін, тепе-теңдік күйдегі емес қоспалардың энергиясының мәнімен бірдей, радонның қысқа өмір сүретін соңғы ыдырау өнімдерімен радиобелсенділік тепе-теңдіктегі радонның көлемдік белсенділігі. Бк/м3, Ku/ м3, Ku/л- мен өлшенеді
Сәулеленуге ұшырау (облучение) – иондағыш сәулеленудің адамға әсері.
Табиги сәулеленуге ұшырау - ИС табиги көздерінен шығатын сәулеленудің әсеріне ұшырау.
Техногенді сәулеленуге ұшыраупациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа, қалыпты жағдайларда да, және апатқа ұшыраған жағдайларда да, техногенді көздерінен сәулеленуге ұшырауы.
Қызметкер – сәулеленудің техногенді көздерімен жұмыс істейтін (А тобы) немесе жұмыс жағдайы бойынша сәулеленудің әсері бар жерде жұмыс істейтін (Б тобы) адамдар;
Халық – иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін, жұмыстан тыс кезіндегі қызметкерді қоса алғанда, барлық адамдар;
Доза – радиациялық гигиенада иондаушы сәулеленуді сандық бағалау үшін қолданылатын түсінік;
Экспозициялық доза – ауаның аз көлемінде фотондардың әсерінен түзілген барлық екіншілік электрондардың толық тежелеуі кезінде, ауада пайда болған бір белгідегі иондардың толық зарядының ауаның осы көлеміндегі массасына қатынасы.
Бұл ең ерте пайда болған доза туралы түсінік, 1928 ж. қолданылады. Еуропа елдірінде, 01.01.89 ж. бастап, бұл түсінікті радиаиялық гигиенада қолданудан бас тартты. ТМД елдерінде, 01.01.1990 ж. бастап осындай шешім қабылданған болатын, бірақ, мР, мкР мен градусталған аппараттарды қолданумен байланысты, бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді. Экспозициялық дозаның СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі - кулон/кг (Кл/кг), арнайы өлшем бірлігі – рентген (Р).
Сіңірілген доза (Д) – элементарлық көлемдегі, затқа иондаушы сәулеленуден берілген орташа энергия. Бұл іргелік дозиметрлік мөлшер. Басқа сөзбен айтқанда, бұл кез келген заттың масса бірлігіне сіңірілген энергия мөлшерінің өлшемі:
,
мұндағы, - затқа иондаушы сәулеленуден берілген орташа энергия,
dm – осы көлемдегі заттың массасы.
СИ жүйесінде сіңірілген доза джоуль/кг -мен өлшенеді. Оның арнайы аты – грей (Гр). Бұрын қолданынған өлшім бірлігі – рад. 1 рад = 100 эрг/г. Иондаушы сәулеленудің көрсетілген дозалаларының өлшем бірліктері арасында келесі арақатынастыр қолданылады:
1Гр=1Дж/кг; 1Гр=100рад; 1рад=1Р=1бэр
Мүшедегі немесе тіндегі доза (DT ) - адам денесінің белгілі бір мүшесіне немесе тініне орташа сіңірілген доза.
Эквиваленттік доза (HTR ) – берілген сәулелену түрі үшін тиісті өлшем коэффициентіне көбейтілген мүшедегі немесе тіндегі сіңірілген доза. Бұл кез келген иондаушы сәулеленудің биологиялық эффектісінің өлшемі және биологиялық эффектісін бағалауға ыңғайлы болуы үшін әдейі арнап енгізілген доза. Биологиялық эффектісі барлық уақытта бірдей доза мөлшеріне байланысты болмайды, ал көбінде сапасына (сәулеленудің түріне) байланысты болады.
HT.R = DT * WR,
Мұндағы, DT – мүшедегі немесе тіндегі Т орташа сіңірілген доза,
WR – сәулелену R үшін өлшем коэффициенті.
Өлшем коэффициенттері әр түрлі сәулеленудің әр түрлі түрлерінің әсер етуі кезінде эквивалентті доза осы сәулелену түрлеріне арналған эквивалентті дозалардың қосындылары ретінде анықталады..

Эквивалентті дозаның СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі Дж/кг, арнайы – аты – зиверт (Зв). Бұрын бэр (радтың биологиялық эквиваленті) деп аталатын өлшем бірлігі қолданылған.
Эффективті доза (Е) –адамның бүкіл денесі және оның жеке мүшелері сәулеленуге ұшырағаннан соң, олардың радиосезімталдығын ескергенде, әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі саладарының пайда болу қауіп-қатерлік өлшем ретінде қолданылатын мөлшер.
Эффективті доза мүшедегі эквивалентті дозаны берілген мүшеге немесе тінге тиісті өлшем коэффициенттіне көбейтіндісінің қосындылары болып табылады.
,
Мұндағы, Нт - мүшедегі немесе тіндегі Т эквивалентті доза;
WT – мүшеге немесе тінге Т арналған өлшем коэффициенті.
Эффективті дозаның өлшем бірлігі – зиверт (Зв).
Ішкі сәулеленудің әсеріне ұшырау кезіндегі күтілетін эквивалентті немесе эффективті доза – белсенді заттардың ағзаға түсуінен кейінгі τ уақыт ішіндегі доза τ анықталмағанда, онда, оны үлкен адамдар үшін 50 жылға, балалар үшін – 70 жасқа тең деп алу керек.
Жылдық эффективті (эквивалентті) доза – календарлық жыл ішінде сыртқы сәулеленуден алған эффективті (эквивалентті) дозамен сол жыл ішінде радионуклидтің ағзаға түсуімен байланысты ішкі сәулеленуге ұшырауынан күтілген эффективті (эквивалентті) дозаның қосындысы.
Жылдық эффективті (эквивалентті) дозаның өлшем бірлігі – зиверт (Зв).
Ұжымдық эффективті доза - сәулеленудің адамдар тобына толық әсерін анықтайтын мөлшер.
Доза қуаты – уақыт аралығында дозаның (сіңірілген, эквивалентті, эффективті) өсуінің сол уақыт аралығына қатынасы.
Доза шегі (ДШ) – қалыпты жұмыс жағдайында орнатылған шегінен аспауы тиіс техногенді сәулеленудің жылдық эффективті немесе эквивалентті дозасының мөлшері. Жылдық доза шегінен асырмау сәулеленудің детерминделген эффектілерін болдырмайды, ал стохастикалық эффектілердің туындау ықтималдығы қолайлы деңгейде сақталады.
Жылдық түсу шегі (ЖТШ ) – берілген радионуклидтің, бір жыл ішінде ағзаға түсуінің рұқсат етілген деңгейі, бұл деңгей монофакторлық әсері кезінде шартты түрдегі адамның берілген радионуклидке тиісті жылдық доза шегіне тең күтілетін дозада сәулеленуге ұшырауына әкеледі.
Кірісу деңгейі (КД) - бұл радиациялық фактордың деңгейі, одан асқан кезде белгілі бір қорғану шаралары жүргізілуі керек.
Бақылаудағы деңгейі – қол жеткізген радиациялық қауіпсіздік деңгейінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметкердің және халықтың сәулеленуге ұшырауын, қоршаған ортаның белсенді ластануын әрі қарай төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында жылдам радиациялық бақылау үшін орнатылатын дозаның, доза қуатының, белсенді ластанудың бақылауда болатын мөлшерінің мәні.
Радиоулылық әсері – ағзаға түскен кезде, үлкен немесе кіші патологиялық өзгерістер тудыратын белсенді изотоптардың қасиеті;
Изотоптың жартылай ыдырау кезеңі (Тф) – бұл, берілген радиобелсенді изотоптың барлық атомдарының жартысы ыдырауға түсетін уақыты. –
Жартылай шығу кезеңі (Тб) - бұл енгізілген радиобелсенді заттың жартысы ағзадан шығатын уақыты.
Эффективті кезең (Тэфф) – ағзадағы изотоптың белсенсенділігі екі есеге азаятын уақыт.

Түрлі белсенді изотоптардың эффективті кезеңі өте әр түрлілігімен ерекшеленеді: бірнеше сағаттан (мысалы, 24Na, 64Cu үшін) және күннен (131I, 32Р, 35S үшін), ондаған жылдарға дейін (226Ra, 90Sr үшін). Әрине, изотоптың эффективті кезеңі қаншалықты көп болса, соншалықты оның радиоулылық әсері де жоғары болады, себебі бұлармен бірдей жағдайларда Тэфф ұлғайғанда, жиынтық доза да өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   297




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет