Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет19/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

VІ-ІХ ғасырларда түркілер керуен жолдары бойындағы құдықтарға күмбез түрінде «сардоба» салды. Тастан киіз үй тәрізді салынған «дың» ескерткіштері де осы кезеңге жатады.
Түркілер адам бейнеленген балбал тастар орнатқан. Мүсіндер үшін 3 м шамасындағы тастар таңдалып алынып, оларға бедер-бейне салынды. «Балбалдар» негізінен ер адамды бейнеледі, ара-тұра әйел бейнелері де кездеседі.
Мүсіндер қабірлерге және ғибадат өткізілетін жерге тұрғызылды. Қабірге тас мүсін орнатудың түркілік ғұрпы марқұмның еш уақытта ұмытылмайтынын дәлелдейді. Түркілер аруақтарға өздерінің қорғаушылары ретінде сенді



Ислам дінінің таралуына байланысты адамды бейнелеу дәстүрі жойылды. Ислам біршама кейінірек енген өңірлерде, Дешті Қыпшақта ХІІ-ХІІІ ғасырларга дейін балбалдар орнатылып келді.



§ 8. Қала мәдениетінің қалыптасуы (VI-IX ғасырлар)


Қала мәдениеті. Түркілер табиғат жағдайлары көшпелі өмірге қолайлы жайылымдық жерлерден басқа да аумақтарда қала және ауыл тұрғындары ретінде өмір сүрді.
Ерте орта ғасырларда қала мәдениеті Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтарында дамыды. Оңтүстік Қазақстанда ортағасырлық қала мәдениеті ежелгі қаңлылар дәстүрінде қалыптасты. Осы аумақта қала мәдениетін өркендетуде соғдылар маңызды рөл атқарды.
VІ-ІХ ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда түркі-соғдылық аталған мәдени кешен пайда болды.



Қалалардың негізгі халқын түркілер құрады. Бұған қалалардың түркілік атаулары дәлел бола алады. Ең ірі Тараз «әйгілі түркі қаласы» ретінде атап көрсетілді.

Жетісуда қалалар жергілікті негізде ірге көтерді. Олардың тұрғындары отырықшылыққа көшкен түркі тайпалары болды.


Қалалардың қалыптасуы бірнеше кезеңнен өтті. Қыстаулар мен көктемгі жайылымдарда халықтың бір бөлігін қалдырылды. Олар мұнда дәнді дақылдар өсірді, осы жерлерге қолөнершілер қоныстана бастады, көпестер тоқтады. Олар негізінен мал айдайтын жолдың бойына шоғырланды.
Билеушілердің ордалары тіршілік көзіне қолайлы жерлерде - өзен алқаптары мен сауда жолдарында орналасты. Кейін олар да әкімшілік билік, қолөнер мен сауда орталығына, қалаларға айналды.
Түрік қағандары қала салуға мүдделі болды. Себебі қала малшылар мен диқаншылар арасындағы айырбас жасаудың орталығы еді. Қала қоғамның ішкі байланысы мен тұтастығын сақтайтын маңызды орын саналды.



Ортағасырлық қала үш бөліктен тұрды: цитадель, шахристан және рабад. Қаланың орталық бөлігі цитадель - ішкі бекіністе қала билеушісінің ордасы орналасты. Цитадельде қуатты қорғаныс жүйесі, салтанатты дәліздер, сақтау қоймалары болды. Цитадельдің сыртын шахристан қоршап тұрды. Мұнда қала ақсүйектері қоныстанды. Шахристанмен іргелес рабад (қолөнер-сауда орны) орналасты. Онда қаланың негізгі халқы өмір сүрді. Мұнда шеберханалар мен мекенжайлар салынды. Рабад та қорғанмен қоршалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет