Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


адамға дейін сыйған қағанның киіз үйі Византия императорының елшісі Менандрды



бет18/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
900 адамға дейін сыйған қағанның киіз үйі Византия императорының елшісі Менандрды қатты таңғалдырған. Ол алтын тақты және «жібек жамылғылы» киіз үй туралы жазады. Қағанның алтын тағы мен алтын тауыс (павлин) қонақтаған киіз үйді суреттейді. Бұл сән-салтанат бізге жеткен жоқ. Ағаш пен тері шіріп кетті, алтын мен күміс қайта құйылды. Алайда құнды жазба деректер ғасырлар бойы түркілердің бай және қайталанбас мәдениеті болғандығы туралы құнды мәліметтер қалдырды.



Аңшылық. Мал шаруашылығынан кейін аңшылық маңызды рөл атқарды. Қаумалап аң аулау арнайы дағдыны талап етті. Мұның өзі әскери ұрыстарға дайындық іспетті еді. Ортағасырлық авторлар ұлан-ғайыр даладағы түрлі аңдар жайлы, көшпелілердің оларды аулағанын айтады.
Аңшылар аңға атпен шығатын. Сондай-ақ қыран құс, тазымен аң аулау әдістері қолданылды. Қыран құстардан: бүркіт, қаршыға, сұңқар, лашын мен ителгі т.б. пайдаланылды. Бұл құстар еуропалық елшілерді иесінің қолына қайта келіп қонуымен таңғалдырды. Алайда түркілерде аңшылық мал шаруашылығына демеушілік сипатта ғана еді.



Аң аулаудың түркілер өміріндегі рөлі:

  • азық пен терісі үшін аулау;

  • әскери жаттығу (із кесу, барлау, қаумалау).

Бірлесіп аң аулау көшпелі қоғамдағы ауылдар мен рулар арасындағы байланысты нығайтты.


Егіншілік. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу ежелден отырықшы-егіншілік мәдениеті дамыған өңір еді. Шу және Талас алқабында, Алатау аңғарында тұрғындар егіншілікпен айналысты. Мұнда егіншіліктің суармалы түрі дамыды. Каналдар мен арықтардан басқа суқоймалары салынды. Көне арықтар Іле өзенінің төменгі ағысында сақталды. Сонымен бірге өзен суын көтеруге арналған бөгет орындарының қалдықтары табылды.
Тары мен бидай егілді, жүзім, бау-бақша өсіру дамыды. Шу алқабында болған Қытай елшісі өз жазбаларында: «Қалаларда халықтың бір бөлігі жер өңдейді, ал екіншісі саудамен айналысады» деп атап өткен. Қарлұқ тайпаларын сипаттаған әл-Идриси: «Көшпелі адамдар... Алайда олар жер өңдейді», - деп жазды.
Талас пен Шу өңіріне соғдылардың қоныс аударуы және түркі тілдес бірқатар көшпелілердің отырықшылыққа көшуі егіншіліктің дамуын жеделдетті.
Қолөнердің дамуы. Қазақстанның ерте ортағасырлық қалаларындағы қолөнердің дамуы археологиялық қазбалар арқылы белгілі. Олар: қыштан, металдан, сүйек пен тастан жасалған бұйымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет