Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет26/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

VII-VIII ғасырларға қарай Тараз, Мерке қалаларында христиан діни орындары салынды. Несториандық христиан ілімі көшпелілердің өмір сүру салтына сәйкес келді. Мәселен, несториан тақуалығы (аскетизм).



Түркілер қоғамындағы дінге еріктілік, діндердің қандай бір бәсекелестігіне жол берілмеді. Будда, манихей, несториан діндері түркі ортасына енгенімен, бұл діндердің ешқайсысы түркі мәдениетінде жетекші рөл атқармады және тәңіршілдікті ығыстыра алған жоқ.



ҮШІНШІ ТАРАУ


Х ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫ – ХІІІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН


§ 11. Қарахан мемлекеті (912-1212 жылдар)


Қарахан мемлекетінің құрылуы мен жер аумағы. Қарахан мемлекеті жайлы деректер араб және парсы авторларының еңбектерінде көптеп кездеседі. Онда қарлұқтар арасынан түркі тайпаларына билік еткен «қағандардың қағаны» шыққанын айтады.



Қарахан әулетінің шығу тегі Қашғарияда өмір сүрген қарлұқтармен байланысты. 940 жылы Қашғарияның қарлұқ тайпалары Баласағұнды басып алып, Сатұқ Боғра хан басқарған жаңа әулеттің негізін қалады. Осылайша, ғылымда Қарахан мемлекеті аталған жаңа Түркі империясы құрылды. Болжам бойынша Қарахан әулеті атауы осы билеуші ұрпақтың арғы атасы Қараханнан шыққан.



999 жылы қарахандықтар Орта Азиядағы Самани мемлекетін талқандады. Өз билігін Әмударияға дейін жүргізді. Бұл өзен Қарахан мемлекеті мен Газнауилер арасындағы шегара болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет