Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет24/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Білге қаған мен Күлтегін құрметіне арналған жазулар шешендік өнер мен саяси прозаның тамаша үлгілері саналады.

Көптеген көркем бейнелер, қанатты сөздер, айшықты теңеулер қазіргі қазақ тілінде де кездеседі. Бұл жазулар қағанаттың тарихын зерттеуде аса құнды дереккөздері саналады. Ағашқа оймыш (ксилография) әдісімен басып жазу да түркілердің жетістігі болып табылады. Ксилографияның шығу тегі мөрден басталады. Түркі тілінде бұл әдіс алғаш рет VII ғасырдың бас кезінде қолданылған.


Ғалым С.Е. Малов өзінің «Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегінде: «Шығыс Түркістанда қағаз өндіру, Қытайдағыдай сол кезеңде басталған» деп атап өтеді.
Рунатанудың (рунология) ғылым ретіндегі екі ғасырлық тарихында еуропалық руна ескерткіштерінің бірде-бірі әлі күнге дейін оқылған жоқ. Ал сол кезеңдегі көне түркі мәтіндері қазіргі қолданыстағы сөздей жақсы оқылады.


§ 10. Көне түркілердің діни наным-сенімдері


Діндердің әралуандылығының себептері. Түркілер тауармен бірге діни наным-сенімдерді әкелген керуен жолдарымен тығыз байланыста болды.
Түркі дәуірінде Орталық Азия аумағында әлемдік діндер қатар өмір сүріп, бір-біріне ықпал етті. Бұл аталған аймақтың өзіндік мәдени орталыққа айналуына мүмкіндік жасады.
VІ-ІХ ғасырларда құрылған барлық түркі мемлекеттері түрлі діндерді таратудың кеңістігіне айналды. Оған мыналар куә бола алады: 1) жазба ескерткіштер мен құжаттар (түркі, грек, соғды т.б.); 2) діни белгілері бар материалдық мәдениет заттары (құлпытастар, теңгелер, қыш бұйымдар); 3) сәулет өнерінің ғимараттары (ғибадатханалар, қорымдар); 4) діни мазмұндағы фольклорлық материалдар.
Тәңіршілдік. Түркі дәуірін зерттеушілер түркілердің жаңа дінді қабылдай отырып, дәстүрлі наным-сенімінің көп бөлігін сақтағанын атап өтеді. Түркілердің наным-сенімі тәңіршілдік болатын. Дін тарихын зерттеуші француз ғалымы Жан Поль Рудың пікірінше, көне түркілердің арғы ата-бабалары Көк тәңіріне табынған. Қытай тарихшылары Тәңірге табынудың пайда болуын б.з.б. III ғасырға жатқызады.



Түркілердің түсінігі бойынша әлемді жаратқан және барлық дүниенің тағдырына иелік ететін Көк тәңірі.

Түркілерде Тәңірмен бірге отбасы және балалардың қамқоршысы Ұмай ана саналды. Тәңірі және Жер-Сумен бірге түркілер сиынатын құдайларының қатарына Ұмай ана да енді. Бұл Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіштен анық байқалады. Онда сәтті жорықтардың бірін сипаттаған кезде: «Көк тәңірі, Ұмай Ана, қасиетті Жер-Су, міне, осылар бізге жеңіс сыйлады!» - деп жазылған.


Тәңіршілдікте ата-баба рухына (аруаққа) табынуға зор мән берілді. Қазақтарда аруаққа табыну әлі күнге дейін маңызын сақтап келеді. Оның терең философиялық және рухани-адамгершілік мәні бар. Осы ғұрып арқылы жас ұрпақ ата-бабаны құрмет тұту, өз халқының тарихын сыйлай білуге тәрбиеленеді.
Қорқыт ата түркілерде халықты Тәңірмен жалғастырушы болып есептелді. Түркілер Қорқыт атаның ауруды емдеп, бақытсыздықтан сақтайтындығына, балаларды түрлі сырқаттардан қорғайтындығына сенді. Қорқыт атаның айтуынша, адам үшін ең жағымсыз қасиет - адамгершіліктің жоғалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет