Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi


Сымсыз байланыс арналарының түрлері



Pdf көрінісі
бет20/115
Дата30.03.2023
өлшемі8,16 Mb.
#173366
түріКнига
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115
Байланысты:
Тест С , 05e95264-f230-4bd0-8ad7-e4f7ced70d82-5, 05e95264-f230-4bd0-8ad7-e4f7ced70d82-3
Сымсыз байланыс арналарының түрлері: 
• радиобайланыс 100 м қашықтыққа таралады (жылдамдығы 
11–54 Мбит/с, сигнал бірден бірнеше жиілікте беріледі);
• қысқатолқынды (инфрақызыл сәулелену, жылдамдығы 
5–10 Мбит/с, кең жолақты және спутниктік байланыс);
• инфрақызыл лазерлер (100 Мбит/с, когерентті жарық сәулелері 
арқылы беріледі).
Артықшылығы:
кабельдердің қолданылмауы, ноутбукпен жұмыс 
істеудің қолайлылығы, байланыстың үлкен аумақты қамтуы.
Кемшілігі:
басқа радиожиіліктермен сәйкессіздігі, деректер ал- 
масуда ақпараттың сыртқы кедергілерден әлсіз қорғалғандығы.
Сымсыз желі
1-сурет. 
Сымсыз желіде 
жұмыс істейтін құрылғылар
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен байланысу тә-
сілі 
топология
деп аталады.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


28
Желілер топологиясы
Шина
желі топологиясы. Мұнда негізгі 
байланыс ретінде бір ғана кабель қолданылады. 
Осы кабельге жеке-жеке бірнеше компьютер 
жалғанады. Шина ретінде коаксиалды кабель-
дер қолданылады. Желінің құрылысы қара-
пайым, алайда мұндай желінің кемшілігі – 
шинаның бір жері үзілсе, компьютерлер өзара 
байланысын жоғалтады.
Сақина 
тәріздес желі топологиясы бір-
біріне тізбектеліп жалғанып, жабық шеңбер 
құрайтын бірнеше компьютерден тұрады. 
Желіде сигналдар бір бағытта беріледі. Ком-
пьютер көрші компьютерден алған сигнал-
ды күшейтіп, өзінен кейінгі компьютер-
ге жеткізеді. Орнатылуы өте қарапайым. 
Кемшілігі – желідегі компьютердің біреуі 
істен шықса, желі де жұмысын тоқтатады.
Жұлдыз 
желі топологиясы. Желіні бұлай 
ұйымдастыруда компьютерлер бір-біріне тіке-
лей жалғанбай, желілік бейімдеуішке (адаптер) 
жалғану арқылы байланысады. Желідегі бір 
компьютер істен шыққанмен, басқалары өзара 
байланысын жоғалтпайды. Желіні осылай жал-
ғау арзан әрі тиімді. «Жұлдыз» желі топология-
сы – бүгінде ең көп қолданылатын әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет