Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет30/110
Дата13.03.2023
өлшемі4,68 Mb.
#172057
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   110
Байланысты:
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

3.2.
 
АВТОМАТТЫ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ 
3.2.1.
 
Бақыланатын парамертлер
Жоғарыда көрсетілгендей, материалдардың, бұйымдардың және 
технологиялық процесс жабдықтарының күйі мен қасиетін 
сипаттайтын физикалық шамалар технологиялық праметрлер деп 
аталады. 


54 
Оларға бұрыштық және сызықтық жылжулар, жылдамдық, күш,
деңгей, шығын, ылғалдылық, температура, электрлік кедергі, соның 
ішінде бұрыштық, тоқ күші, магниттік индукция және т.б. жатады. 
Технологиялық процестің қалыпты өтуі үшін әрбір параметр белгілі 
бір мәнді иемденуі керек, ол 
номиналды
деп аталады. Әдетте, кейбір 
шектегі параметрлер мәнінің тербелісіне жол беріледі, ол кезде 
параметрдің наминалды мәнінің ауқымы туралы айтады (регламентті 
шекара). Мысалы, тез бұзылатын азық – түліктердің номиналды 
температурасының ауқымы 2 ...4 °С құрайды, ол тұрмыстық 
тоңазытқыштың шарттарына сай келеді. Тапсырма диапозонның тек 
бір шетімен берілуі мүмкін, мысалы, «температура 20°С артық емес» 
(бұдан төмен кез келген температураға рұқсат дегенді білдіреді)
Параметрдің номиналды диапозон мәндері шегінен шығуы, әдетте, 
қандай да бір теріс нәтижеге апармайды; жәй ғана ауытқуды жылдам 
жою шараларын қолдану керек. Мұндай жағдайда бақылау жүйесі 
операторды ауытқыған параметрді регламент шегіне қайтару үшін 
технологиялық процеске ықпал жасаудың қажеттілігі туралы ескертеді. 
Дегенмен, параметрлердің минималды және максималды мәндері 
де бар, оларға қол жеткен кезде технологиялық процестің қалыпты 
тәртібі бұзылады және қойылған мақсатқы қол жеткізу мүмкіндігіне 
қауіп төнеді, тіпті, апат қаупі туындауы да мүмкін. 
Бұл мәндер 
шекті
деп аталады. Шекті мәндердің артуына жол 
берілмейді және ол апаттық жағдай ретінде бағаланады. Оның пайда 
болуы кезінде бақылау жүйесі жарықтық және дыбыстық дабылды 
қосады, олар оператордың осы жағдайға араласуға және апатты 
нәтиженің алдын алуға бағытталған арнайы алгоритмді орындауға 
шақырады.
Мысал ретінде резервуардығы сұйықтық параметрлерін автоматты 
бақылау жүйесін қарастырамыз. Резервуарлардың биіктігі 10 м. 
құрайды делік, ал оларды толтыру деңгейі 8-9 м., ол қалыпты деп 
есептеледі. Онда «сұйықтық деңгейі» технологиялық параметрі 8ден 
9ға дейінгі номиналды диопазонға ие болады, ал шектік мәні – 10 м. 
Сұйықтық деңгейі 8 м. төмендесе немес 9 м. көтерілсе, сұйықтық 
деңгейі датчигі бақылау жүйесі үшін дабыл қалыптастырады және 
операторға сұйықтық деңгейін төмендету не көтеру туралы қажетті 
шара қолдану жайлы хабарлайды. Егерде сұйықтық деңгейі 10 м. 
жетсе, жүйе апат дабылын қосады. 


55 
Сұйықтық деңгейі ұқсас шама болғандықтын, ол кез келген бола 
алады, соған сәйкес «сұйықтық деңгейі» бақылау параметрінің мәні де 
кез келген бола алады (резервуар биіктігі шегінді). Сонымен бірге 
сұйықтық қысымы мен оның температурасы да кез келген бола алады. 
Сансыз көп мәндері бар параметрлер, жоғарыда айтылып кеткендей, 
ұқсас параметрлер деп аталады.
Бірақ бақыланбалы параметрлердің арасында бір не бірнеше мәні 
бар параметрлер де бар және олар жоғарыда көрсетілгендей, дискретті 
деп аталады. Мысалы, «қалпақша күйі» параметрі екі мәнді білдіруі 
мүмкін: «ашу» және «жабу»; «резервуар номері» параметрі тек 1ден 
10ға дейінгі тұтас мәнді иелене алады, ал «резервуардың толып кетуі»
параметрі тек «иә» немесе «жоқ» мәндеріне ие. Бұл ақпарат сәйкес 
дискретті датчиктерден түседі.. 
Сонымен, автоматты бақылау жүйесі төмендегілерді қамтамасыз 
етеді: 

технологиялық процестердің бақыланбалы дискреттік және ұқсас 
шамаларының мәні туралы ақпарат жинау; 

бұл ақпараттың параметрлердің наминалды мән диапазоны шегінен 
шығуы және параметрдің шектік мәнінен артуының сараптамасы; 

параметр мәндері жайлы ақпаратты ЭЕМ бетіндегі операторға 
немесе өзіне ыңғайлы түрде арнайы таблоға ұсыну (сызба, кесте, 
диаграмма және т.б. түрінде). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет