59
Технологиялық параметрлер туралы ақпарат датчиктерден келіп
түседі. Өндірісте қолданылатын көптеген датчиктер дабылдарды
электр кернеуі, тоқ, кедергі түрінде қалыптастырады,
сондықтан да
көпшілік бақылау жүйесіндегі техникалық құралдар нақ осы электр
дабылдарын өңдеуге арналған.
3.1.3
бөлімшесінде ұқсас және дискретті сигналдар арасындағы
айырмашылық қаралған. Бұл дабылдарда түрлі ақпараттар бар және
олардың өңделуі әртүрлі өтеді, сондықтан да
қандай да бір дабылды
өңдеу құралдарын жеке қарастырамыз.
Ұқсас дабылдарды өңдеудің техникадық құралдары.
Техникалық құралдарды бес топқа бөлуге болады, олар әрі қарай
датчиктен ЭЕМ-ге дейінгі жолда дабылдардың шығу ретімен берілген.
1.
Өтпелі құрылғы (ӨҚ). Олар датчиктен бақылау жүйесі
аспаптарына дабыл береді. Ережеге сәйкес,
датчиктер тікелей
технологиялық жабдықта орналасады, ал бақылау жүйесі, әдетте,
оператор қайда болса, сонда орналасады. Олар бақылау жүйесі
аппаратурасына датчиктерден дабыл береді. Екеуінің арасындағы ара
қашықтық жүз, тіпті, мың метрге жетуі мүмкін.
2.
Бұл қашықтыққа электр дабылдарын беру үшін ұстатқыш
қалыптармен, кабельді жалғағышпен
және басқа да ұқсас
элементтермен бірге арнайы байланыстырушы сымдар мен кабельдерді
жүргізеді және өтпелі кұрылғы тобын құрастырады.
3.
Дабылдарды қалыптандыру құрылғысы (ДҚҚ). Бұл құрылғылар
дабылдарды қалыпты жағдайға келтіру үшін қажет. Сымдар мен
кабельдерден жүздеген метр өткен электр дабылдары ішкі
электрмагниттік алаңдар мен байланыстырушы желілердің түрлі теріс
әсері кесірінен тозудан қашып құтыла алмайды. Қалыптандыру
құрылғысы дабылдарды тегістеу мен сүзгілеуді, деңгейді жылжытуды,
тоқты кернеуге түрлендіруді, желілендіруді және де олардың әрі қарай
өңделуін айтарлықтый ыңғайлы
ететін дабылдардың басқаша
түрленуін қамтамасыз етеді.
4.
Коммутаторлар
(К).
Бұл
электронды
немесе
электромеханикалық ауыстырып қосқыш ол түрлі датчиктерден
өлшегіш құрылғыларға және басқа да құрылғыларға кезек кезек дабыл
беруге мүмкіндік береді. Коммутаторлар датчиктер мөлшері көп
болған кезде де барлық параметрлердің жиынтық уақыты өте көп
болмас үшін жылдам жұмыс жасауы тиіс.
5.
Күшейткіштер (К). Датчикке түсетін
көптеген дабылдар өте
төмен деңгейдегі электр кернеуін білдіреді – вольттың жүз тіпті,
мыңдаған үлесі. Мұндай кішкентай кернеуді
60
3.2-
сурет. АБЖ ұқсас сигналдарын өңдеудің техникалық құралдарының
құрылымы: Д — датчик
өлшеу қиын, әсіресе, параметр мәнін үлкен нақтылықта білу қажет
болған жағдайда.
Жаңаша өлшеу құралдары кернеуді жоғары дәлдікте өлшеуді
қамтамасыз етеді, кернеуді - 0,1 В-дан
бірнеше вольтқа дейінгі
диапозонда, ал тоқты - 0,1 мА-дан бірнеше милиамперге дейін өлшей
алады. Айтарлықтай төмен деңгейдегі дабылдардың мәні осы
диапозонға жетуі үшін күшейтілуі тиіс. Бұл қызметті күшейтудің
қажетті коэффициенті бар әртүрлі типтегі күшейткіштер орындайды.
Әдетте, күшейткіштердің саны датчиктердің санынан анағұрлым аз
болады және датчиктен шығатын дабылдар күшейткішке коммутатор
арқылы кезек-кезек беріледі.
6.
Ұқсас-сандық түрлендіргіштер (ҰСТ).
ЭЕМ техникалық
құралдардың дабылдар өтетін тізбегінің соңғы нүктесі болып
табылады. Бірақ олар сандарға сүйенеді және ақпаратты тек сандық
түрде қабылдайды. Әдетте бұл нөлден және бірліктен тұратын
екітаңбалы сан, яғни, олар екітаңбалы сандық кодты білдіреді. ЭЕМ
датчиктердің ұқсас дабылдарын өңдей алуы үшін бұл дабылдар сандық
кодқа
айналуы керек, бұл процесті ұқсас-сандық түрлендіргіштер
атқарады.
ҰСТ, күшейткіш және коммутатор жұмысын синхрондау
дабылының көмегімен ЭЕМ жүзеге асырады.
АБЖ ұқсас дабылдарын өңдеудің техникалық құрылымы 3.2.
суретінде көрсетілген.