107
4.25-
сурет. Датчиктің төртсымды желіге қосылуы
Терморезисторлардың үлкен инерциялылығы (бірнеше минутқа
дейін) олардың жылдам ауысатын температураны өлшеуіне жол
бермейді.
Жартылайөткізгіш терморезисторлар жоғары сезімталдықты,
кішкентай габаритті өлшемге ие және абсолютті нөлге жақын(-270°С-
ден) температураны өлшеуге мүмкіндік береді. Олардың негізгі
кемшілігі — өзіндік кедергісінің өте үлкен диапазонынды түрлендіру
функциясының айтарлықтай сызықсыздығы (4.1-кесте), бұл өлшеуші
тізбектің құрылуын қиындатады. Сонымен, 269°С температурадағы
ТПК-620 терморезисторының кедергісі 10000 Омды құрайды, ал 20°С –
бар-жоғы 0,002 Ом.
Жартылайөткізгіш терморезисторлардың көпшілігінің жұмыс
диапазоны -50 ...+300 °С, онда олардың кедергісі жүздеген килоомнан
жүздеген омға дейін өзгереді. Конструктивті түрде олар қарапайым
кедергіге ұқсауы мүмкін, не болмаса, металл не шыны корпуқа
жабылуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: