100
Фоторезистор дегеніміз жарық әрекеті жартылай өткізгіш
кедергісінің төмендеуіне әкелуі нәтижесінде ол арқылы өтетін ток
артатын жартылай өткізгіш элемент.
Жарық энергиясы фотодиодта жартылай
өткізгіштің фотондармен
ионизациялануы және жиынтығы
р-л
аймағы өткелінде ЭҚЭ фотоның
пайда болуына алып келетін электрон-тесік жұбының пайда болуының
арқасында
электр
энергиясына
айналады.
Нәтижесінде
жарықтандырылған фотодиод тізбегінде негізінен күн батареяларын
жасауға қолданылатын ток пайда болады.
Фототранзисторде екінші р-л өткелінің арқасында фотодиодқа
қарағанда шығу тізбегінде ток айтарлықтай көбейеді. Яғни
фототранзистордың жарыққа сезімталдығы анағұрлым жоғары.
Оптикалық тетіктер ұқсас режимде де,
дискретті режимде де
электрлік сигналға орын ауыстыра алады. Бірінші жағдайда оптикалық
арна ені бірнеше миллиметр болады және күңгірт нысанның арна
аумағында орын ауыстыруы оның ішінара, үлкен немесе кіші
жабынына алып келеді. Сәулеленуді қабылдағыш жарықтандыруының
өзгеруіне сәйкес шығыс сигналы да өзгереді.
Жарықтандыру ағымын
жабу әдісі мысалы, киноүлдірге жазылған фильмнің ілеспе дыбысын
шығаруда қолданылады. Фотоқабылдағыштың жарықтандыруын
өзгерту сонымен қатар жарық ағымы
жолында салынған газ немесе
сұйықтық мөлдірлігін бақылау бақылау үшін де пайдаланылады.
Дискретті режим, мысалы, қалай жұміс істейтінін 4.18 сурет
түсіндіретін компьютер тімтуірінің оптикалық тетігінде қолданылады.
Тісті дөңгелектің бұрыштық орын ауыстыруы дөңгелектің тіс
қадамдарына сәйкес бұрышқа бұрылған әр кезінде оптикалық арнаны
қайта-қайта жабуына алып келеді. Сәулеленуді қабылдағышты
жарықтандырудың өзгеруі нәтижесінде оның шығуындағы ток немесе
кернеудің де мәні өзгереді. Тетіктің
шығу көлемі сәулеленуді
қабылдағыш тізбегіндегі импульстер саны орын ауыстыру көп болған
сайын көп болады және өзгерту кемшілігі аз болады. Бұл принципті
сызықты орын ауыстыруды өлшеуде де қолдануға болады. Ол үшін
тетік қозғалысын индуктивті тетікте істелетіндей, тісті сызықты бойлай
қамтамасыз ету жеткілікті (4.13 сурет).
Оптикалық тетіктер қарапайым, сенімді, көпке жарамды,
салмағы
мен көлемі, инерциалығы аз. Ұқсас режимде жұмыс істегендегі
олардың кемшілігі - температура өзгерісі нәтижесіне және қоршаған
орта жағдайына (шаңға, сыртқы жарықтандыруға т.с.с) әсері.
101
4.18. сурет. Компьютер тінтуірі тетігінің
жұмыс сызбасы:
1 —
жарықдиоды; 2 — оптикалық арна;
3 —
фотодиод; 4 — шарик; 5 — ағымды
үзуші
1
Достарыңызбен бөлісу: