оң қол ережесі
(сурет 6.5,
ә
) деп, ал екіншісін
бұранда ережесі
деп атай-
ды. Оң қол ережесі былайша оқылады:
Егер оң қолдың бармағын түзу өткізгіштегі токтың бағытымен
бағыттасақ, онда өткізгішті қапсыра ұстаған саусақтардың бағыты
оның төңірегіндегі магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын
көрсетеді
(сурет 6.5,
ә
).
Бұранда ережесі былайша оқылады:
Егер бұранданы түзу өткізгіштегі токтың бағытымен ілесе қоз-
ғалатындай етіп бұрасақ, онда бұранда сабының айналу бағыты өт-
кізгіштің төңірегіндегі магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын
көрсетеді.
5.
Тогы бар шарғының (соленоидтың) төңірегіндегі магнит өрісінің
күш сызықтарының қалай орналасатынын және қалай бағытталатынын
көрсетейік. Ол үшін тағы да тәжірибеге жүгінеміз. Сырты диэлектрикпен
қапталған металл өткізгішті шеттері тесілген органикалық шынының
тесіктерінен өткізіп, серіппе пішінді шарғы жасайық (сурет 6.6,
а
).
Шарғыны тұрақты ток көзіне қосайық та, пайда болған өрісті сынақ
магниттерімен зерттейік. Егер болат ұнтақтарын тақташаның бетіне
сепсек, олар негізінен үш жолақтың бойымен орналасады: екі жолақ
шарғының сыртымен, бір жолақ ішкі өзегімен өтеді. Болат ұнтақтарының
орналасу тәртібі тогы бар шарғының магнит өрісі оның сыртында да,
ішкі бөлігінде де пайда болатынын көрсетеді.
Тогы бар шарғының магнит өрісін (сурет 6.6,
ә
және 6.5,
б
) тұрақты
түзу магниттің өрістерімен (сурет 6.5,
в
) салыстырсақ, олардың ұқсас
екенін көреміз. Ендеше, тогы бар шарғы да түзу магниттің рөлін атқарады.
Сурет 6.6. Тогы бар шарғының магнит өрісі
а
)
ә
)
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
160
Достарыңызбен бөлісу: |