§33. 4. Электрмагниттің тарту күші мен оның өзегінің материалының арасын-
да қандай байланыстар бар? Бұл байланыстар қалай тұжырымдалады?
5. Электрмагниттер қандай салаларда қолданыс тапты?
6. Аса алып электрмагниттер қайда және қандай мақсаттарда қолда-
нылады?
№9 зертханалық жұмыс Электрмагнитті құрастыру және оның әрекетін зерделеу Жұмыстың мақсаты: электрмагниттің негізгі бөліктерімен танысу және
оны құрастырып жинау.
Аспаптар мен жабдықтар: ток көзі; реостат; кілт, жалғастырғыш сымдар,
магнит тілшесі, шарғы т.б. тетіктер мен сымдар.
Жұмыс барысы . 1. Ток көзі мен реостатты, шарғы мен кілтті тізбектеп
жалғаңдар.
2. Электр тізбегін тұйықтап, магнит тілшесінің көмегімен шарғыдағы маг-
нит өрісінің полюстерін анықтаңдар.
3. Магнит тілшесін тогы бар шарғының өрісін әлсіз сезінетін аралыққа,
яғни алыстау орналастырыңдар.
4. Шарғының ішіне темір өзекшесін енгізіңдер.
5. Электрмагниттің магнит тілшесіне жасаған әрекетін бақылаңдар.
6. Орын алған құбылыстарды қысқаша баяндап жазыңдар.