Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


  Фарадей тәжірибелерінен мынадай қорытындылар туындайды. Біріншіден



Pdf көрінісі
бет168/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   239
3. 
Фарадей тәжірибелерінен мынадай қорытындылар туындайды.
Біріншіден,
өткізгіш пен магнит салыстырмалы қозғалыс жасағанда 
ғана өткізгіште электр тогы пайда болады. 
Екіншіден,
өткізгіш пен магниттің салыстырмалы қозғалыстарында 
пайда болған токтың бағыты алма-кезек өзгеріп отырады. 
Үшіншіден,
салыстырмалы қозғалыстың жылдамдығына қарай 
шарғыда пайда болған ток күшінің шамасы әртүрлі болады.
Төртіншіден,
индукция тогы тек магнит өрісінің өзгерісі барысында 
ғана туындайды.
Бесіншіден,
пайда болған токтың бағыты да, шамасы да өзгеріп оты-
рады.
4.
 Магнит пен шарғының өзара салыстырмалы қозғалысы кезінде 
шарғыда пайда болған электр тогын 
индукциялық ток
 деп атайды.
Латынның «индукция» сөзі «әкелінген» деген мағына береді. Бұл 
ток шарғыда «индукцияланады», яғни магнит тарапынан шарғыға 
«әкелінеді». Индукциялық ток қазіргі өркениетті онсыз елестетуге бол-
майтын 
айнымалы ток
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет