Балқу
температурасы деп заттың балқыған кездегі тұрақты
температурасын айтады.
Балқу температурасы тек кристалл денелерге ғана тән. Ал аморф
денелердің нақты балқу температуралары болмайды. Оларға жылу бер-
ген кезде температурасы үздіксіз көтеріледі де, бірте-бірте жұмсарып ба-
рып сұйық күйге ауысады. Аморф денелердің мұндай қасиеттерін әртүрлі
формадағы бұйымдар жасау үшін қолданады. Мысалы,
шыныүрлегіштер
деп аталып кеткен көне кәсіпті меңгерген мамандардың қызметі әлі
күнге дейін жоғары бағаланады. Олар қоймалжың күйге келген аморф
затқа түтікшелерді батырып үрлейді де, қалаған формадағы бұйымдарын
шығарады (сурет 2.2).
5.
Балқу процесіне қарама-қарсы процесс
қатаю
құбылысын қыс-
қаша сипаттайық.
Достарыңызбен бөлісу: |