45
Бірінші тараудағы ең маңызды түйіндер
1. Жылулық қозғалыс
–
молекулалардың бейберекет ретсіз қоз-
ғалысы.
2. Диффузия
–
бір зат бөлшектерінің екінші заттың бөлшектерінің
араларына өтіп, бір-бірімен өзара араласуы.
3. Температура
–
заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық
шама.
4.
Цельсий және Кельвин шкалалары арасындағы байланыс фор-
муласы:
Т =
(
t
+ 273)K
немесе
t =
(
Т
– 273)
о
С
.
5. Ішкі энергия
– заттарды құрайтын барлық бөлшектердің кине-
тикалық энергиялары мен олардың өзара әрекеттесулерінің потен-
циалдық
энергияларының қосындысы
.
6. Жылу алмасу
–
температурасы жоғары денеден температурасы
төмен денеге энергияның берілу процесі.
7. Жылуөткізгіштік
– дене бөлшектерінің жылулық қозғалыстары
барысында өзара әрекеттесулері нәтижесінде энергияның дененің
қызған бөлігінен салқын бөлігіне қарай берілуі.
8. Конвекция
– сұйықтар мен газ қабаттарының ағыны арқылы
жылу энергиясының берілуі.
9. Сәулелік жылу алмасу
– энергияның бір денеден екінші денеге
электрмагниттік толқындар арқылы берілуі.
10. Жылу мөлшері
– жылу алмасу
процесінде туындайтын ішкі
энергия өзгерісінің өлшемі. Жылу мөлшері заттың
∆
t
температура
өзгерісіне,
m
массасына және
с
жылусыйымдылығына тура пропор-
ционал:
Q = с m
∆
t = с m
(
t
2
– t
1
)
.
11. Отынның меншікті жану жылуы
1 кг
отын толық жанғанда
одан бөлініп шығатын жылудың мөлшері немесе отын толық жанғанда
бөлініп шыққан жылудың бір өлшем массаға келетін мөлшері:
q = Q
m
.
12.
Отын толық жанғанда бөлініп шығатын
жылу мөлшері оның
m
массасы мен
q
меншікті жану жылуына тура пропорционал:
Q = q
⋅
m.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217