“Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі”
“Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті”
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ауылшаруашылық мекемесінің жер пайдалануын құру жобасының мазмұны, әдістемесі
Орындаған: Нурдан Нурай
Тобы: КД 21-12
Қабылдаған: Жантуева Ш.
Алматы, 2022 жыл
Мазмұны:
1. Жер пайдалануды құру
2. Жер пайдаланудың мөлшері
3. Жер иеленушілік талапқа сай болу принциптері
4. Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу.
1.Жер пайдалануды құру
Жер пайдалануды құру дегеніміз - жерге орналастыру жобасын құру арқылы ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын агро-құрылымға өндірісін жүргізу үшін территориялық жағдай жасау.
Жер пайдаланудың көлемі мен шаруашылықтың мөлшері - әр түрлі түсініктер.
Жайылымы үлкен қой шаруашылығының көп жері құнарсыз, соған байланысты шаруашылылықтың мөлшері кіші көлемі аз, бірақ жері аз жүзімдіктер мен жеміс жидекпен айналысатын шаруашылықтардың жалпы алатын өнімі жоғары.
2.Жер пайдаланудың мөлшері, орналасуы, компактілігі алынатын өнімнің тек қана көлеміне әсерін тигізіп қоймай, әртүрлі шығындардың көлеміне, өндірісті басқаруға әсерін тигізеді. Сондықтан жер пайдалануды құру – негізгі мәселелердің бірі. Ол экономикалық және экологиялық негізделген жобаны құру арқылы шешіледі.
Жер пайдалануды құру жобасыньң құрам бөліктері:
1. жер пайдаланудың мөлшерін анықтау
2. жер пайдалануды орналастыру және құру;
3. орталықтарын орналастыру (жаңа шаруашылық құрылғанда);
4.жер пайдаланудың шекараларын орналастыру;
5.жер пайдаланудың құрамындағы ауылшаруашылық алқаптардың түрлерін, аудандарын, өзара қатынастарын белгілеу;
6.террииторияларын ішкі шаруашылықтық орналастыру схемасын жасау.
Жобалау жүргізуде дайындық жұмыстарының материалдары, жобалауға тапсырма, аудан және облыстық жерге орналастыру схемасы және басқа жоба алды ұсыныстар қаралу керек.
Жобалау есептеулері бір-бірімен территориялық және экономикалық өзара тығыз байланысты шаруашылықтар немесе әкімшілік аудан шаруашылықтары бойынша бойынша жүргізіледі.
Жер пайдаланудың параметрлері және орналасуы олармен тығыз байланысты шаруашылық өндірісінің әрі қарай даму жолдарына, орналасуына, мамандығына сәйкес болулары керек және агроөндірістік кешеннің басқа элементтерімен тығыз байланыста шешілулері керек.
Жер пайдаланудың мөлшері шаруашылық өндірістік қуатына және мамандығына байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері тиімді болу керек.
Тиімді мөлшер дегеніміз – басқаруға ыңғайлы, өндірістің әр саласының жақсы дамуына қажеттілі алқаптардың құрамы және мөлшерлері.
Жер пайдаланудың мөлшеріне келесі факторлар әсерін тигізеді (кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше - кішірейтеді:
- мамандығы;
- өндірістіктің қарқындылық деңгейі;
- қолданылатын байланыс және транспорт түрлері;
- жолдардың жағдайы;
- ауыл шаруашылық алқаптарының құрамы, сапасы, контурларының жер бедері;
- жер массивтерінің конфигурациясы;
- елді мекендердің орналасуы;
- сумен қамтамасыздығы.
Жер пайдалануды орналастыру
Жер пайдаланулардың әрқайсысын орналастырғанда:
1. территорияның жағдайы және қалыптасқан ұйымдастырылуы есепке алынады.
2. бұрынғы енгізілген капиталды неғұрлым толық пайдалануға тырысу кажет;
3. өндіріс орталықтарының ыңғайлы орналасуы;
4. компакті массив ретінде;
5. тегіс жерлерде квадратка немесе тікбұрышты төртбұрышқа ұқсас жасау;
6. бірнеше учаскеден тұрганда - олар бір-біріне жақын, байланысы ыңғайлы болуы керек.
7. әрі қарай территорияны үйлестіруге ыңғайлы.
3. Жер иеленушілік талапқа сай болу үшін бip қатар принциптерді нұсқау ету қажет:
1) Жеке жер иеленушіліктердің орналасуы ауыл шаруашылығының әлеуметтік- экономикалық мүдделіктеріне, басқа осы территорияда орналасқан жер иеленушіліктердің мүдделеріне де өзара сәйкесті болуға тиісті;
2) Жер иеленушіліктің ауданы, біріншіден, шаруашылык өндірістің көлеміне, мамандандырылғандығына, екіншіден, аймақтық табиғи ерекшеліктерге сай болуға қажетті;
3) Жер иеленушіліктің құрамына жердің ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін жер шаруашылыктың мамандандырылғандғына сай алаптардың аудандары мен түрлерін енгізу керек;
4) Жер иеленушіліктің кескін үйлесімі (конфигурациясы) әртұтас және өндіріс пен территорияны ұйымдастыруға ыңғайлы болуға тиісті;
5) Жер иеленуіліктің территориясындағы шаруашылық орталықтардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, олардың өзара және алаптар мен сырттағы өндірістік орталықтарымен транспорттық байланыстарын қолайлыландыру қажетті.
Ауылшаруашылық жер иеленуіліктерге қандай өзгерістер болса да осы принциптердің негізінде енгізілуге тиісті.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары жер пайдалануын құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу.
1. Жобаларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеудің мазмұны;
2. Жобаның тиімділігі туралы ұғым және оның көрсеткіштері.
Жобаны экономикалық тұрғыдан негіздеу әрбір жер иеленушілік бойынша жобамен бipre жасалады. Бұл жөніндегі есептер екі мерзімге жасалады:
а) жобаны жасағанға дейін;
ә) жоба бойынша.
Жобаны дәлелдеудің мазмұны :
1) жобалық жерге орналастыру есептері;
2) жобаны ұйымдастыру шаруашылық тұрғыдан негіздеу;
3) варианттарды салыстыру (жобаның ең қолайлы нұскасын таңдап алу).
4.Жобалық варианттар мен шешімдерді бағалау және экономикалық тұрғыдан негіздеу жобаның ең күрделі және көлемді құрам бөлшегі болып саналады. Бұл тапсырма бip қатар жұмыстарды қамтиды.
1)Варианттар бойынша күрделі қаржылардың көлемін есептеу. Соның ішінде тұрғын үй кұрылысының, мал қоралары мен кешендерді қосалқы өндірістік орталықтар мен секторлардың (машина-транспорттық, кұрылыс, қойма т.б.), елді мекендер арасындағы коммуникациялар мен территорияны инженерлік жағынан жабдықтаудың кұндарын анықтау.
2) Әрбір вариант бойынша жыл сайынғы шығындардың көлемін белгілеу. Бұнда транспорттық және эксплуатацияльқ (пайдалану) шығындарды, аммортизацияльқ жарна мен әкімшілік аппаратқа жұмсалған каржыларды есептеу кіреді.
3) Келтірілген шығындардың көлемін анықтау, яғни бip жылдық мерзімге келтірлген күрделі каржылар мен жыл сайынғы шығындардың қосындысын табу.
4) Күрделі қаржылардың қайтарылу мерзімін есептеу, яғни неше жылдың ішінде жұмсалған каржылардың орны толатынын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |